8-Дәріс. Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы, негiзгi бағыттары және оның даму тенденциялары.
Дәріс жоспары:
1.Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы
2.Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік психологиялық сипаттары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Дәріс тезистері.
Белгілі болғандай, жемқорлықтың таралуы мен қоғамдық қауіптілігі, заңдылықтың толықтай күйреуімен және сонымен бір мезгілде тұрғындардың шенеуніктердің зорлығына тәуелділігінің өсуімен жиірек ілесе жүретін ірі әлеуметтік сілкіністер кезеңдерінде секірмелі түрде өседі. Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, жемқорлық көп және аз деңгейде ең әл-ауқатты деген мемлекеттерде де, және біздің Қазақстан сияқты демократиясы жас мемлекеттерде де болады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін, және жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіретін ұлттық қауіпсізікке төнетін қатер ретінде қарастырылады. Сондықтан да іс жүзінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан күнінен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұрақты назарында болып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық туралы өте қауіпті құбылыс ретінде 1991 жылдан бастап айтыла бастады. Мәселен, 1992 жылдан бастап Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресуге бағытталған бірқатар Жарлықтар шығарды. Қазақстан Республикасының Президенті 1992 жылғы 17 наурыздағы «Қылмыстың ұйымдасқан нысандарымен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шын мәнінде тарихи деп саналады, ол сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған алғашқы саяси-құқықтық акті болды, және осы қылмыстармен күрес үшін ұйымдық алғышарттардың негізін қалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бірқатар қаулылар қабылдады, атап айтқанда, 1992 жылдың 4 желтоқсанында «Тәртіптіліктің, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің жай-күйі үшін мемлекеттік басқару органдары лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру туралы», 1994 жылдың 11 ақпанында «Қылмыспен күресті күшейту туралы», 1994 жылдың 9 маусымында «Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы».
Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып 1998 жылғы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылдады. Сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі де сыбайлас жемқорлықпен күрестің серпінді құралы болды, соңғысы мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моралдық-адамгершілік бейнесі мен іскерлік сапасын айқындап берді.
Мынаны айту керек, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе алды. Мәселен, халықаралық құқықтық сараптама әсіресе Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жоғары деңгейін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы әлемдік қоғамдастық озықтардың бірі ретінде таныды.
Осыған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық база қолданыстағы халықаралық стандарттар ескеріле отырып жетілдірілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 келісімге қол қойды.
Атап айтқанда, мыналарды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды кезеңдері болды:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ол арқылы сотталған адамның қылмыстық жолмен алынған және басқа адамдардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу енгізілген;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мыналарға бағытталған:
- сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл санкциясын арттыру және мүлкін тәркілеуді енгізу жолымен лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейтуге;
- мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеуге;
- азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар белгілеуге;
- «корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа» қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуге.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мыналарды белгілеуге бағытталған:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың жоғары қаупі бар лауазымдар тізбесін анықтау үшін негіздерді;
- осы лауазымдарға кіру және қызмет өткеру үшін жоғарылатылған талаптарды.
Қазақстан елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлықпен одан әрі күресу және оның кез келген көрінісіне қарсы іс-қимыл жасау ниетінде.
2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 308 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама бекітілді. Салалық бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру.
Оның міндеттері мыналар болып табылады – халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру; сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату; көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Қазақстан 2015 жылы «Транспаренси Интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 180 елдің ішінде 90-нан төмен емес орынды алуға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік реттелуінің қолданыстағы саясатын талдау қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастыру негіздері қалыптасып, жұмыс істейтінін көрсетті, олар мынадай актілерде көрсетілген:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексі;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-іс жүргізу кодексі;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі;
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы;
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы;
«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы;
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңы;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы;
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы;
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңы;
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы;
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы;
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы Заңы;
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы;
«Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру оның халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз ету жолымен жүргізілетін болады. Мәселен, қазіргі уақытта халықаралық құқық нормаларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық шарттар мен келісімдерге қосылуға, елдің құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін беделді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен ықпалдасуына байланысты елеулі проблемалар бар.
Қазақстан Республикасын алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 27 қаңтар, Страсбург қаласы) және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 4 қараша, Страсбург қаласы) конвенцияларға қосылу күтіп тұр.
Сондықтан Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама мыналарды көздейді:
2014 жылға қарай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсынымдары іске асырылатын болады;
2015 жылы Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) мүшелікке кіреді;
2016 жылы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар бекітіліп, негізгі нормалары ұлттық заңнамаға имплементацияланатын болады.
Республикада сыбайлас жемқорлық «айла-амалдарды» қысқартудан басқа, бюджет шығыстарын қысқарту түріндегі елеулі экономикалық әсер беретін лицензиялық-рұқсат жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық рұқсат құжаттарының (рәсімдерінің) түпкілікті тізбесін көздейтін Рұқсат құжаттарының бірыңғай ұлттық тізілімі әзірленіп, бекітілетін болады. Осы шара кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік институттар қызметінің айқындылығын одан әрі күшейту үшін халықты хабардар ету, Үкіметтің азаматтық қоғам институтына есеп беруі, Үкімет қызметінің айқындылығын насихаттау қағидаттарына негізделген нормаларды заңмен бекіту жопарлануда. Осындай заңнамалық нормаларды қабылдау министрліктердің, әкімдіктердің, басқа да мемлекеттік ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын даму институттарының қызметін жариялау айқындылығын регламенттеуге мүмкіндік береді.
9-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстылықты алдын алу. Ұйымдасқан қылмыстылықтарды ескерту және психологиялық алдын алу шаралары . Экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық сипаттағы шаралары.
Дәріс жоспары:
1.Ұйымдасқан қылмыстылықтарды ескерту және психологиялық алдын алу шаралары .
2.Экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық сипаттағы шаралары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Дәріс тезистері.
Қылмыстылық- қоғамдық болмыстардың ішіндегі ең зияндысы болып саналатындықтан онымен күресу қоғамдық маңызды шаралардың қатарына жатады және соған байланысты күрестің бір неше әдістері де қолданылады. Олардың ішіндегі барынша жиі қолданылатыны қылмыстық құқықтық, криминологиялық және қылмыстық іс жүргізу сияқты амалдары болып саналады. Қылмыстық құқықтық тұрғыдан қылмыстылықтан сақтандырудың бір әдісі қоғамға қауіпті, қылмысты әрекеттерді заң түрінде жариялау арқылы тиым салу немесе заңмен қорғалатын объектілерді жариялап, қорғаушылық қызметті іске асыру.
Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ пайда болған Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасырдан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады.
19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасалды; 4) әлеуметтiк-құқықтық.
Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы френолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға беөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негiздедi. «Қылмыскер болып туады»- дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқандардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады.
Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себептepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .
Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль
Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымының бiр түрінен» қорғанысы ретiнде қарады.
Бұл бағытты жақтаушылар Францияда және басқа да елдерде болды. Ресейде П.Н. Тарановскийдiң Д.А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң және басқа авторлардың жұмыстары антропологиялық бағытқа жақын болды.
Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - «Кылмыскерлiктiң экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: «Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды».
Ресейде А.Хвостов, Францияда А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпетью қылмыскерлiк жайында жинакталған деректерге арнаулы статистикалық зерттеулер жүргiздi. Олардың қылмыскерлiктегi заңдылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды екендiгiн бельгиялық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi. 1836 жылы А.Кетленiң «Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық физика тәжiрибесi» атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды: «Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сандар соншалықты тұрақты қайталанады, ол жағдайға назар аудармасқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң жыл сайын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен оларды өзiмнiң әр түрлi шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек».
Мұндай зерттеулердi басқа авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен, бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалық заңдылығы бар жаппай әлеуметтiк құбылыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.
Ал, әлеуметтiк-экономикалық социологиялық зерттеулердi алатын болсақ көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейiнiрек Ашшафенбург және басқалар) қылмыскерлiктiң әр түрлi әлеуметтiк факторлармен статистикалық байланысын көрсетті.
1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» атты кiтап жазды, онда «Өз байқауым және шын көздер бойынша» деген тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. «Әлеуметтiк тәртiптi сыйламау өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегiден гөpi күштiрек, жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады»- деп жазды Ф .Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc табуы, Энгельс айтқандай, «әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi. Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып, етек алып барады; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариатқа қарсы соғысы бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп жүзеге асуы болып табылады.
Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жалпы келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн
негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық үстемдiгi, жеке меншiгi жоқ жалдан6алы еңбек адамдарының мүдделерi мен құқықтарын ешбiр елемеушiлiгi орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлiк заңдылығын көpceттi. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекемелердi, қоғамның қоғамдық-әлеуметтiк қалпын өзгерту қылмыскерлiкпен күрес шараларының ең 6астысына айналады.
Әлеуметтiк-құқықтық зерттеулердiң құқық социологиясының дамуы қылмыстардың әлеуметтiк негiзiне, құқық нормаларының бұзылу себептерiне, қылмыс үшiн жаза қолданғанда оларды ескеру қажеттiгiне назар аударды, талап eттi. Қылмыстық саясат туралы iлiм пайда болды.
Қылмыстардың себептерiмен және олардың алдын алу шараларымен криминалистер айналыса 6астады. Жапония профессоры Кан Уэда өз елiндегi криминологиялық зерттеулердiң пайда болуын қалыпты, саясат пен түрме iciнe жасалған реформамен байланыстырады.
Осының бәpi қылмыскерлiк жөнiндегi арнаулы зерттеушiлердiң оның заңдылықтары мен себептерiн зерттеудiң яғи криминологияның пайда болуына әкелдi.
Римдегi кассациялық соттың прокуроры барон Р. Гарофало өзiнiң 1890 жылы жарық көрген кiтабын «Криминология» дел атаған.
Қылмыстық құқықтық әдістің екінші түрі немесе жазалау қатерімен қылмысты әрекеттерді жасаудан қалыс қалуға ықпал ету болып саналады деуге болады. Зерттеушілерде осы екінші әдісті кеңінен мойындап, оның әлеуметтік құқықтық ролін жоғары бағалауда. Солардың ішінде Ү.С. Жекебаев «Қылмыстылықпен күресудің бір құралы жаза болып табылады. Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде жаза мәселесіне жеткілікті көңіл аударылуда: оның мағынасы мен қызметі, жаза тағайындаудың жалпы бастамасы және жаза түрлерін қолданудың ережелері қарастырылуда, қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу тиімділігінің мәселелері белсенді түрде зерттелуде.
Бірақ қылмыстық жазаның жалпы және арнайы алдын алу ретінде қолданылуының шегі мен мүмкіндіктері жеткілікті түсінікті болмай қалып бара жатыр» деген болатын [1. 5б]. Соның ішінде кейбір зерттеушілер, оның ішінде И. Кристи жазаның жалпы сақтандыру, алдын алу ролін мойындамай, «жазаның қаталдық дәрежесімен қылмыстылықтың деңгейін байланыстыруға болмайды» деген бағалау келтіреді [2. 8б.]. Қылмыстылықпен күресудің барынша тиімді жолдарын кеңінен қарастыратын ғылым түрі-криминологиялық зерттеулерде қылмыстылықтың қарқынын түсірудің бірден-бір оңтайлы тәсілі, ол оның себептерін анықтау, жою деген сенім үстемдік байқатады. Мысалы белгілі криминолог ғалым Ә.Х. Меңдіғұлов «Қылмыстылықтың себептерін іздеу, анықтау, жан-жақты зерттеу және оған оңтайлы әсер ету-сақтандыру қызметінің негізін құрайды» дейді.
Қылмыстылыққа әсер етудің мұнан басқа да теорияларын кездестіруге болады. Солардың ішінде мәжбүрлеу күшінің дәрежесі бойынша әсер ету шараларын орынды (умеренные), радикальдық және рационалдық деп топтастыруға болады. Қылмыстылықтан сақтандырудың орынды шараларына әлеуметтік кек қайтаруды емес, қылмыстылықтан сақтандыруға, жазаны өтеп жатырған адамдардың жағдайын көтеруге негізделген классикалық мектептің идеяларын жатқызуға болады. Радикалдық әсер ету шаралары қоғамдық өмірге бейімсіз қылмыскер кейбір адамдарды бір жолата жоқ қылуды шектемесе де, қылмыскерлерге негізінен әлеуметтік қорғау шараларын қолдануды ұсынады. Қылмыстылыққа әсер етудің рационалдық теориясы қылмыстылыққа бақылау жүргізу, жаза мен жауаптылықтың бұлжымастығын қамтамасыз ету, қылмыстылықтың өсу қарқынын төмендету бойынша мемлекет пен қоғамның кешенді күш жұмсауын білдіреді. Бұл теорияның негізгі идеяшылдарының бірі И.И. Карпец қылмыстылықпен күресудің негізгі міндеті қылмыстылықты ауыздықтау және оның шексіз өсуін тоқтату деген пікір келтірген.
Қылмыстылыққа әсер ету шараларының ішіндегі осы теориялардың ішінен орынды және рационалдық теорияларының идеялары бізге аса ерекшелік байқатпайды. Бұл теорияны ұстанушылар қылмыстылықпен күресті немесе оның алдын алу шараларын халықтың әл-ауқатын көтеру, қылмыскерлерге әлеуметтік бейімдеу шараларын жаза атқару барысында қолдану, қылмыстылықтың қарқын алуына себеп болатын қоғамдық болмыстарды анықтау және олардың деңгейін төмендету немесе жою деген тәрізді пікірлер келтіреді. Ал радикалдық теорияны ұсынушылар қылмыскерлердің ішіндегі барынша қауіптілерін немесе қайтып түзелмейтіндей қауіптіліктегі адамдарды, сонымен қатар қылмыстылықтың белгілі бір аймақтарда қарқын алуына түрткі болып отырған адамдарды бір жолата қоғамнан аластауды немесе оларға тек өлім жазасын қолдануды ұстанады.
Осындай бағыт Ресей ғалымдарының ішінен профессор О.В. Старковта байқалады. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшыларын және өзге де бұрыннан анықталған, тіркелген немесе бір неше рет байқалған қылмыстық әлемнің беделді жетекшілерін сот, тергеусіз-ақ әскери операция жасау арқылы бір-ақ күнде жойып жіберуді ұсынады. Ол қылмыстылыққа әсер ету бағдарламасының келесі кезеңінде осындай ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінші кезеңде жойылмай қалған қатардағы мүшелерін немесе қатардағы ұрыскерлерден жоғарыдағыларын әділет органдарының жемқорлыққа берілген қызметкерлері араласпас үшін ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес туралы заң негізінде жауаптылық қолданып, олардың кінәләрін дәлелдей отырып өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе ұзақ мерзімге бостандығынан айыру сияқты ең ауыр жазаларды қолдана отырып соттауды дұрыс деп санаған [5. 96 б.]. Қылмыстылықтан сақтандыру мәселесінде қылмыскерлерге жаза қолдану немесе оны барынша қатал түрде қолданудан оң нәтиже шыға бермейтіндігіне криминолог ғалымдардың көзі жете бастады. Сондықтан қылмыстылықты бақылауды қылмыскерлерді анықтау және олардың әрекеттерінің жолын кесумен жүргізу мүмкін емес.
Жоғарыда келтіріп отырған қылмыстылықпен күрес бойынша кейбір теориялардың мағынасында қылмыстылықты ауыздықтауға тікелей арналған пікірлер бар екендігін байқауға болады, сондықтан біз олардың тек біреуін ғана қолдауды жөн көрмейміз.
Бұл бағыттарға жеке-жеке қысқаша тоқталып кетер болсақ, онда бірінші кезекте келтіріп отырған қылмысты әрекеттерді қылмыстық заңда көрсету арқылы қылмыстылықтан сақтандыру бағыты халықтың ішіндегі қоғам мен заңды сыйлайтын адамдардың тобына арналған деуге болады. Мұндай адамдар белгілі бір әрекеттің қылмысты екендігін білісімен-ақ ондай әрекеттерді жасаудан қалыс қалады. Осы тәріздес заңға сыйластықпен қарайтын адамдар қызмет бабында қылмысты әрекеттер жасауы мүмкін адамдардың арасында да кездеседі. Ал қылмыстылыққа бейім немесе қылмысты жасауға шешім жасаған адамдар заңның кейбір қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмысты деп жариялауына қарамастан немесе қоғамға сыйластықтың жоқтығы салдарынан қылмысқа барып жатады. Мұндай адамдарды қылмыстылықтан сақтандырудың амалдары өзгеше болуы керек.
Келесі кезекте келтіріліп отырған жазалану қатерімен сескендіру арқылы қылмыстылыққа әсер ету шарасы-бұл қылмыстылыққа баруы мүмкін адамдардың қылмысты әрекеттерінің алдын алуы мүмкін. Мұндай адам-белгілі бір әрекеттің заң бойынша қылмысты екендігін білуі нәтижесінде емес, онда жаза көрсетілгендігін көруі арқылы қылмыстан аяғын тартуы және жазалану қатерінен қорқатындар заңда неғұрлым ауыр жаза көрсетілген сайын соншалықты қылмыстылықтан қалыс қалуы мүмкін. Жазаның қылмыстық құқықтың зерттеу объектілерінің бастысы болуының да бір себебі осы жағдаймен байланысты деп ойлаймыз, себебі жаза біріншіден, қылмыс жасаған адамға жауапкершілік шарасы ретінде қолданылса, екіншіден, жазаның қолданылатындығын жариялау арқылы қылмысқа баруы мүмкін адамдарды сақтандырады. Біздің бағалауымызша мұндай адамдар қылмысты әрекеттерге барғысы келмейтін адамдар мен бәрібір қылмыс жасайтын адамдардың ортасындағы топты құрайды.
Үшінші кезекте келтіріп отырған қылмыстылыққа әсер ету шарасын қылмыстылықтың себептерін жою арқылы іске асыру, қазіргі уақытта кеңінен танылған және зерттеушілердің көпшілігі қолдайтын бағыт болып саналады.
Әрине қоғамда қылмысты әрекеттердің вирустары болып саналатын қылмыстылықтың себептерінің болуы қашанда қылмыскер адамдарды пайда болдырады. Бірақ қоғамдағы қылмыстың себептері болуы мүмкін деп танылған кез-келген болмыстар, қылмыстылыққа соқтыратын тікелей себептер болып бағаланбауы керек. Өйткені белгілі бір болмыс қылмыстылыққа соқтырмай қоймайтын себеп болып саналса, сол себепті басынан кешірген барлық азаматтар қылмыскер болуы керек.
Қылмыстылыққа әсер етудің орынды, радикальдық және рационалдық теорияларында да шындықтың үлесі бар екендігін байқауға болады. Орынды әсер ету шарасында айтылатын қылмыстылықтан сақтандыру және қылмыскерлерге әлеуметтік бейімдеу шараларын басым қолдану тәсілдері жай теория ғана емес, қылмыстық және қылмыстық-атқару заңдарында да бекітілген ережелер болып табылады. Қылмыстық атқару заңының басты мақсаттарының бірі болып танылатын «қылмыскерді түзеу» ұғымы аталған заңның бүкіл болмысында кездеседі деуге де болады. Себебі ҚАК 7 бабында сотталғандарды түзеудің құралдарын анықтап, олардың қатарына жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібін, тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін, қоғамдық пайдалы еңбекті, орта және арнайы мамандықтардың берілуін, қоғамдық әсер етуді жатқызған. Сондай-ақ ҚАК сотталғандарды түзеудің құралдарын шектемей, өзге заңдарға немесе осы заңның өзге ережелеріне қайшы болмаса кез-келген тәсілді түзеу құралы ретінде қолдануға мүмкіндік берген.
Сондай-ақ қылмыстық атқару заңы тек жекелеген жазалардың атқарылу тәртібі мен ережелерін қарастырумен ғана шектелмей, жаза өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін де қарастырады. Мұндай жұмыстар бас бостандығынан айырылған адамдарға жаза мерзімін аяқтау сатысында басталып, олардың босатылғаннан кейін баратын жеріндегі тұрғын-жайды, жұмыс орнын іздеумен, жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындаумен, денсаулығы нашар болған жағдайда тиісті емдеу мекемелеріне хабарлаумен, жазадан босатылар алдындағы адамдарға құқықтық, еңбек, экономикалық т.б. бағыттардағы дәрістердің берілуімен көрінеді. Бірақ өкінішке орай жазадан, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік бейімдеу жұмыстары түзеу мекемелерінде жүргізілгенмен, біздің қоғамымызда оларға көмек көрсету жұмыстары мүлдем төмен деңгейде. Көбінесе бұрын сотталған адамдарға сенбеу, оларды төмен адамдар деп бағалау пиғылдары қалыптасып қалған. Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы кеңес одағында болған елдердің барлығында да кездеседі. Ресейлік ғалым И.В. Шмаровта біздің осы сөзімізді құптайтындай пікір келтіріп, «Көріп отырғанымыздай заңшығарушы бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік бейімделуге жеңіл болу мақсатында әр түрлі көмектер қарастырады. Бірақ көпшілік жағдайда бұл шаралар сотталғандардың алдында тұрған мәселелерді шешіп бере алмайды. Репутациясы былғанған адамдарды жұмысқа алғысы келмейтіндігі баршаға белгілі және психолгиялық тұрғыдан түсінікті. Белгілі бір бөлігі жеке секторларды құрайтын нарықтық экономикалық жағдайда кеше ғана бас бостандығынан айыру орындарында болған адамдарды жұмысқа алғысы келмейтіндер жеткілікті» дейді.
Біздің ойымызша Қазақстан Республикасы БҰҰ, ОБСЕ сияқты адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қауіпсіздік ұйымдарына мүше болып саналғаннан кейін ерте ме, кеш пе бәрібір бұл мәселелерді практика жүзінде де шешуі керек. Өйткені бұл салаға арналып шығарылған 1955 жылы 30 тамызда Женевада қабылданылған «қамаудағы адамдарды ұстаудың төменгі стандартты ережесі» және 1987 жылы министрлер өкілдерінің 404 мәжілісінде бекітілген «қамаудағы адамдарды ұстаудың Европа стандартты ережесі» сияқты халықаралық нормативтік актілер жаза өтеуден босатылған адамдарға әлеуметтік бейімдеу және көмек көрсетілуін жетекші ереже ретінде ұсынады.
Біздің радикалдық теориямен ішін-ара келіспейтін бір себебіміз, ол мұнан бұрынғы бөлімдерде негіздеп кеткеніміздей қылмыскерді жаза қолданумен, оны қатал қолдану үрейімен ауыздықтау мүмкін емес. Бұл біріншіден, қылмыстың шын мәніндегі қоғамға қауіптілік дәрежесін асыра бағалауға соқтырар еді және екіншіден, практика көрсеткендей ең қатал жазаның түрі көрсетілгенмен де ол қылмыстың адамзат өмірінде жиі орын алу мүмкіндігіне байланысты бәрібір бұл қылмыс түрі жасала берер еді. Мысалы 96 баппен бағалауға жататын кісі өлтіру қылмысының санкциялары өте қатал болғанмен бұл қылмыс практикада жиі орын алады.
Қылмыстылықтың алдын алу және оған әсер ету шаралары туралы теориялық ағымдар туралы жоғарыда айтылған ойларды қорыта айтқанда, біз бұл теориялардың барлығында мойындаймыз және олардың әр қайсысы өзінше осы бағыттағы жұмыстарда пайдалылық білдіре алады. Сондықтан қылмыстылықтың алдын алу бағытындағы мемлекеттік қызмет жоғарыда аталған теориялардың негізінде бір неше бағыттардан жүргізілуі керек деген пікір келтіреміз.
Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары — ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі. Оларға мыналар жатады:
заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
заңсыз кәсіпкерлік;
заңсыз банктік қызмет;
жалған кәсіпкерлік;
заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру;
несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану;
несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару;
монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу;
көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу;
көрінеу жалған жарнама беру;
тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;
коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету;
кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық. конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу;
эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу;
бағалы қағаздар эмитенті лаузымды адамының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу;
бағалы қағаздар рыногы кәсібі қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі;
бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу;
жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату;
жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату;
акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркалардың қолдан жасау және пайдалану;
экономикалық контрабанда;
шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау;
кеден төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтару;
банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер;
әдейі банкроттық;
жалған банкроттық;
бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу;
банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;
банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану;
азаматтың салық төлеуден жалтаруы;
ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару;
тұтынушыларды алдау;
заңсыз сыйақы алу;
табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу;
мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету;
компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату.
ұялы байланыстың абоненттік құрылысының сейкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату.
Достарыңызбен бөлісу: |