мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық
дəрежеде танылғантережелерге сай құқықтары сақталады.
Анархизм
– жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған əлеуметтік-
саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін оргондарды
азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді.
Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда
утопистердің, жаңа дəуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М. Штирнер, П.Прудон), орыс
жəне халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М. Бакунин, П.
Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси өмірде əсері
шамалы.
Анархия
– 1) мемлекеттік биліксіз əр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар
арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде
тəртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аристократия
– 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдікткрге ие
ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер əулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі.
Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.
Достарыңызбен бөлісу: