асырылуы тиіс. М. Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті: 1) əдеп-ғұрып легитимдігі; 2)
харизматикалық легитимдік; 3) ақыл-парасат, құқық легитимдігі.
Либерализм
– 1) жеке адамның саяси жəне экономикалық құқықтарын мақұлдап,
мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар
елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар.
Олар нарықтық
экономиканы, еркін бəсекелестікті, халықтың əлеуметтік қамтамасыз етілуін,
халықаралық қауіпсіздікті жəне т.б. жақтайды.
Лобби
– белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын
шешімдерге ықпал ету
мақсатында əрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады.
Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің
табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне
керекті өзгерістер жасауға
жəне т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі əдіс-тəсілді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: