Глоссарий атрибут


Жұмысқа орналастыру бюросы



бет70/77
Дата06.03.2023
өлшемі2,28 Mb.
#171174
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Байланысты:
дәрістер1-15

Жұмысқа орналастыру бюросы

Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз жұмысқа орналастыру бюросында жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз жұмысқа орналастыру бюросы жұмысының қаржылық жағын бақылау.
Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Сіздің бюроңыз әртүрлі жұмыс берушілер үшін жұмысшыларды және жұмыс іздеген әртүрлі кәсіптегі мамандарға бос орындар іздеуге дайын. Жұмыс беруші сізге келгенде оның стандартты мәліметтері (атауы, қызмет түрі, мекен-жайы, телефоны) мәліметтер қорында тіркеледі. Жұмыс іздеуші сізге келгенде оның стандартты мәліметтері де (тегі, аты, әкесінің аты, квалификациясы, мамандығы, басқа мәліметтер) мәліметтер қорында тіркеледі. Екі жақ талаптары қанағаттандырылғанда арнайы құжат дайындалады. Құжатта жұмыс іздеуші, жұмыс беруші, қызмет түрі және комиссиондық төлемақы (бюро табысы) көрсетіледі.
Кестелер:
Жұмыс берушілер (Жұмыс берушінің коды, Атауы, Қызмет түрі, Мекен-жайы, Телефоны).
Келісім шарттар (Жұмыс іздеуші коды, Жұмыс беруші коды, Қызмет түрі, Комиссиондық төлемақы).
Жұмыс іздеушілер (Жұмыс іздеуші коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Квалификациясы, Қызмет түрі, Басқа мәліметтер, Еңбек ақысының мөлшерленген соммасы).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Мәліметтер қоры бюро жұмысының толық сипаттамасын бере алмайтыны анықталды. Мәліметтер қорында тек келісім шарт тіркеледі, ал ашық вакансиялар туралы ақпарат сақталмайды. Сонымен қатар, нұсқаларды автоматты түрде іздеу үшін «қызметтер түрі» деген анықтамалық енгізу керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.

  1. Оқу жүктемесін бөлу

Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз жоғарғы оқу орнында жұмыс істейсіз және кафедра оқытушыларына жүктемені бөлумен айналысасыз.
Сіздің қолыңызда кафедра оқытушылары туралы мәліметтер бар. Оның ішіне анкеталық мәліметтерімен қатар олардың ғылыми дәрежесі, әкімшілік қызметі және жұмыс өтілі кіреді. Сіздің кафедраңыздың оқытушылары кейбір пәндер бойынша сабақ өткізуді қамтамасыз етуі керек. Олардың әрбіреуі бойынша сағаттар көлемі анықталған. Жүктемені бөлу нәтижесінде сізде келесідей ақпарат пайда болуы керек: «Белгілі бір оқытушы қандай да бір топқа, белгілі бір пәннен сабақ өткізеді».
Кестелер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет