Глоссарий. Қылмыс бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмы



бет7/7
Дата30.01.2018
өлшемі1,55 Mb.
#36264
1   2   3   4   5   6   7

3 Қылмыстылықтың алдын алу. «Кылмыстылықтің алдын алу» дегеніміз, бұл — мемлекетгің, қоғамның, жеке және занды тұлғалардың кылмыстылықке жаңа адамдардыңтартылуына, жана кылмыстык ісәрекетгердің жаса-луына, қоғамдық катынастардын. ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында кылмыстылықтің детерминация және себеп-тілік процесіне мақсатгы ықпал етуі. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ. Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып келтіре кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше адам қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ. Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады: - оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады. - тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады. - жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған

қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз. - оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге болады. - оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді. - оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың, көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та (антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек, қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте шындық. «Қылмыстылықтің алдын алу» термині даусыз деп саналмай-ды, себебі орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыстылық, ол — бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау ай-туға болады, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендіктен қалыптаскан ұғымды өзгертіп жатканның кажеті болмас. Мұндағы бас-ты мақсат — қылмыстылықтің себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу. Бұл терминмен қатар «сактандыру» термині де колданыладь&і Кейбір авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулерг олардың арасында айырмашылық бар дейді. «Сактандыру» тура-лы, көбіне, накты қылмыстардың жолын кесуге катысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара колдану жайында сөз болады. Бұл тұрғыдан алғанда «сактандыру» жоғарыда көрсетілген «классикалык» мәндегі қылмыстылықтің алдын алу мен кұкык қорғау кызметінін ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жакын тұрған сиякты. Адам көп жыл бұрын босануға тиіс еді немесе жана қылмыс бұрынғымен байланысты емес /бұрынғысы — лауазымдық, ал екіншісі — зорлык-пайдақорлык кылмыс/, бұл жай адамның жеке 1 басының бағыттылығын көрсетпейді, ал бас бостандығынан айы- ,1 ру түріндегі жазаны өтеу фактісінің езі оған қатаң режим тағай-1 ындауға негіз болады. Кдтаң режимдегі колонияны тағайындау 1 туралы мәселені шешуге ыкпал ететін маңызды фактор — бұрын- | ғы жазадан босанғаннан бергі өткен уакыт мерзімі. Егер одан бері неше жылдар өтіп, сол кезенде адам дұрыс өмір салтын құрса, онда жаңа кылмыс кездейсоқ мөн-жайлардың сал-дары деп есептелінеді, ол бұрынғы қылмыспен байланыстырыл-майды. Қылмыстылықтің адцын алу жүйесінде үш түр бөлініп алына-ды: жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу. Бұлай бөлуге ал-дын алу кызметінің аукымы негіз болған. Қылмыстылықтің жалпы алдын алу дегеніміз — қылмыскерліісгін барлық халыққа немесе оның топтарына ықпал ететін, жалпы эко-номикалық, әлеуметгік және өзге критерийлер бойынша бөлініп алынатын жөне бұл ретте ондай әлеуметгік топтардың іс жүзінде барлык. өкілдеріне кылмыстық іс-кимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептілік процестерін жою женіндегі шара-лар жүйесі. Жалпы алдын алуға катысты алатын болсак, әңгіме бұл жерде — халыктың басым көпшілігінін кайыршылыққа ұшырау, ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекет-тер жасап байып кету процесін тыйып тастау жайында; адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау жөне қылмыстық жолмен түскен табысты зандастыру (жуып-шаю) әрекетіне карсы катаң шара колдану жайыңда болып отыр. Бұл аса мұкгаждыктан немесе колы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекет-ке ниеттенушілергетоскауыл болады. Мысалға мынандай жалпы алдын-алу шаралары жүзеге асу керек:

1. Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың іскерлік

белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нарыктық қатынастарды қалыптастыру.

2. Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және баскадай жағдайларын жаксартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын каржымен, заңмен камтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру.

3. Оқу орындарында «Мемлекет және құкык, негіздері» және «Кұкықтану» пәндерін окытудың сапасын жаксарту. Оқылатын сағат санын 60 %-ға дейін кебейтіп, курс аяғында емтихан алуды карастыру.

4. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы коғамдықдеңгейде қарастырғанда Қазакстан үшін өзекті проблема -адамдарды жұмыска орналастыру мәселесін шешу қажет.



Такырып 14 Ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес және

оның болашақ түрлері
1.Жедел іздестіру қызметінің және криминалистикалық тура күресі

2.Компьютерлік қылмыстарға күрес бойынша және ЖСҚ сол қылмыстардағы ролі.




1. Жедел іздестіру қызметінің және криминалистикалық тура күресі Ұйымдасқан қылмыс жасаған немесе жасау үстіндегі тұлғалардың ізіне түсу және оларды ұстау. Қаруланған қылмыскерлерді тұтқындау барысында операция жүргізу.

Ауыр қылмыстардың ішінде жоғары орынға қару қолданып 1-жасалатын қылмыстар жасатады. Қарулы қылмыскерлер әрқашанда адам қүрбанымен байланысты ауыр қылмыстар жасайды.

Қарулы қылмыскерлердің өте қауіпті, белсенді әрекеттері олар топ болып жүзеге асыратындығында болып отыр. Жоспраланып, дайындалған қауіпті құқық бұзушылықтардың алдын алудың, бой тасалап жүрген қылмыскерлерді анықтаудыдың нәтижелі болуы қаруланған қылмыскерді дер кезінде ұстауына тікелей байланысты.



Қылмыскерлерді ұстау қылмыстық-құқықтық заңнамада реттеледі. ҚР ҚК бабына сәйкес,

1. Қылмыс жасаған түлғаны мемлекеттік органға әкелу үшін

үстау барысында немес бүл түлғаны үстау мүмкін болмаған кезде және де шектен шығу болмаған жағдайда зиян әкелінсе бүл қылмыс болып саналмайды.

2. Қылмыскерлерді үстау қүқығына құқық органдарымен қатар жай азаматтармен жәбірленушілерге де уәкілеттілік беріледі.

Қаруланған қылмыскерлерді үстау операциясын жүргізудің басты мақсаты олардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алу,

азаматтардың өмірі мен денсаулықтарының қаушсіздігш қамтамасыз ету болып табылады.

Қылмыс жасаған немесе жасау үстіндегі түлғаны аңду және оны ұстау — бүл жедел іздестіру қызметі қызметкерлерінің қылмыс жасаған немесе қылмыс жасау үстіндегі және ұсталып қалмау мақсатында бой тасалаған түлғалардың ізіне түсуімен қортындыланатын жедел іздестіру шарасы.

Қылмыстың жасалуы туралы мәлімет алғаннан бастап, егер оқиға болған жерде тікелей жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы қызметкерлер бірінші келген жағдайда, олардың міндеті:

  • қылмыстың жолын кесуге шаралар қабылдау;

  • қылмыскерлерді үстау мен ізін кесуді ұйымдастыру;

  • жәбірленушілерге көмек көрсету;

  • оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлау, оның нүсқауы бойынша
    әрекет ету;

  • қөрген адамдарды, куәлерді анықтау;

  • оқиға болған жердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жедел іздестіру шараларының жүргізу барысындағы әрекеттердің кезектілігі жасалған қылмыстың жағдайы мен сипатына байланысты. Қылмыскерлерді, қылмыс жасауға сезікті түлғаларды үстау ізге түсуші қызметқерлер тобынан ж*оғары біліктілікті, үстамдылықты және әрбір жағдайда қатаң заңдылықтың сақталуын талап етеді. Азаматты үстау үшін шешім қабылдап,оны кезекші бөлімге жеткізу барысында қызметкер өз әрекетінің заңға сай екенін толық анықтап алуы қажет. Бүл шараларды жүргізу алдында мына жағдайларды анықтап алуы тиіс:

- үсталушының жеке басын анықтап және ол бостандықта қалдырылған жағдайда келтіретін қауіпті зардаптарын түсіру мүмкінділігі;



  • оны үстау барысында пайда болатын қиындықтар, өз тарапынан немесе қасындағы қатысушылардан;

  • қарулы шабуыл жасау қаупі;

  • қажеттілік туғанда қару қолдану жағдайы.

ұстаудан кейін ыңғайлы жағдайда ұсталушы тұлғаның киімдеріне, заттарына басқа полиция күштерінің көмегімен тез арада тінту жүргізу. Қарсылық көрсетуге, шабуыл жасауға қолдануы мүмкін қарулар немесе басқада қүралдар табылған тез арада алынады. ұсталған түлғаларды кезекші бөлімге жеткізілуі арнайы көліктермен немесе қызметкерлердің жеке автокөліктерімен жүзеге асырылады. Қызметкер ұсталған тұлғаны кезекші бөлімге жеткізу барысында оның басқа ұсталған тұлғаларға немесе қатысушыларына заттай дәлелдемелерді бермеуін, күпітеп қашып кетпеуін бақылауы тиіс. Қаруды қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізудің мазмүны бодып-уақыты мен орны бойындіа бірлесіп кешенді жедел іздестіру, әскери тактикалық және қылмыстык-процессуалдык әрекеттерді басшылыққа ада отырып, жедел органдар мен басқа да күштердің бірігіп қаруды қарсыдық керсетудің жодын кесу мен ескерту мақсатында заңменбедгіденш жүргізілетін шаралардың бірі.

Қарулы қылмыскерлерді ұстауда жүргізілетін операциялардың негізі болып олардың орналасқан - жері бойынша анықтау болып табылады. Қарулы қылмыскерлерді ұстау барысында жүргізілетін операциялар бір-бірінен ерекшеленіп қағидаларға сәйкес қалыптасады.

  • операцияға барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • қылмысқерге мүмкіндігінше нақты жағдайда аз мөлшерде зиян келтіруге тырысу.

- операцияны жүргізу барысында барынша күш пен қүралдарды аз пайдалану.

ұсталрандарға жеке тінту жүргізу, одардың қьшмыстық әрекеттеріне катысы бар қүжаттарды, заттарды, алу немесе

тұргылықты жеріне, авто көліктеріне қарау жүргізу.

ұсталғандарды жеке тінту, олардың меншігіндегі заттарды қарау мен алу жүргізу- қылмыстың жасалуына қүрал болып табылатын заттарды, қүжаттарды түлғаларды анықтау арқылы заңда қөзделген мақсатты шешуге бағытталып жүргізілетін жедел іздестіру шараларының жиынтыгы.

Жеқе қарау, заттарды алу мен қарау қылмыстық рэкетке тіқелей байланысы болгандықтан, уәкілетті қызметқерлермен орындалады:

- ЖІШ-ын жүзеге асыру барысында жолаушылардың затгарын, әуе


қемелерінің эқипаж мүшелерінің жеқе заттарын, жүқтерді, почта
жөнетілімдерін теқсеру;

- қылмыс жасауға сезіқті түлғаларды үстау барысында ҚР-ның

ҚІЖК-нің 132-бабын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру. Жеқе қарау жүргізіледі:

- азаматтың өзінде, қиімдерінде құқық бүзушылықтың белгілерінің болуына байланысты;-қөргендер арқылы түлғаны нақты орнату;



егер қарау тіқелей заңнамамен қөрсетілсе.

Тексерме уәкілетті түлғаның қызметіне сай болуы тиіс, ягни соган қатысты заңмен бекітілген дәлелдемелердің, құқық бүзу

обьектісі құжаттар, басқа да заттар. Жеке тексерме тексерілушімен бір жыныстағы тұлғалармен, екі куәгердің қатысуымен, басқа тұлғалармен қедергі қелтірмейтін орындарда, меқемелерде жүргізіледі. Жеқе теқсермені жүргізу барысында теқсерілушінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, оның денсаулығына, құқықтары мен ар-намысына нүқсан қелтірілмеуін, теқсеру барысында белгілі болған мәліметтердің сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз етілуі тиіс.

Заттарды, басқа да қүралдарды теқсеру барысында теқсеруші еқі қуәгердің қатысуымен жүргізеді.

Жедел криминалистік есеп бойынша және қылмыстық тіркеу есебі бойынша тексеру

Құқық қорғау органдарының жедел аппараттарына әртүрлі қайнар қөздерден, қылмысқа дайындалып жатқан немесе жасалғалы жатқан қылмыс туралы немесе олардың қоғамға жат қылықтарымен көзге түсіп қызығушылық танытқан түлғалар түлғалар туралы мәліметтері.

Кейбір түскен материалдарды жедел аппараттар қейінге қалдырмай, қылмысты тез арада ашуға тырысады, яғни басқа материалдардың негізінде жедел өңдеуді жүзеге асырып аталган тұлғалалардың өмір сүру қалпына бақылау жүргізеді. Әр түрлі көздерден түсқен мәліметтерді жедел аппараттар мен құқық қорғау органдарының ақпарат орталықтары анализдеу арқылы қылмыс күресінде алынған мәліметтерді жүйелі түрде қолданылады. Есептің салттық түсінігі тәжірибеде өте ертеде пайда болған. Оны өте ерте уақытта (Қытай, Жапония, Үндіста н - жасаған қылмыстар үшін тілдерін, аяқтарын, қолдарын қескен) қолданған. Ресейде патша Иван жарлығында былай деп жазылған- "Клеймить воров - дабы они были знатны". 18 ғасырдың басындатаңбалар алынып, оның орнына сотталғандарға арнайы куәліктер берілді.

1892 жылы француз ғалымы Бертильон тіркеудің антропологиялықәдісін үсынды.1894 жылы бірінші рет француз ғалымы Гамильтонмен тіркеудің қылмыс жасағандарға дактилоскопиялық әдісі енгізілді. Бүл әдіс қазіргі уақытқа дейін қолданылып келеді. 1913 жылы антропологиялық әдіс болған. Бізде олардың екі әдісі бар (бойы, фотосуреті, сөздік портреті, және т.б.-дактилоскопиялық салыстырмалық).

Криминалистикалық, жедел есеп және қылмыстық тіркеу жүйесі бойынша тексеру — ол жедел іздестіру қызметінің тіркеу жүйесін қосатын, тұлғалар туралы криминалдық белгілері бойынша жидел іздестіру қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.

Осы аталған түсініктен келесі мақсат пайда болады. Ол мақсаттар болып:



  • тіркеу;

  • зейін салу;

  • жіктелу;

  • мәліметтер сақтау; түлғалар туралы; оқиғалар - олардың криминалдық белгілері;

  • жедел іздестіру қызметінің ақпаратпен қамтамасыз ету орталығы

Тіркеудің қолдану мақсаты:

  1. Қылмыс жасауы мүмкін түлғаларды анықтау, олардың өмір қалпын үғыну.

  1. Қылмыс жасауы мүмкін түлғаларды анықтау

  1. Қылмыс жасаған немесе жасағалы жатқан, қылмыстық жауаптылықтан немесе жазасын өтеуден бой тасалаған түлғаларды анықтауға байланысты жедел іздестіру шараларын жүргізу.

  2. Қылмыстық әрекеттің салдарынан келтірілген зардаптың орнын толтыруға байланысты шаралар.

Құқық органдарының жедел жүмыстары бойынша анализдеу
2.Компьютерлік қылмыс туралы ұғым ең алғаш өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары алдымен америкалық, одан соң өзге де әлемдік басылымдарда пайда болды. 1983 жылы Париж қаласында ОЕСD (Халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) сарапшылары бас қосып, компьютерлік қылмысқа криминологиялық айқындама берді.Этикалық-тәртіптік қағидаттарға қайшы келетін іс-әрекеттер, сондай-ақ автоматтандырылған мәліметтерге қол сұғушылық сол кезден бастап қылмыстық санатқа жатқызылатын болып шешілді. Халықарылық мәртебелі ұйымның алаңдауы тектен-тек емес еді. Өйткені, интернет-ресурстардың шексіз де шетсіз мүмкіндіктері ең алдымен техникалық саладағы сан-алуан қылмысқа жаппай жол ашты. Қылмыс әлемінде бет перде кимей, қолына қару ұстамай, кісі өліміне бармай-ақ банктерді тонап, мекемелер қорындағы қаражаттарды қас пен көздің арасында қолды ететін қылмыскерлер пайда болды. Қазақстан аумағындағы осы тектес алғашқы жасалынған киберқылмысты Лисаков қаласындағы «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі (2003 ж.) басынан өткерді. Компьютерлік желі арқылы 3 миллион 500 мың теңгені оп-оңай жымқырған К. деген азамат сот сараптамасынан соң жасаған қылмысы үшін 5 жылға сотталды. Ел аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстардың біртіндеп қылаң беруі республиканың Ішкі істер министрлігінің құрылымында арнаулы бағытта жұмыс істейтін кәсібилендірілген «К» атаулы басқарманың оңаша отау құруына ықпал етті. Бұған дейін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдеде күшіне енген Қылмыстық кодексінде компьютерлік қылмыстың қылмыстық жауапкершілігі туралы алғаш қаралғандығын еске сала кетейік.Таяу күнде Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасын бекітті. Онда Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар енгізілген жаңа тарау бар. Компьютерлік қылмыстың ең басты кәсіби ерекшелігі мен бар қиындығы – оның халықаралық байланыс желісі арқылы қашықтық талғамай, мемлекетаралық шекараларды «аттап» кететіндігінде болып тұр. Оның үстіне компьютерлік қылмыскерлер іс-әрекетке барарда, аты-жөні мен жұмыс орнын, компания атауларын жүз құбылтып, мың түрлендіретін арнайы бағдарламалық жасақтамаларды қолданады. Әуелде компьютерлік қылмыс десе – кәрі де, жас та «ол – хакердің ісі»деп жауап береді.Өйткені, бұл бүгінде баршаға таныс атау. Бүгінгі барлық киберқылмыстық әрекеттерді жасайтындар осылар. Хакерлер (Hacker) – екі топқа бөлінеді, бірі – бағдарламаны алдын ала әзірлеу барысында оның ішіне тез арада құжатсыз өзгертулер енгізіп жіберетін компьютер мамандары. Екіншілері – құпия ақпараттарды шаршамай-талмай тек қана аңдып, ұрымтал сәтті күтіп отыратын алаяқтар. Дүниежүзіндегі ең бірінші компьютерлік қылмыскер – америкалық Кевин Митник 1994 жылы ФТБ тізімінде әлемдегі іздеуде жүрген он қылмыскердің «ең азулысы» атанды. Компьютерлік қылмыскер немесе «хакинг» ұғымы қоғамға дәл сол кезден бастап орныққан тәрізді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі республикада жасалынған өте күрделі, ең ауыр компьютерлік қылмысты 2013 жылдың желтоқсанында ашты. Министрліктің «К» басқармасының жедел қызметкерлері заңды тұлғалардың шотына банкіге қашықтықтан қызмет жасайтын желімен «Троялық ат» деген арнайы бағдарлама арқылы ақша ұрлаған қылмысты топтың жолын кесті. «Банк-клиент» жүйесі арқылы әртүрлі банктердегі ұйым-мекемелердің шотына компьютерлік «вирус» жіберіп, ақша ұрлай бастаған қылмыскерлердің әрекеті олар ұсталған мерзімнен әлдеқайда бұрын тіркеуге алынып, қадағалана басталған. Арада көп уақыт өтпей белгілі бір ұлттық компанияның шотынан дәл осындай жолмен екінші деңгейдегі банктен 147 миллион теңге қолды болу қаупі төнді.Міне, осы тұста қылмыскерлердің қолына кісен салынды. Сараптау барысында Қазақстандағы 30 аса ірі компанияның шотынан ұрланған соманың көлемі 400 миллион теңгеден асқаны дәлелденді. 1981 жылы туған қарағандылық А. (осындай әрекеті үшін бұрын сотталған) мен 1976 жылы туған жамбылдық Б. Алматыда отырып 3 жыл бойы «Троялық ат» атты компьютерлік «вирусты» («BackDoor.Shell.218») бухгалтерлердің электрондық пошталарына желі арқылы жіберіп келген. Зиянды бағдарлама салық органдарының атынан жалған атпен бухгалтерге электрондық хатқа мұқият тіркелген. Хатты ашқан кезде Троян аты заңсыз жұмысын жүзеге асыра бастайды. Содан соң ғана «Банк-клиент» желісі бойынша электронды қаржылық басқармадан тікелей қолжетімді ақпаратқа ие болған. Қылмыскерлерден қазіргі заманғы барлық сатыдағы компьютерлік шапшаң техника алынды. Алаяқтар осы техника түрлерімен Ұлыбритания мен Германиядағы, Украинадағы серверлерді Алматыдан басқарып отырған. Жедел іздестіру шаралары барысында бұдан да тыс өте көптеген электронды дәлелдеме деректер жинақталып, айқындалды. Дәл осыған ұқсас электронды қаражат ұрлаудың 16 түрі Астана мен Алматыда, Атырау мен Қостанайда, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда кездесті, жолы кесілді. Компьютерлік «вирусты» пайдалану арқылы заңсыздыққа бару әрекеті бойынша қосымша 13 қылмыстық іс қозғалды. Келесі бір оқиғаның болмысы басқашалау болғанымен, мәні осыған ұқсас. Петропавл қаласында ұсталған қылмыстық топ пластикалық карта үлгісін жасап, шетелдік азаматтардың шотындағы ақшаны үзбей ұрлаған. Интерполдың көмегімен көп кешікпей олардың бірінің германиялық азамат екендігі, Германияда жүріп осыған ұқсас 56 қылмыс жасағаны белгілі болды. Міне, бүгінгі таңда кең өріс алған киберқылмыскерлердің жаңаша сипатта «кардер» деп аталуы да сондықтан. Кардерлер азаматтардың төлем карталарының нөмірлерімен қоса PIN-коды мен CVV-кодын қолды етеді. Банкомат, интернет, тіпті, магазиндегі төлем операциялары арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін «ұрлап»алады. Ол үшін скиммер аталатын өте шағын ғана қалтаға салып жүретін есептегіш құрылғы банкоматтың байқаусыз бетіне жапсырылады. Алаяқ сол арқылы магнитқуаты жететін аумақтағы барлық дерек-мәліметтерді жіпке тізгендей етіп, жиып алады. Кез келген банкоматқа жабысып қалатын байқаусыз скиммингтік құрылғылардың «өміршеңдігіне» орай, қазіргі кезде банкоматтың жаңа түрлеріне сондай құрылғыларды байқай қоятын қарсы құрылғылар қойылатын болды. 2013 жылы сәуірде Алматыда ІІМ «К» бөлінісі мен «Казкоммерцбанктің» қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген шаралар арқасында халықаралық дәрежедегі үлкен қылмыс ашылды. Скиммерлік құрылғымен жеке тұлғалардың төлем карталары арқылы белгілі мөлшерде ақша ұрлап алып жүрген Румыния мен Молдавиядан келген 3 қылмыскер қамауға алынды. Көп кешікпей дәл осындай әрекеттегі Болгария азаматы тұзаққа түсті. Дегенмен, бұларды «алаяқтардың соңғы тұяғы» деуге тым ерте әрі асығыстық болар еді. Компьютерлік қылмыс телефондық байланыс жүйесінде де асқынып тұр. Оның бір мысалы – 2005 жылы бізге КCЕLL компаниясы әлдекімдердің “SIM-BOX”қондырғысын пайдалану арқылы GSM-траффигінің орасан мөлшерін ұрлап жатқанын хабарлады. Қазақстанның ұялы телефондары операторларына 5 миллиондай АҚШ долларына шығын келтірген телефон алаяқтары (фрикер) қанатын кеңінен жазып үлгергенше тұтқынға түсті. Олардың бұған дейін Әзербайжан мен Украинада да осындай қылмыс жасағаны айғақталып, біреуі 5, екіншісі 8 жылға сотталды. Осы жылдың басында Алматы қаласында ІІМ қызметкерлерінің жедел-іздестіру әрекетінің арқасында бір ЖШС директоры ұсталды. Ол әлгі айтқан «SIM-бокс» құрылғысының көмегімен «TELE-2» ұялы телефон операторынан GSM-траффигін ұдайы ұрлап келген. Оның офисін тексеру барысында әрқайсысы 20 слоттан сим-картқа жегілген 5 «SIM-бокс» қондырғысы табылды. Қазіргі таңда Халықаралық NCP (Ұлттық байланыс бекеті) желісінің ұлттық бекеті Дүниежүзінің 78 елінде қызмет істейді. Олардың қатарында Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Украина, Беларусь, Бразилия, Испания, Швеция секілді өзге мемлекеттер белсенді орын алады. Рим-Лион тобындағы «Сегіздік» деп аталатын жұмыс органы тікелей терроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тегеурінді қызмет атқарып келеді. 2008 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында Жапонияның Киото қаласында өткен Рим-Лион тобының кезекті мәжілісінде Қазақстан NCP Халықаралық желісіне тең құқықты мүше болып қабылданған болатын. Аталған ұйым киберқылмыс саласында болатын яки болуға дайындалып жатқан қылмыс туралы алдын ала ақпарат алмасуға, жедел іздестіру шараларына сәйкес техникалық немесе өзге сипаттағы ақпараттар алуға кең жол ашты. Қазақстан полициясы дәрежелі ұйымға мүше елдердің қатарында құқық қорғау органдарының мүдделес бөлімшелерімен тікелей байланыс орнатқан. Олармен ынтымақтастық қызметін ойдағыдай жалғастырып келеді. Эстония,Украина, Испания мен Германия, Қытай, Жапония Корея мен АҚШ елдерімен жоғарыда аталған халықаралық желі арқылы болып жатқан әріптестік қызмет туралы ерекше атап өту орынды. Балалар порнографиясын насихаттайтын Қазақстандағы сайттың жұмысы мен республикадағы электронды жәшіктердің жаппай бұзылуы туралы бізге аса құнды мәлімет-деректермен қолұшын берген неміс ақпараты сондай ынтымақтастықтың жемісі. Германияның Криминалдық полициясы бас басқармасының қызметкерлері сервер үлгілерінің заттай-электрондық айғақтары арқылы Қазақстанда орасан зор қаражат ұрлаған хакердің қылмысын мойнына бұлтартпай қойды. Күні кеше ғана ондағы әріптес офицерден сақталынған айғақты ол деректердің барлығы ресми хатталып, Қазақстанға жіберілу алдында Германия прокуратурасына өткізілгені туралы қосымша хабарлама алдық. Бұл екі ел полициясы арасындағы қым-қуыт жұмыстағы кезекті кәсіби байланыстың шынайы бір ғана көрінісі болса керек. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның арнайы мамандандырылған жұмыс тобы іссапарға аттанып, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның, Қытай мен Эстонияның, Ресей мен Жапонияның киберқылмысқа қарсы күрес бөлімдерінің озық тәжірибесімен танысты. Солардың ішінде Вашингтон қаласындағы Федеральды тергеу бюросының (ФТБ) компьютерлік қылмысқа қарсы күрес басқармасында болған тәжірибе алмасудың тигізер пайдасы ерекше зор болғанын атап өткеніміз жөн. Квантика қаласындағы (Вирджиния штаты) ФТБ-ның академиясы аумағындағы жылжымалы лабораторияның, оңтүстік корейлердің осы саладағы ғылыми теңдессіз үлгілері, эстондықтардың салаға кеш келсе де алға түсіп үлгерген көрнекті тәжірибесі қазақтың болашақ «киберполының» дамуына сөзсіз үлкен үлес қосатынына еш дау жоқ. Бүгінде халықтың көзі компьютерге, құлағы ақпараттық технология атауына әбден үйренді. Дегенмен, ақпараттық технологияның (ІТ) ғарыштық жылдамдықпен дамуы тұсында кибер-қылмыстың да көштен қалмай, қайта өршелене өсе түскенін ерекше байқап та келеміз. Ойлап қараңыздаршы, бір елдің бір елден шекарасы сондайлық шалғайда жатқанына қарамастан екі жақтың банк шоттарына миллиондаған ақша аудару қас пен көздің арасында жүзеге асады. Бәрі де қуатты компьютерлік байланыстың арқасы. Киберқылмыскерлердің ұйқысын бұзатын да осындай ақпараттық технологиядағы аса бақуат байланыстар. Сондықтан да Қазақстан полициясының «К» бөлінісінің қызметкерлері борышты міндеттерін адал атқаруға бейімделген әрі дағдыланған. Суық қарусыз жасалынатын мұндай қауіпті қылмыстың жолын кесуге қазақ полициясының білімі мен білігі жетеді. Сала бойынша ең соңғы жаңа технологиялық жабдықтар да баршылық.
Ақпарат көзі:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет