Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
ГЛОССАРИЙ
Тақырыбы:Эмбрионалды дамудың ұрықтық кезеңі. Ұрықтан тыс ағзалар.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2021ж Онтогенез деп - генетикалық информацияның іске асырылуы негізінде әрбір организмнің,зигота түзілуден басталып,оның өлуіне дейінгі жеке даму процестерінің толық жиынтығын айтады.
Эмбриональдық даму –‘мбриональдық кезең ұрықтанудан,яғни сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылуынан басталады.
Аталық жыныс клеткасы - ;ұмыртқа және сперматозоид құрылым көрсеткіштеріне байланысты жоғары маманданған клеткаларға жатады.
Аналық жыныс клеткасы немесе овоцит (лат.жұмыртқа) -;ұмыртқа клеткасы дөңгелек шар тәрізді,сперматозойдпен салыстырғанда цитоплазмасы көп,қозғалмайтын клетка.
Гаструляция процесінде жетілген екі қабатты ұрықтың түзілуінің төрт әдісі белгілі.
Инвагинация: Бластодерманың бір бөлігінің түгелдей ішке енуі.
Эпиболия аз қозғалатын клетканың бөліну жылдамдығы төмен вегетативті полюстағы ірі клеткалардың (макромерлердің) анимальді полюстағы ұсақ клеткалармен (микромерлермен) жабылуы. Деляминация. Бластодерма клеткаларының бір-бірінің үстіңде орналасқан 2 қабатқа бөлінуі. Бұл уақытта гаструла сыртындағы клеткалар өсіп шеңбер тәріздес аймақ түзеді. Ұрықтың ішкі бөлігіндегі клеткалардан эктодерма түзіледі. Деляминация құбылысы құстарда, жұмыртқа салушы және планцентарлы сүтқоректілерде байқалады
Имиграция. Бір ортақ пластқа біріктірілген топтардың немесе жеке клеткалардың орын ауыстыруы. Бұл кезде бластула клеткалары бластоцель аймағына еніп экто және энтодерманы түзуге қатысады.
Иммиграция мультиполярлы, униполярлы және биполярлы болып бөлінеді. Мұндай бөліну ішек қуысты жануарларға тән қасиет болып саналады. Иммиграция бүкіл ұрықтарда кездеседі, бірақ негізінен жоғары сатыдағы омыртқалылардың гаструляциясының 2 - ші фазасына тән.
Гаструляция жоғарыда аталған құбылыстардың екеуімен бір уақытта жүруі мүмкін. Адамның және сүтқоректілердің гаструляцияларының ерекшеліктері. Бір уақытта екі құбылыс жүреді: трофобластың 2 қабатқа бөлінуі және деляминация арқылы эпибластың 2 қабатты ұрықты қалқаншаға айналуы. Қалқаншаның төменгі қабаты ұрықтық емес энтодерманы түзеді, ол трофобластпен қосылып бірінші ретті сарыуыздық қапшықты түзеді.
Эпибласт - келешек экто-энто және мезодерманың түзілуі көзі болып табылады. Трофобласттан провизорлы мүшелер пайда болады.
Инвагинационды гаструляция кезінде бластуланың вегетативті бөлігінің ішке енуінен кейін жаңа аймақ гастроцель түзіледі.
Эктодермадан келешекте тері эпидермисі, көру, есту, иіс сезу мүшелері, тіс эмалі, ауыз қуысының эпителииі жетіледі.
Энтодермадан асқазан, ішек эпителиясы, бауыр, өкпе эпителиясы, тыныс алу мүшелері, гипофиз, қалқанша бездер жетіледі.
Мезодермадан плевра, ішастар, перикард, жүрек тамыр, лимфа жетіледі. Мезенхимадан дәнекер ұлпасы, қан, тегіс бұлшықет және лимфа жетіледі.
Амнион дегеніміз эктодермалды қапшық. Іші сұйықтыққа толы болады. Бұл сұйықтық ұрықты кеуіп қалудан, механикалық зақымдалудан сақтайды. Сонымен қатар амниондағы тегіс бұлшықетті талшықтар тербелісті қозғалысты туғызып жетіліп келе жатқан ұрықтың бөлімдерін бір біріне кедергі жасаудан сақтайды.
Хорион- сыртқы ұрық қапшығы. Хорион аналық ұлпамен жалғасады. Хорион арқылы ұрықта газ алмасу, қоректену, фильтрация, гормондар синтезі құбылыстары өтеді.
Сарыуыз қапшығы - арқылы алғашқы жыныс клеткасы және ұрықтың қан клеткасы жетіледі.
Аллантоис мезодермасы хорион мезодермасымен қосылып плацентаны түзеді.