Стратегиялық басқару – бұл ішкі және сыртқы нарықтың қатал бәсеке жағдайында ұзақ мерзімді болашақтағы өміршеңдігі мен бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін даму тұжырымдамасын өңдеуге бағытталған болжамды басқару.
Стратегия – бұл ұйым ішіндегі өзара қатынасқан жүйелер мен ұйымның мақсатына жетелейтін қоршаған ортадағы ұйым позициясына, ұйым қызметінің формасы, құралдары және салаларына қатысты ұзақ мерзімді сапалы анықталған ұйымның даму бағыты.
Ұйымдастырылған құрылым – бұл кәсіпорынды басқару элементтерінің бірі.
Басқарушының міндеті – бәрінен бұрын ұйым міндеті мен мақсатына жауап беретін, сыртқы ортамен максималды тиімді өзара әрекеттесуге, өз қызметкерлерінің күшін мақсатты бағыттауға мүмкіндік беретін құрылымды таңдау болып табылады.
Сату (айналым) рентабельділігі - өнімді сатудан түскен пайда немесе таза пайданың түсім соммасына қатынасы
Капиталдың (табыстылық) рентабельділігі - баланстық пайданың орта жылдық капитал құнына қатынасы.
Шаруашылық қызметті талдаусәйкес көрсеткіштер бойынша белгілі бір кезеңдегі салалардың, кәсіпорын қызметінің нәтижесін көрсетуді білдіреді.
Басқару – бұл алға қойған мақсатқа жетудегі адамдар тобына мақсатты бағытталған ықпал. Американдықтар үшін басқару – бұл басқа адамдардың білімін, еңбегін, мотивын қолдана отырып, алға қойған мақсатқа жету.
Ақпарат – басқарушының еңбек заттары мен құралдары. Басқарушы субъект пен объект арасындағы байланыс тек ақпараттың көмегімен жүзеге асырылады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - бұл басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттар жиынтығы.
Ақпаратты басқару – бұл дәлелденген шешімдерді қабылдау үшін пайдалы және жаңа дүниелер енгізетін қатынастар жиынтығы.
Өндірісті ұйымдастыру – бұл өнім дайындау процессінде тәртіп пен келісілген іс-әрекеттерді қамтамасыз ету.
Басқаруды ұйымдастыру - бұл басқару процессінде алға қойған мақсатқа жету бойынша тәртіп пен іс-әрекеттердің келісімін қамтамасыз ету, яғни белгілі бір типтегі басқарудың ұйымдастырылған жүйесін құру.
Жүйе – бұл тұтастай құрылымды құрайтын, өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы, бірақ олардың әрбірі өз заңдары негізінде дами отырып, жүйенің басты мақсатына бағынады.
Басқару жүйесі – бұл органдар мен звенолардың жиынтығы, олардың мақсатқа жету процесіндегі өзара әрекеті мен өзара байланысы.