Дәріс 12.Ұйымдасқан қылмыс кылмыстық топ криминология және криминалистика тұрғысынан да қарау
Жоспар:
1-сурак Ұйымдасқан қылмыстылық
2-ші сурак Ұйымдасқан қылмыс түсінігі,белгілері
3-ші сурак Қылмыстық топ
Қылмыскерлiк бiздiң санамызда, бәрiнен бұрын, әр түрлi қылмыстар түрiнде көpiнic табады. Сондықтан, қылмыскерлiк туралы меселенi қарауды қылмыстан бастаған жөн. Қылмысты, қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады. Қылмыстық-құқықтық тәсiлде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзiнше оқшауланған aктіci ретiнде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементi арқылы талдау жағынан аударылады. Ол элементтер: объект, объективтiк жақ, субъект және субъективтiк жақ. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық құқықтың критерийлер негiзiнде бөлiнiп алынады. Криминологиялық тәсiлде қылмыс бiрiншiден, адам үшiн сыртқы орта болып табылатын жағдайларда және адамның өзiнiң сипаттамаларымен бiр мезгiлде, екiншiден, бiр кездiк акт емес , кеңістік пен уақытта дамитын белгiлi бiр процесс ретiнде талданады. Талдаудың бұл eкi аспектici тек теориялық емес, практикалық та маңызғa ие. Қылмыстың қылмыстық-құқықтық талдамасы адам қылмыстық заңның нақты нормасында көзделген (тыйым салынған) ic-әрекеттi жасады және соған сәйкес ол қылмыстық жауаптылық көтеруге жатады деп тану ушiн қажеттi және өзге адамдардың сондай қылмыстар жасауының алдын алу үшiн не жасау керек; айыптыға қатысты және жасалған қылмыстық әpeкeттiң келеңсiз әлеуметтiк салдарларын болдырмау мақсатында заң шеriнде қандай нaқrы шараларды қабылдағaн жөн екендiгiн түciнyгe мүмкiндiк бередi. Заң қылмыстың өзiнiң қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамаларымен бiрге зерттелуiн талап етедi. Анықтама, алдын ала тергеу жүргiзгенде және icтi сотта қарағанда дәлелдеуге жататын мән- жайлар iшiнде қылмыстың сылтауы, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар (жауапкершiлiктi жеңiлдетeтiн және ауырлататындардан басқа), сондай-ақ қылмыс жасаудың себептерi мен жағдайлары сияқтылар да бар. Қылмыстар және қылмыскерлік «Қылмыскерлiк» ұғымы, көбiне қылмыстың көптiгi туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады. Бұл - қылмыскерлiк анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыскерлiк көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініc табады. Қылмыскерлiктiң қылмыстың жекелеген турлерiмен салыстырғандағы ерекшелiгi – оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бiр қылмыстың саны статистикалық талдауға келедi, нәтижесiнде белгiлi бiр статистикалық заңдылық анықталады. Сондықтан да, қылмыскерлiк жайында тек қылмыстардың көптігi деп сөз болса, назар ол жайындағы мәлiметтердiң статистикалық талдамасына аударылады, қылмыскерлiктiң жайы, құрылымы динамикасы зерттеледi. Бірақ қылмыстарды жаппай деп зерттеу олардың сол жаппайлықта көп жаңа сипаттарға ие болатындығын көрсетiп отыр. Әр түрлі қылмыстар арасында белгiлi бiр қатаң қатнастар байқалады. Мысалы, ашылған және тiркелген жеңiл дене жарақаты, ұрып-соғу фактiлерiнiң қару алып жүрумен байланысты қылмыстардың саны азайғанда адамның өмipi мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыстap саны артады.
Қылмыскерлiкке сипаттамалардың eкi тобы тән:
1) «сыртқы» сипаттамалар, олар қылмыскерлiктiң қоғамда қалай әрекет eтетінің оның қандай да бiр құрылымдарына таралатындығын: жалпы таралуын, сылтауын, әлеуметтiк бағыттылығын, қоғамға қауiптiлiгiн, әлеуметтiк-аумақтық әлеуметтік-топтыкқ, әлеуметтiк-салалық көп таралғандығын көpceтeтін;
2) «iшкi»: ұйымшылдығын, белсендiлiгiн, тұрақтылығын көрсететін сипаттамалар Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың – қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден – қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден - ондай қатынасу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде. Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара ролін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты қаулы етедi:
1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда және қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстардың ерекше қауіптiлiгiне соттардың назары аударылсын.
2. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыс жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыс жасауы адамдар тобы жасаған қылмыс ретiнде қарастырылмайды. 3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып", "ұйымдасқан топ болып" қылмыс жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет. Қылмыс екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін. Кінәлі адамдардың әрекеттерін "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыс жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет. Қылмысты жасау үшін екі немесе одан да көп адамның жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда ""топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмысқа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты орындаушылар болған жағдайларды қоспағанда, ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалып, осы қылмыс үшін жазаны көздейтін ҚК-нің тиісті бабы бойынша туындайды. Қылмысты бірге жасаушылармен алдын ала сөз байласпаған, алайда оны басқа адамдар жасауы барысында соларға қосылған және тікелей қатысқан адам өзі жасаған нақты әрекеттер үшін қылмысты орындаушы ретінде жауапты болуға тиіс. Қылмысты ұйымдасқан топтың құрамына кіретін адамдар жасағанда, сол сияқты бандалардың және қылмыстық бірлестіктердің мүшелері жасағанда да топ болып жасалған қылмыс белгісі бойынша саралануы мүмкін. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 15 Нормативтік қаулысымен.
4. Орындаушының жеке басына қатысты қылмыстық дәрежелеушi белгiлер, басқа қылмысқа қатысушыларға (ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушiге) тек олар орындаушыда аталған дәрежеленушi белгiлердiң бар екендiгiн бiлген және олар өздерiнiң iс-әрекеттерiмен осы орындаушылардың қылмысты жасауына мүмкiндiк туғызған жағдайларда ғана таңылуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет.
5. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыс жасауы деп нақты бiр қылмысты жасауға екi және одан да көп адамдардың қылмыстың объективтiк жағын құрайтын iс-әрекеттердi жасағанға дейiн келiсуiн түсiну қажет. Қылмысқа қатысушылардың бiрi алдын ала сөз байласып қылмыс жасаған және қылмыстың объективтi жағын орындау аяқталғанға дейiн оларға алдын ала сөз байласқан басқа адамдар қосылған жағдайларда, онда бастапқылардың да және соңғылардың да iс-әрекеттерiн бiр топ адамның алдын ала сөз байласып қылмыс жасауы деп дәрежелеу қажет.
6. ҚК-нің K970167_ 31-бабының 3-бөлiгiне сәйкес ұйымдасқан топ деп құрылғаны үшiн ҚК-нiң 235-бабының 1-бөлiгiмен жауапкершiлiк көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты ғана емес, сонымен бiрге құрылғаны үшiн ҚК-нiң 237-бабының 1-бөлiгiмен жауапкершiлiк көзделген тұрақты қарулы топты (банданы) да түсiну қажет. Бұл ретте банда, ұйымдасқан қылмыстық топтан қарулануымен және қылмыстық мақсаты - азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауымен ерекшеленедi. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ҚК-нің 31-бабының 4-бөлiгiне сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топ пен бандадан ауызбiрлiк белгiсiмен және оның ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылу мақсатымен ерекшеленедi. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) ұйымшылдығы, әдетте, жоғары дәрежеде болады және ол жекелеген қылмыстық бiрлестiктерден немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардан тұрады. 7. Банданы құрудың мақсаты ҚК-нiң K970167_ 237-бабының 1-бөлiгiне сәйкес азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Бұл ретте заң, шабуыл барысында банданың қандай қылмыстарды жасайтынын көрсетпейдi, ол азаматтың не ұйымның мүлкін, ақшалары мен өзге құндылықтарын тiкелей алып қою ғана емес, сонымен бiрге кiсi өлтiру, зорлау, қорқытып алу, бөтеннiң мүлкiн жою не бүлдiру және т.б. болуы мүмкін.
8. Жәбiрленушiге күш қолдану не оны дереу қолданамын деп шынайы қауiп туғызу арқылы қылмыстық нәтижеге қол жеткiзуге бағытталған әрекеттi бандитизм кезiнде шабуыл жасау деп түсiну қажет. Осы қылмыс құрамының басқа да мiндеттi белгiлерi болған жағдайда, iшiнде адамдары жоқ мекемелерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға шабуыл жасау және оларға күш қолданбау жағдайларында және шабуыл жасау үрдiсi кезiнде адамдар зардап шекпей, мүлiктiң жойылу (кеңсенi қопару, пәтердi, автомашиналарды өртеу) фактiлерiн бандитизм деп қарастыру қажет. Бұл ретте банданың құрамындағы шабуыл жасаушылардың олардың қылмыстық мақсаттарына жетуiне кедергi жасайтын кез келген адамға қарсы күш қолдануға дайын екенiн назарда ұстау қажет.Банда мүшелерiнiң қолындағы қару қолданылмаған жағдайларда да қарулы банданың шабуыл жасауы орын алды деп есептеледi.
9. Банданың мiндеттi белгiсi - оның қарулануы болып табылады, демек бандаға қатысушылардың қолында зауытта әзiрленген немесе қолдан жасалған атылатын немесе суық қару, қопарғыш құралдар, сондай-ақ газ шығаратын және пневматикалық қарулардың болуы шарт. Банда мүшелерінің шабуыл кезiнде қолданған заттарын қару деп тану туралы мәселенi шешу барысында 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерiнің айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" N 339-IZ980339_ Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн басшылыққа алған жөн. Мүшелерінің ең болмағанда бiреуiнiң қолында қару болған және бұл жөнiнде банданың басқа мүшелерiне белгiлi болған кез келген жағдайда - банда қаруланған деп танылады. Қылмысқа қатысушылардың пайдалануға жарамсыз қаруды немесе оның нобайын қолдануы оларды қаруланған деп тануға негiз болып табылмайды. Қажет болған жағдайда қолданылған заттардың қару болып табылатынын анықтау үшiн сараптама тағайындау қажет.
10. Банданың ұйымдастырушысының, басшысының немесе қатысушысының қару, оқ-дәрiлер, қопарғыш заттар және қопару құралдарын заңсыз айналымға түсiру әрекеттерi банданы ұйымдастыруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты болса ҚК-нiң K970167_ 251-бабы бойынша қосымша дәрежелеуге жатпайды, өйткенi осы әрекеттер банданың мiндеттi белгiсi - оның қарулануымен толық қамтылады. Бандаға қатысушылардың қаруды өзге мақсаттар үшiн заңсыз айналымға түсiруiне (мысалы, қарумен сауда жасауға, қаруды ұрлауға және т.б.) байланысты әрекет жасауы қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-нiң 237-бабы және Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптары бойынша дәрежеленуi қажет.
11. Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банданың тұрақтылығын, атап айтқанда, оның құрамының тұрақтылығы, оның мүшелерiнің өзара тығыз байланыстылығы, олардың келiсе отырып iс-әрекет жасауы, қылмыстық қызметтiң формалары мен тәсiлдерінің тұрақтылығы, оның өмiр сүруiнің ұзақтығы байқатады. Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банда мұқият дайындықты қажет ететiн бiр ғана қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін.
12. Ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құру деп кез келген белсендi де мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде аталған ұйымдасқан топтар мен сыбайластықтың шын мәнiсiнде құрылуын түсiну қажет. Бұл әрекеттер қатысушыларды, қаруларды, оқ-дәрiлердi, байланыс құралдарын, құжаттарды, көлiк құралдары мен өзге де материалдық құралдарды iздеу, құрылымдар мен қылмыстық жоспарларды дайындау, адамдарды арбау және т.б. түрде болуы мүмкiн. Ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құру қандай да бiр қылмыстың жоспарланғанына немесе жасалғанына қарамастан қылмыстың аяқталған құрамы болып табылады. Аталған қылмыстық құрылымдарды құру үрдiсiнiң өзiн оларды құруға дайындалу деп қарастыру қажет. Егер де осы құрылымдарды ауыр немесе ерекше ауыр нақтылы қылмысты (мысалы, кiсi өлтiру) жасау үшiн құрудың ойластырылғаны анықталған болса, онда адамдардың iс-әрекеттерi осы қылмысты жасау үшiн де дайындалу деп дәрежелеу қажет.
13. Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) басшылық жасау деп олардың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ аталған құрылымдардың нақтылы қылмыстарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдауы деп түсiну қажет. Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) бiр немесе бiрнеше адам басшылық жасауы мүмкiн. Ұйымдасқан қылмыстық топқа немесе бандаға нақтылы адамның (немесе бiрнеше адамның) басшылық жасағаны туралы дәлелдемелердiң анықталмауы ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе банданың болуын терiске шығармайды. Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе банда басшысыз да болуы мүмкiн. Адам саны аз ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе банданың өз орталарынан басшы шығармай-ақ қылмыстық әрекеттерге қатысты мәселелердi бiрлесе шешуiн және, әдетте, олардың қылмыстарды бiрлесе жасауын осындай жағдайларға жатқызған жөн.
14. Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) қатысу - аталған қылмыстық құрылымдардың құрамына кiрудi және жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б., сондай-ақ осы қылмыстарға тiкелей қатысуға бағытталған iс-әрекеттердi жасауды бiлдiредi. Бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) қатысу - адам банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) қызметiнiң қылмыстық сипаты туралы бiлгенiне, оған өзiнiң қатысуына (мүшелiгiне) келiсiм берген сәттен бастап оның жасалған қылмыстарға қатысқан немесе қатыспағанына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамы болып табылады.
15. ҚК-нiң K970167_ 31-бабының 5-бөлiгiнiң талаптары негiзiнде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық жасаған адамдардың iс-әрекеттерi тиiсiнше ҚК-нiң 235-бабының 1-бөлiгiмен не 2-бөлiгiмен немесе ҚК-нiң 237-бабының 1-бөлiгi бойынша және де сондай-ақ егер оның ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшiн жауапкершiлiк көздейтiн ҚК-нiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптары бойынша да дәрежелеуге жатады. Бұл ретте ҚК-нiң Ерекше бөлiмi бойынша дәрежелеу ұйымдастырушы (басшы) сонымен бiрге қылмысты қоса орындаушы болып табылған жағдайлардан басқа уақытта, ҚК-нiң 28-бабына сiлтеме жасалына отырып жүзеге асырылады. Банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарға тiкелей қатысқан банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) ұйымдастырушысының немесе басшысының iс-әрекеттерi ҚК-нің 235-бабының 3-бөлiгi немесе ҚК-нiң 237-бабының 2-бөлiгi бойынша қосымша дәрежелеуге жатпайды. Бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) қатысушылардың (мүшелердiң) iс-әрекеттерi тиiсiнше ҚК-нiң 235-бабының 3-бөлiгi немесе ҚК-нің 237-бабының 2-бөлiгi бойынша, сондай-ақ олар дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн де ҚК-нің тиiстi баптары бойынша қосымша дәрежеленуi қажет. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу өз алдына қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқпайтындықтан, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылардың iс-әрекеттерi ҚК-нiң олар дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстары үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн тиiстi тармақтары бойынша дәрежеленуге жатады.
16. Банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарға қатысқан адам, тиiсiнше ҚР ҚК-нің K970167_ 235-бабының 3-бөлiгi немесе ҚК-нiң 237-бабының 2-бөлiгi бойынша ол банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарға қатысушы екендiгiн бiлген жағдайларда ғана жауапкершiлiкке тартылады. Адам қылмыстық құрылымның жұмыс iстейтiнiн бiлмеген жағдайда ол өзi бiлiп бiрге қатысқан қылмыс үшiн ғана жауап бередi. Аталған адамдардың "ұйымдасқан топтың қылмыс жасауы" деген дәрежелеу белгiсi бойынша жасалған қылмыстарға қатысты iс-әрекеттерi де осы ереже бойынша дәрежеленедi.
17. Ұйымдасқан қылмыстық топтың, банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында жасалған қылмыстарды дәрежелеу кезiнде соттар ҚК-нiң 12-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлгендей қылмыстар жиынтығы бойынша, егер қылмыс жасаған адамның әрекеттерi ҚК-нiң әлдеқайда қатаң жаза берудi көздейтiн бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң нормасымен қамтылмаса, ол жасаған әрбiр қылмысы үшiн ҚК-нiң тиiстi бабы немесе бөлiгi бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатыны туралы талабын қатаң сақтауға тиiс.
18. Бандитизмдi басқа қылмыстардан ажырату кезiнде бандитизмдi құрайтын мән-жайларға ерекше назар аудару қажет.Бандитизм және бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бiр-бiрiнен осы қылмыстарды сипаттайтын белгiлер жиынтығымен ерекшеленедi. Бұл ретте бандитизм үшiн бандаға қатысушылардың арасындағы тұрақты байланыстың, олардың iс-әрекеттерінiң ұйымшылдығының, қылмыстарға дайындалу мен жоспарлаудың, сондай-ақ қарулануының болуы мiндеттi. Аталған құрамдарды сондай-ақ қылмыстарды жасаудың мақсаты бойынша да ажырату қажет: бандитизм кезiндегi мақсат - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады, ал қарақшылық кезiнде пайдакүнемдiк мақсат - ашық ұрлау мiндеттi түрде қоса жүредi. Егер iс бойынша адамдардың тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топты құру туралы арнайы уағдаласқаны, қарулану туралы мәселе талқылағаны және қаруды сатып алғаны, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсаттарын белгiлегенi, осындай қылмыстарды жасағаны анықталса, онда мұндай жағдайларда кiнәлi адамдардың iс-әрекеттерiн ҚК-нің K970167_ 237-бабының тиiстi бөлiгi бойынша, сондай-ақ қылмыстық кодекстiң жасалған қылмыс үшiн жауапкершiлiк белгiлеген тиiстi баптары бойынша дәрежелеген жөн. Тұрақты қарулы қылмыстық топтың құрылғаны туралы мәлiметтер болмаған өзге жағдайларда, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауды, бiр топ адамның күнi бұрын сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасауын қылмыстық кодекстің тек осы қылмыстар үшiн жауапкершiлiк белгілеген баптары бойынша дәрежелеу қажет. Бандитизмнiң бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қорқытып алудан ара жiгiн ажыратуда, бандитизм кезiнде зорлық-зомбылық қылмысты жасаудың құралына айналатынын, атап айтқанда, шабуыл кезiнде қарақшылардың бiрден жәбiрленушiнің мүлкiн алатынын, ал қорқыту кезiнде зорлық-зомбылық тек әсер ету нысаны болып табылатынын және ол күш көрсетушiлердiң талабын орындаудан бас тартқаны үшiн жәбiрленушiге алдағы уақытта күш қолданылады деп қорқыту мақсатында жүзеге асырылатынын әрi мұның өзi тек жәбiрленушiге ғана емес, сонымен бiрге оның жақын адамдарына қатысты орын алуы мүмкiн екендiгiн назарда ұстау қажет.
19. Соттардың назары ұйымдасқан қылмыстық топтың, банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында жасалған қылмыстары үшiн кiнәлi адамдарға жаза тағайындау кезiнде жауапкершiлiктi даралау принципiн бұлжытпай сақтаудың маңыздылығына аударылсын. Соттар iстiң барлық мән-жайы мен сотталушы адам туралы мәлiметтердi, олардың қылмыстық топты ұйымдастырудағы рөлі мен оның қылмыстық қызметіне қатысу дәрежесін, банданың шабуыл жасауының нәтижесінде туындаған салдардың ауырлығын және жазаны тағайындау кезінде мәні бар басқа да мән-жайларды мұқият анықтап және ескеріп отырулары қажет.
13.Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің ұйымдасқан қылмыспен күресудегі атқаратын ролі
1. Ұйымдасқан қылмыстардың түсінігі.
2. Ұйымдасқан қылмыстармен күресдің ұйымдастырылуы.
3. Қылмыстылықтың алдын алу.
4. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың ерекшеліктері
5. Пайдақорлық-зорлық қылмыстармен күресудің құқытық негіздері.
1 Ұйымдасқан қылмыстардың түсінігі. «Ұйымдасқан қылмыстылық» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», «ұйымдасқан топ», «ұйымдаскан қылмыстык әрекет», «ұйымдасқан қоғамдастық» сияқгы басқка ұғымдармен байланысты. Барлык жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздері пайдаланылады. Бұрындары «ұйымдаскан қылмыс» және «ұйымдасқан кылмыстық әрекет» жайында айтылатын. Оның субъектілері жекелеген адамдар және адамдар тобы, оның ішінде ұйымдаскдн құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, кылмыстық ұйымдар мен қылмыстык қоғаңцас-тықболуы мүмкін. Ұйымдасқан топтар бірнеше адам қылмысты, тіптен аса ауыр кылмысты жасағанда емес, оны жасау үшін алдын ала бірігіп, соған жан-жақгы дайындалғанда паңда болады: олар жоспар жасай-ды, барлық күш-жігерін сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бірлесіп шешеді, нақгы жағдайға қарай оған түзетулер енгізеді. Үйымдасқан топ бір қылмысты жасау үшін де кұрылуы мүмкін. Мысалы, банк-тен ақшаның ірі сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшін. Қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін алдына ала біріккен адамдар-дың тұракты тобы деп аныктама берілген, ал банда — адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшін құрылатын тұракты карулы топ. Қылмыстық әрекеттің ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әртүрлі субектілерді тартумен байланысты. Іс жүзінде олар жеке тұлғалар да, әр түрлі қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, занды тұлғалар да, мысалы, солар аркылы кылмыстыктабыс зандастан-дырылған және молаятын зандьі тұлғалар болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстыкәрекетке катысушы әртүрлі субъектілердің жұмысын үйлестіру қажеттігі туындайды. Саны едәуір әр түрлі қылмыстық субъектілердің күрделі, көп аспектілі ұйымдасқан кылмыстық әрекетін баскарғанда ұйымдасқан кылмыстык. құрамаларды тұтас организм ретінде басқаратын арнайы құрылымдар кұрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және Кыл-мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген нақты кылмыс-тарды тікелей жасаушы құрылымдарымен катар баскарушы функ-циялар мен құрылымдар (ұйымдастырушылар, жетекшілер); қылмыстық ұйымның өзіне тән мұқтаждықтарын камтамасыз ететін функциялар, құрылымдар (тавдау бөлімшелері, өзінің «кдуіпсіздік қызметі», қылмыстық табысты зандастыру және т.б.) бөлініп алы-нады. Кылмыстық ұйымдарды құрудың негізі осындай. Мұндай ұйымның қоғамдық кдуіптілігі совда, ол тек аса ауыр кылмыс жасап кана қоймайды (бұл тұрғьщан алғанда оның қоғамға кауіптілігі ауыр қылмыстың қоғамдык қауіптілігіндей-ақ), соны-мен катар өзін басқаратьш субектілердің сылтауларына және сырт-кы жағдайларға байланысты кең ұйымдасқан қылмыстық әрекетгі оның әр түрлі варианттарында қамтамасыз ете алатын құрылым болып саналады. Қылмыстык, әрекетті дамыту және жасыру, алы-натын табысты зандастыру және молайту, қылмыстық құраманы сол қалпында сақтап қалу логикасы итермелейтін әр түрлі қыл-мыстар жасайды. «Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы» федералдык заңның жобасында қылмыстық ұйымға мынадай анықгама берілген: «Қылмыстық уйым — а) қылмыстық ұйым не оның басшылығын құру;
ә) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген кылмыстарды тікелей жасау; в) кылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс істеуін кдмтамасыз етудің өзге де формалары бойын-ша қатысушылар арасында міндет бөлінген, бірлесіп қылмыстык. әрекет жасайтын адамцар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар». Қылмыстық ұйымдар, өздерінің қылмыстык әрекетін корғау мақсатында мемлекетгік құрылымдармен және азаматтық қоғам-ның институттарымен, олардың алдына қойылған міндеттерін теріс арнаға бағыттап, өзара катынас орнатуға әрекеттенеді. Осы-дан барып мемлекеттік органдар жүйесінде және кәсіподақтар, шығармашылык одактар, қауымдастықтар сиякты мемлекеттік емес салада сыбайлас жемкорлық кең етек алады. Бұл жердемынадай тужырым жасауеа болады: егер жай қытыс-керлік қоеамга, оның институттарына, оның ішіндеметекетке қарсы әрекет ететін болса, үйымдасқан қылмысмемлекеттік институт-тарга және қогамга сүйенуге, оларды өз мақсатында пайдалануга тырысады. Қылмыстық әрекет занды кәсіпкерлікпен, басқа да қоғам жол берген, тіптен қолдайтын кызметпен тығыз айқасып жатады, бұл — халыктың наразылығын тудырмай олардың қылмыстык, әрекетін әшкерелеуге едәуір киындықтудырады. Олар мұкият жасырынады, заң шығарушьшың алдын орағытады, олардың кателіктерін жақсы пайдаланады, қолайсыз кұкыктыкшешімдерден ертерексакганады. Мұның бәрі, егер мемлекетгік жүйе тарапынан қателіктер бол-са, ұйым болып сакталып калуға, тіптен, белгілі бір кезевдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңіске жетуге көмектеседі. Қылмыстык ұйымдардың мынадай өзіне төн сипаттары бар: акпараттар жинау және оларды беру; құқык корғау институтта-рының әрекеттерін бейтараптандыру, негізгі әлеуметтік-эконо-микалық кызметтерді пайдалану, ішкі құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай «занды» керінуі. Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекетгесуінде ықпал ету өрісін бөлісу, мемлекетке бірлесіп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды. Ұйымдасқан топтардың, бандалардың, қылмыстық ұйымдардың бұл өзара әрекетгестігін, акпарат алмасуды, кұқық корғау жүйелерін, өзге мемлекетгік құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтараптандыру және пайдалану үшін, кылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек көрсетуде күш жігердің біріктірілуі кдмтамасыз ететін қылмыстық қауымдастықтар пайда болады. Кылмыстық қауымдастықтьщ құрылу негізінде бірлескен ұйымдасқан қылмыстык әрекет негізінде құрылатын қылмыстык ұйымдарға карағанда баска сипат бар. Кылмыстық кауымдастыкга өзара қарым-катынасты кылмыс-тык ұйымдар мен онын элементі болып табылатын кылмыстык топтар жасамайды, осы кұрамалардың өкілдері немесе тіптен, өзінше жұмыс істейтін кәсіби кылмыскерлер жасайды. Кылмыстық кауымдастық, ол — басқа қылмыстык құрамалар үшін жоғары тұрған саты емес, ол өзінше үйлестіруші орган, кәсіби қылмыскерлер үшін онда «қылмыстык кәсіподакгар» кейпі, ал, елдегі саяси процестерге ыклал ете бастаса — партия кейпі бар. Қазақстанда казіргі кезде бірнеше кылмыстық қауымдастық бар, олар бірімен-бірі қиянкесті соғыс жүргізуде (өртеп, өлтіріп кетеді, кепе-көрінеу атысады және т.б.) немесе өзара мәмілеге келеді. «Қылмыстык кауымдастык» термині кылмыстык құкыкта бас-қа мәнде қолданылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстык қауымдастыққа мушелері бірлесіп қылмыс жасайтын ұйымдас-қан кылмыстық топтың бір түрі деп түсініктеме берілген: «Қылмысты кылмыстық кауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр кылмыстарды жасау үшін кұрылған ұйымдақан топ (ұйым) жасаған болса». Бұл - қылмыстық заңның криминалдык шындықты дәл керсете алмауының мысалы.«Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы» федералдық занның жобасында мынадай
аныктама берілген: «Қылмыстық қауымдастық — ұйымдастырушылардың немесе басшылардың немесе қылмыстық ұйымдардын басқа мүшелерінің, немесе ұйымдасқан топтардың, немесе бандалардың немесе тиісті кұрамалардың немесе адам-дардын қылмыстық әрекетін үйлестіру, кодцау, дамыту жөніңдегі шараларды бірлесіп дайындайтын не іске асыратын адащардын немесе кылмыстык әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдас-қан топтарға, бандаларға, кылмыстық ұйыіцдарға колайлы жағдай тудыратын, сондай-ак көрсетілген мақсатта ауыр кылмыстар жасауды ұйымдастыратын адамдардың бірлестігі». Қылмыстык қауымдастық кылмыстык ұйымға толыктай айна-луы немесе оньщ кейбір сипаттарын иемденуі мүмкін. Ұйымдасқан кылмыстылық — кең ауқымдыа қылмыстық әрекеті бар және ондай әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрамаларға, олардың әрекегіне және сыртқы өзара әрекетгестіктеріне кызмет етуде баскарушылык және баска функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекетгік кұрылымдар мен азаматтық қоғамнын институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан кылмыстык кызметтің күрделі жүйесі. «Жүйе» ұғымы ұйымдасқан кұрамалардың жай көптігін ғана білдірмейді, сонымен қатар олардың органикалык бүтіндігін, олар-дың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың, онын дамуы, қылмыстық табыстын зандастырылуы және молаюы үшін неғұрлым қолайлы жағдайдың бар екендігін де көрсетеді. Үйымдасқан қылмыстылық өзініңэкономикасы, әлеуметтік және рухани саласы бар, өзінің баскару, кауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі, юстициясы, езінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама коғам. Ол, шын мәнінде, мемлекет, азаматгык коғамның билеуші институттары, дін ресми таныған және қолда-ған жүйеде орын тепкен балама болғандыктан, іс жузінде, жалпы адам қоғамы кұрылымдарының бірі болып табылады, тиісінше, «ресми» қоғам дегенмен өзара әрекеттеседі. Олардың арасында нақты да катаң шекара жок: ұйымдасқан қылмыстылық өзінің зандастырылған тұлғалары аркылы әр түрлі занды қатынастар жасайды; ез катарына тарту, өз қатарын толыктыру максатында халықтың әр түрлі әлеуметгік топтарының мұктаждығымен және мүдцесімен санасады; қылмыстық әрекетгің тұрақты және белсенді мүшелерімен кей кездері немесе бір-ак рет карым-қатынас жа-сайтындарда болады; Мұндай жағдайларда әр түрлі жеке және заңцы тұлғалар «кезжұмбайлық» жасайды, олар бір «сүйкімді» адамдарға кызмет көрсетгік деп ойлайды, бұл адамдардың қылмыстықкұрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендігін білмейді.
2.Ұйымдасқан қылмыстармен күресдің ұйымдастырылуы. Қылмыстылықпен күрес дегеніміз жүйелік-кұрылымдық кызмет, ол үш жүйенің жиынтығынан тұрады: 1) күресті жалпы ұйым-дастыру;
2) кылмыстылықтен сақтандыру;
3) құқық қорғау қызметі. Бұл әлеуметтік баскару салаларының бірі және мыналарға ықпал етеді: а) кылмыс және қылмыстылық тудыратын себептер мен жағдайларға; ә) қылмыстылықтің өз бетімен детерминациялануынан сақтандыру және оны тыю максатында оның өзіне. «Қылмыстылықпен күрес» термині құқықтык, және басқа рес-ми кұжаттарда, сондайак ғылыми еңбектерде кеңінен қолданы-лады. «Қылмыстылықпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақ-стан Республикасында құқыктык, тәртіп орнатуда ғана емес, со-нымен катар тұлғалардың құкыісгары мен мүдцелерін корғауда да зор. Соңғы жылдары тек кана жеке адамдардың еміріне, бостандығына, мүлкінет.б. құндылықтарына қол сүғу қылмыстарының саны ғана өскен жоқ, сонымен қоса казіргі күні ұйымдасқан кылмыстылық, жемқорлык, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды». Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыстылықпен курес және құқық бұзушылардың күтімі жөнінде Конгресс өткізіп тұрады. Соны-мен катар бірқатар жұмыстарда «бақылау», «карсы әрекет», кей-де «қылмыстылықпен соғыс» сияқты ұғымдарды пайдалану керек
деген ұсыныстар бар. Бірақ бұл терминдер қаралып отырған мәселенің мәнін толықтай аша алмайды. «Күрес» — дегеніміз біріне-бірі үстемдік етуді максат түткан карама карсы мүдцелердің, топтардың, пікірлердің белсенді кақгы-ғысы. Бұл — әр уакъпта қандай да бір мақсатты кездейтін қызмет. Заң корғайтындармен бітіспес кайшылықта болатын мүдцелер, кұндылыктар, максаттар кылмыстылықтен өз көрінісін табады. Мұндай жағдайдағы мақсат — бәрінен бұрын қылмыстылықтің де-терминация және себептілік процесіне, онын өзіне ықпал ете отырып кылмыстық заңның жаппай бұзылуына жол бермеу, ал ол бұзыла калған жағдайда — айыптылардың қылмыстык, іс-кимыл-дан бас тартуына қол жеткізу және кылмыстылықті тыю үшін айыпкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын колдану. Мемлекет те, қоғам да ешкандай ымыраға жол бермейді. Сонымен, қылмыскерлікпен күрес дегеніміз — қоғамның қылмыстылықпен белсенді кактығысы. «Бақылау» деген сөз біреуді, бірдемені тексеруді, біреуді, бірдемені байқауды білдіреді. Бұл ұғымды криминологияда пайдалану әлі күнге дейін көңілге қонарлыктай болған жоқ, себебі әңгіме бұл жерде кылмыстылықті «байкау» жайында емес. «Қарсы әрекет» басқа әрекетті жою, «бірдемеге карама-карсы жүру, оған кедергі келтіру» дегенді білдіреді. Ал, біріншіден, тек мемлекет кылмыстылықке кедергі келтірмейді, қайта қылмыс-керлік мемлекетке, қоғамға кедергі келтіреді. Екіншіден, күрделі себептік-салдарлық кешені бар, оньщ ішінде кылмыстык занның бұзылуына жол бермеуді, ол бұзыла калғанда — айыптыға мемле-кеттік мөжбүрлеу шараларын колдануды қарастыратын әлеу-метгік құбылыс ретіндегі, қылмыстылықке ықпал ету шаралары-ның барлық жиынтығын камтымайды. «Ықпал ету», бүл — бірдемеге қол жеткізу максатында біреуге немесе бірдемеге бағытталған біржақты әрекет. «Кылмыстылықпен күрес» — екі қарама-қарсы тараптың өзара әрекеттестігінің айрықша түрі. «Қылмыстылықпен күрес» терминін қолданғанда қоғамның өнегелік, құқыктық негіздері мен қылмыстылық арасындағы бітіспес карама-кайшылықка гана бола назар аударылатын сияк,-ты. Егер бұл соғысты өмір үшін емес, өлім үшін соғыспен тендестіретін болсак, онда ол соңғының шеңберіне сыйыспайды. Қылмыстылықпен күрестегі басты мақсат — оның алдын алу, адам-ды кьшмыс жасаудан сақгандыру, ал егер оның кылмыстык әрекеті айкындалса — ондай әрекетгің сылтауы мен себептерін білу, оған қолданылатын қылмыстык, жазаны басқа шарамен алмастыру мүмкіндігін карастыру, қажетгі әлеуметгік көмек көрсету. Қылмыстылықпен күресті жалпы үйымдастыруға мыналар жатады:
1. Акпараттық-талдау қызметі.
2. Криминологиялық болжаулау.
3. Қылмыстылықпен күрес стратегиясын анықтау.
4. Қылмыскерлікпен күреске бағдарлама жасау.
5. Қылмыстылықпен күрес саласында заң шығарушылық.
6. Кылмыстылықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыс-керлікпен күрес жөніндегі қызметгі үйлестіру.
7. Қылмыскерлікпен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту. Ақпараттық-талдау қызметі — бұл көрініс тапқан қыл-мыскерлікті тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, кылмыстылықпен күрестің өткен кезендегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі кызмет. Ол: кылмыстылықті, статистикалық есептерді есепке алу жүйелерін құру; кылмыстылықпен күрес жүргізуші органдардың ағымдағы таддаушылық кызметін; криминологиялық зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық корытпаларын пайда-лану жолымен жүзеге асырылады.
2. Криминологиялық болжаулау — кылмыстылықтің болашак жайына және кдндай да бір баскарушылык шешімдердің крими-нологиялық маңыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.
Болжаулау қылмыстылықтің зандылыктарын, оның детер-минациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестін әр турлі шараларына әсерлік зандылыктарына негізделген. Бұл функцияның іске асырылуы кылмыстылықтің опера-тивтік талдамасы мен оның зандылықтарын зерттеудегі үйлесім-ділікті қажет етеді. Сондыктан да арнаулы криминологиялық кызмет кұру керек. Болжаулаудың екінші тарауда сөз болған әдістері кең пайда-ланылады. Маманкриминологгердің кылмыстылықтің өзгеру бо-лашағын ұжымдық талқылауы және тұжырымдарын баяндауы айрықша тәсіл болып табылады. Мұндай кылмыстылық проблемалары талқыланатын форумдар да болады. Проблемаларды жан-жақты талқылау үшін баска мамандардың да шакырылуы мүмкін. 3. Қылмыстылықпен курес стратегиясын анықтау. Криминоло-гиялык ситуацияны (қылмыстылықті, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялык болжамщы және мамандардын қылмыстылықпен ары қарай күрес женіндегі ұсыныстарын бағалау негізінде оның стратегиясы анық-талады. Бұл — мемлекетті қылмыстылықпен күресті ұйымдасты-ратын негізгі субъект жасайды. Стратегия дегеніміз — кылмыстылықпен күрес жүргізудің өнері сияқты, ол бұл күресте жеңіскер болу үшін негізгі сокқыны кдй бағытта жасау керектігін анықтайды. Сақтандыру шараларынын - қылмыстылықтің себептері мен жағдайларына ықпал етудің басымдылығы стратегиялықтұрғы-дан маңызды болып табылады. Тек сол ғана қылмыстық іс-қимыл-дың жаппай еріс алуына тоскдуыл бола алады. Ал ұйымдаскан қылмыс неғұрлым ауырлау қылмыстардың жасалуын, тұракты қылмыстык әрекетті және қылмыстылықтің қоғамға карсы бағытгалған ыклалын анықтайды. Ұйымдаскан кылмыстың дамуына кәсіби кылмыстылық едәуір «үлесін» косуда. Стратегия — жалпы кылмыстылықпен күресті ғана емес, оның жекелеген түрлерімен күрес жүргізу өнері (олардың қылмыс-керліктің жалпы жүйесіндегі орны ескеріліп). Криминолог пен кылмыстылықпен күрес жүргізуші мемле-кетгік кызметкердің өнері сонда, олар каражат тапшылығына кара-май жақсы идеяларды емірге алып келіп, олардан нақгы он нәти-желералуғатиіс. Стратегия шеңберінде қытыскерлікпен курестің тактикасы жасалады, онда нақты максаттар және сол жағдайларда оларға кол жеткізудің оңтайлы әдістері аныкталады. Тактика — стратегия-ның бір бөлігі. Мәселенің тактикалык шешімі әркашанда кадрлардың жетіспейтіндігін, материалдық тапшылыкты, қылмыс-керлікпен күреске каржының аз бөлінетінін ескеріп, нақты жағ-дайға тиісінше бағдар алуды талап етеді. Бірақ, «канша бере ала-сындар, сол бергендерінді кайда жаратуын өзіміз білеміз» деген ұстаныммен де келісуге болмайды. Тактикалық шешімдердің кри-минологиялык тұрғыдан негізделген есептері болуға тиіс, олар кейін, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін тиісінше түзетіліп тұрады. Жекелеген операцияларды жүргізуде де өнер керек. Стратегия мен тактика Қылмыстылықпен күрес бағдарламасында іске асырылады. Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау. Ол: ұзақ мерзімді (қылмыстылықпен күрес стратегиясын то-лықтай қамтиды), орташа мерзімді (әдетте, 2 жылға) және кысқа мерзімді (тоқсанға, жартыжылдыққа) болып белінеді. Бағдарлама жасау (бұрын — жоспарлау) коғамның, мемле-кетгің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына бағдарла-ма жасаумен байланыстырылады. Мұнымен қатар кылмыстылықпен күрестің жекелеген бағдар-ламалары жасалып кабылданады. Және де кылмыстылықтің же-келеген көріністерімен күрес бағдарламалары да болады. Бағдарлама жасауда мақсаттық сипат болуға тиіс, яғни алды-мен нақты максаттар баяндалады, одан соң оларға кол жеткізу жолдары аныкталады, орындаушылар, мерзімдері және оларды ресурстық қамтамасыз етудің сипаты керсетіледі (кадрлар, қаржы қаражаты, материалдык-техникалыкқамтамасыз ету жәнет.б.).
Кылмыстылықтан сақтандыруға ғана катысты бағдарламалар-ға (немесе бағдарлама бөлімдеріне) қарағанда кылмыстылықпен күрес бағдарламалары, мысалы, ақпаратгықталдама кызметін жетілдіру, жаңа зандарды немесе жаңа құкыктык нормаларды толықтай және ретімен колдану сиякты мақсатгарға қол жеткізуді көздейді. Егер анықтаушылар мен тергеушілердің санын, уақыт-ша ұстау изоляторларындағы орындарды көбейту керек болса — ондай шаралар бағдарламада керініс табады. Қылмыстылықпен күрес саласындағы зағ шыгарушылық. Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау заң шығарушы-лык жұмысымен тығыз байланысты. Егер колданыстағы заң елдегі кримналдық және криминогендік ситуацияның жаңа сипатгама-ларымен күресті камтамасыз ете алмаса, онда колданыстағы заң-дарды өзгерту немесе жаңа кұкыктық актілер жасау жөнінде тың-ғылықты әрі мақсатты жұмыс жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |