Сыртқы күш – кез-келген жүйедегі материялық нүктеге бұл жүйеге жатпайтын басқа денелердің әрекет ету күштері.
Ішкі күш – кез-келген жүйедегі материялық нүктеге осы жүйедегі басқа денелердің әрекет ету күштері.
Қозғалыс мөлшері – механикалық қозғалыстағы материялық дененің массасы мен жылдамдығының көбейтіндісімен анықталатын векторлық шама: .
Ньютонның бірінші заңы (инерция заңы): денеге сыртқы күштер әсер етпесе, онда ол тыныштық күйде немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады.
Ньютонның екінші заңы: дененің импульсының өзеру жылдамдығы оған әсер етуші күшке тең: . Немесе: дененің массасы мен үдеуінің көбейтіндісі оған әсер етуші күшке тең: .
Ньютонның үшінші заңы: екі дененің бір-бірімен әсерлесу күштерінің модульдері тең, бағыттары қарама-қарсы болады, яғни: .
Импульстің сақталу заңы: материялық нүктелердің тұйықталған жүйесінің толық импульсы тұрақты болады: .
Масса центрі – жүйенің радиус-вектормен анықталатын С нүктесі:
.
Мұндағы: m – i-ші бөлшектің массасы, m – жүйенің толық массасы, – i-ші бөлшектің радиус-векторы.
Тербеліс– белгілі уақыт өткен сайын қайталанып отыратын қозғалыс немесе процесс.
Еркін тербеліс – жүйенің өз энергиясы есебінен жүретін тербеліс.
Еріксіз тербелістер – сыртқы периодты күш әсерінен жүретін тербеліс.
Гармониялық тербеліс – синус немесе косинус заңы бойынша жүретін тербеліс.
Өшпелі тербеліс– уақыт өткен сайын біртіндеп әлсірей беретін тербеліс.
Молекулық физика – денелердің әртүрлі агрегаттық күйлердегі физикалық қасиеттерін заттардың микроскопиялық құрылысы негізінде зерттейтін физика бөлімі.
Термодинамика– тепе-теңдіктегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттері мен олардың бір термодинамикалық күйден екінші күйге ауысу процестері
Термодинамикалық жүйе– бір-бірімен және сыртқы денелермен зат пен энергия алмасушы дараланған макроскопиялық денелер жүйесі.
Термодинамикалық процесс– жүйенің кез-келген параметрінің өзгерісі.
Термодинамикалық параметрлер– жүйенің күйін сипаттаушы физикалық шамалар.
Диффузия– газ, сұйықтық, қатты дене күйіндегі екі дене өзара жанасқанда олардың бөлшектерінің араласу және бір-бірінің ішіне өту құбылыстары.
Ішкі кедергі (тұтқырлық)–жылдамдықпен параллель қозғалатын газ немесе сұйықтық қабаттары арасында пайда болатын кедергі.
Жылуөткізгіштік – температурасы жоғары қабаттан температурасы төмен қабатқа жылу тасымалдау құбылысы.
Заттың жылусыйымдылығы – дененің температурасын 1K-ге өзгертуге қажет жылу мөлшеріне тең физикалық шама.
Достарыңызбен бөлісу: |