Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет5/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 5. Тақырып атауы: Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Дәріс мақсаты: Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнай көмек жүйесімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Баланың танымдық қызметінің дамуында сөйлеудің дамымауы қалай әсер етеді?

  2. Сөйлеу бұзылыстарының қандай жіктемесі бойынша логопедтік топтар және 5 түрлі арнайы мектеп класстары қалыптастырылады?

  3. Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзетушілік-педагогикалық жұмыстар үрдісінде қандай тапсырмалар шешімін табуы қажет?

  4. 5 түрлі мектептердің бірінші және екінші мекемелерінде білім беру бағдарламалары қалай дифференцирленеді?

Логопедия пәні, мақсаттары және тапсырмалары. «Логопедия» түсінігі. Сөйлеу бұзылыстарының екі негізгі жіктемесі:



  1. Клинико-педагогикалық.

  2. Психологиялық-педагогикалық.

Жіктемелер арасында қарама-қайшылық жоқ, олар бірін-бірі толықтырып тұрады. Түсініктер: сөйлеу бұзылыстары, дислалаия, дизартрия, ринолалия, афазия, алалия, сөйлеудің жалпы дамымауы, фонетико-фонематикалық шала даму.
Сөйлеу бұзылыстары бар балаларда жүргізілетін түзетушілік-тәрбиелік жұмыстардың негізгі бағыттары.
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар категориялары құрамы бойынша полиморфты және көп кездеседі. Сөйлеу бұзылыстары әрқилы этиология мен патогенезге ие, ақау құрылымында біріншілік те, екіншілік те бұзылыстар кездесуі мүмкін.
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар категориясына сөйлеудің танымдық және коммуникативті қызметтерінің бұзылыстарына әкелетін әртүрлі айқындылықтағы психофизикалық ауытқулары бар балалар кіреді.
Г.В. Чиркин балалар мен жеткіншектердегі сөйлеу бұзылыстарын әртүрлі аспектілерде қарастырады:
— сөйлеу қызметінің (сенсомоторлы деңгей; білім мен мәнділік деңгейі) психофизикалық ұйымдастырылуы және зақымның орналасу аспектінде. Осы негізде сөйлеу ақауларының айқындалу деңгейі көрінеді;
— этиопатогенез аспектінде сөйлеу бұзылыстарының өзіне тән симптомокомплекстары және органикалық, функционалды себептері айқындалады.
Қазіргі уақытта осындай қатынас клинико-педагогикалық жіктемеде көрініс береді.
Ауызша сөйлеу бұзылыстары
Сөзді дыбыстық өңдеудің бұзылыстары:

  • брадилалия — сөз темпінің патологиялық баяулауы,

тахилалия сөз темпінің патологиялық жылдамдауы,

  • тұтығу сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің қалтырауымен негізделген сөзді қалыптастырудың темптік-ритмдік бұзылыстары,

  • дислалия қалыпты есту қабілетінде және сөйлеу аппаратының нервтенуінің сақталуында сөйлеу бұзылыстары,

  • ринолалия — сөйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық ақауларымен негізделген дауыс тембрі мен дыбыс шығару бұзылыстары,

  • дизартрия сөйлеу аппаратының жеткіліксіз жүйкеленуіне негізделген сөйлеу бұзылыстары.

Сөйлеудің құрылымдық-семантикалық өңделуінің бұзылыстары:
алалия — ми қыртысындағы сөйлеу аймақтарының органикалық зақымдалуы нәтижесіндегі сөйлеудің толық дамымауы немесе болмауы,
афазия — бас миының жергілікті зақымдалуымен негізделген сөз қалыптастырудың толық немесе жартылай болмауы.


Жазу бұзылыстары

  • дислексия (алексия) — оқу үрдісінің жартылай (толық) бұзылыстары,

  • дисграфия (аграфия) — жазу үрдістерінің арнайы жартылай (толық) бұзылыстары.

Психологиялық-педагогикалық жіктеме лингвистикалық және психологиялық критерилер негізінде құрылады.
Қарым-қатынастың тілдік құралдарының бұзылыстары:

  • сойлеудің фонетико-фонематикалық шала дамуы, яғни балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесін қалыптастыру үрдістерінің бұзылыстары;

  • Сөйлеудің жалпы шала дамуы (ОНР1—4-ші дәрежелі), дыбыстық және мәндік компоненттер ақауларымен жүретін күрделі сөйлеу бұзылыстарын қамтиды.

Қарым-қатынастың тілдік құрылымдарын қолдану бұзылыстары
(коммуникативті аспект);
— тұтығу, сөйлеу негативизімінің көрінуі және т.б.
Жоғарыда көрсетілген балалар категорияларымен жұмыс жасайтын мамандар қызмет барысында ол балалардың ОЖЖ-нің ерекше жағдайын және психологиялық ерекшеліктерін ескерулері қажет.
Көптеген балалар ОЖЖ-нің жеңіл органикалық жетіспеушіліктерінде тітіркенгіштікпен, эмоционалды тұрақсыздықпен, көңіл-күй бұзылыстарымен, жоғары қозғыштықпен, қозғалыстық тежелумен сипатталады. ОЖЖ-нің органикалық жетіспеушілігі нәтижесінде олар тез шаршайды, ыстықты, тыңшудығ көлікпен жүруді, алтыбақанда ұзақ тербелуді нашар көтереді.
Балалардың көпшілігінде шағын маторика; жылдамдық, күш тәрізді қимылдық сапалар нашар жетілген.
Балаларда сөйлеудің коммуникативті, когнитивті, реттеушілік қызметтері толық қалыптаспайды, тілдік жүйенің әртүрлі құрылымдарын меңгеру үрдісі қиындайды. Сондай-ақ, когнитивті әрекет толымсыздығы анықталады: есту және көру жадының, көру-кеңістіктік қызметтерінің жеткіліксіздігі, сөздік нұсқауларды түсіну деңгейінің төмендігі, жалпылама түсініктерді меңгеру қиындығы. Жиі зейіннің тұрақсыздығы, еңбекқабілеттілігінің, танымдық және сөздік белсенділіктің төмендеуі анықталады.
Өзін-өзі ұстау және әрекеттенуді қалыптастыру темпінің баяулауы.
Сонымен қатар, интеллекті сақталған балаларда, оқу қабілеттіліктері жоғары, егер сөйлеу бұзылыстары жеңіл сипатта болса, уақытында жүргізіле бастаған логопедиялық түзетулер арқылы баланы жалпы мектепте оқытуға дайындауға болады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға логопедиялық көмекті ұйымдастыру
Сөйлеу бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалар түзетушілік-педагогикалық көмекті келесі арнайы мекемелерде ала алады:


  • Ясли – сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған бала бақша,

  • Компенсирленген түрдегң сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған бала бақша (осындай мекемедегі барлық топтар-логопедиялық),

  • Жалпы типтегі бала бақшалардағы сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған топтар (аралас түрде),

  • Мемлекеттік білім беретін мекемелер «Мектеп-бала бақша» сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған,

• Жалпы дамытушылық түрдегі балалар бақшасы базасындағы логопедиялық пункттер.
Мектепке дейінгі мекемелердің логопедиялық топтарындағы балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары —

  • сөйлеу бұзылыстарын түзету;

  • жалпы білім беретін мектептерде оқытуға дайындау;

  • ауыр ақаулары бар балаларды арнайы мектепке дайындау.

Сөйлеу бұзылыстары бар балалар логопедиялық көмекті балалар поликлиникасында, стационарларда және балалар ауруханаларында, диспансерлерде, арнайы медициналық институт орталықтарында жұмыс жасайтын логопедиялық кабинеттерде ала алады.
Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмектің ұйымдастырылуы
Балалар поликлиникасының логопедиялық кабинеттерінің жағдайын келесідей логопедтің профессиональды қызмет бағыттары анықтайды:

  • балалардың сөйлеу бұзылыстарын жүйелі және консультативті сабақтарда түзеті бойынша педагогикалық (логопедиялық) жұмыстар;

  • сөйлеу бұзылыстары бар балаларды анықтау және оларды кейін мектепке дейінгі және мектептік мекемелерге немесе әртүрлі профильдегі тілдік стационпрларға ұйымдастыру үшін ПМПК-ға бағыттау;

  • денсаулық сақтау және білім берудің логопедиялық мекемелерін комплектілеуге қатысу және әр балаға логопедиялық мінездемені дайындау;

  • мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларды профилактикалық тексеру;

  • балалар бақшасының тәрбиешілерімен, педиатрлармен, ата-аналармен санитарлы-ағартушылық жұмыстар.

Қазіргі заманғы жағдайлар логопедиялық инфрақұрылымдардың аудандарда дамытылуының қажеттілігін көрсетеді.
Әртүрлі профилдегі тілдік стационарларда сөйлеу бұзылыстарынан басқа физикалық дамуында ауытқулары бар балаларға сапалы комплексті көмек көрсетіледі; арнайы мамандармен тереңдетілген тексерулер жүргізіледі; қажетті емдік шараларды қамтитын түзетушілік бағыттығы жұмыстар жүргізіледі.
Айқын сөйлеу патологиялары бар соматикалық әлсіреген балалар психоневрологиялық санаторийларға бағытталады.
Әдебиет: негізгі: 1,2,3,5
Қосымша: 15, 17




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет