Можаритарлық жүйе – сайлау нəтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік
дауыс алуы.
Макиавеллизм – алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі
болмасын пайдалану тəсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н.
Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға
жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес береді.
Мандат – 1) біреудің уəкілдігін куəландыратын құжат (мысалы, депутаттық
мандат); 2) қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.
Мəміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға
келуі.
Мəртебе – азаматтың, мемлекет органының, халықаралық ұйымның жəне т.с.с.
құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.
Мемлекет – белгілі аумақ шеңберінде адамдардың, əлеуметтік топтар, таптар мен
бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның
саяси жүйесінің негізгі элементті. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол
бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі
адамдардың бəрі де сыйлайды жəне орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз
көндіруге қақысы бар.