Глоссарий: ГУЛАГ – еңбекпен түзеу лагерлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау лагкрлерінің бас басқармасы.
Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде орын алады.
жылымық кезеңі –Сталин өлгеннен кейін Хрущев кезеңіндегі демократиялық жаңа бастамалар кезеңі.
«Бекмаханов ісі» - Кеңестік Қазақстан тарихында монархиялық жат пікірді уаздады деген айыппен белгілі тарихшы Е Бекмахановқа қарсы бағытталған мемлекеттік айып.
саяси репрессия – Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйеге қарсы шыққан «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «тап жауларына» қарсы ұйымдастырылған қуғындау саясаты.
депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін ) еріксіз, күшпен жер аудару.
миграция - көшу, қоныс аудару, тұрғындардың қоныс аударуы.
ұлттық азшылықтар - мемлекет ішіндегі саны аз халықтар.
директива - жоғарғы мемлекеттік органның өз қарамағындағы мекемелерге заңды талаптар қоюы.
урбанизация - қоғамның дамуына байланысты қалалардың ролінің артуы, қала халқының артуы.
менталитет - діл, ұлттың рухани құндылықтар жиынтығы мен ақылдың дағдылар жиынтығы.
диссидент-өзі өмір сүріп отырған мемлекет саясатымен келіспей, өзіндік ой-пікір қалыптастырушылар.
Автономия (грек. Autonomia - өзін-өзі басқару, тәуелсіздік) – бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болу.
Адам құқықтары –белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелерді өзара қатынастары, кепілдіктері.
Әлеуметтік жүйе – индивидтер, олардың өзара байланыстарын, осы жүйенің жемісті өмір сүруіне, жұмыс атқаруына қажетті жағдай туғызатын, елеусіз әрекеттер жасайтын әдет дағдылар мен салт-дәстүрлерді қамтитын жүйе.
Әлеуметтік қатынастар – мәні жағынан бір-біріне сай келіп, әрекеттері соған сай сипатталатын қайталанбалы өзара әрекеттің саналы түрде сезіммен қабылданатын жиынтығы.
Әлеуметтік үдеріс – көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Бесжылдық. Бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
Дағдарыс, кризис (грек. krisis-бетбұрыс кезі) – қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең; әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипат иеленуі.
Тоқырау кезеңі – қоғамның дамусыз, ілгерілеусіз күйде тұруы.