Глоссарий Тақырыбы: Ядролық реакциялар физикасы Орындаған:Әжі Аяулым Тобы: еп-18-3К1 Қабылдаған: Сайдуллаева Нурила Шымкент 2021 Ядролық реакциялар физикасы



Дата15.01.2022
өлшемі20,46 Kb.
#111868
Байланысты:
Әжі Аяулым ЕП-18-3К1 ядролық физика.docx.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кафедра:Физика

Глоссарий

Тақырыбы: Ядролық реакциялар физикасы
Орындаған:Әжі Аяулым

Тобы:ЕП-18-3К1



Қабылдаған:Сайдуллаева Нурила
Шымкент 2021

Ядролық реакциялар физикасы



  1. Атом ядросы - протондар мен нейтрондардан(нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі.



  1. Ядролық реакция - бұл ядроның құрамы мен құрылымының өзгеруімен және қайталама бөлшектердің немесе γ-кванттардың бөлінуімен қоса жүретін атом ядросының басқа ядромен немесе элементарлық бөлшектермен өзара әрекеттесу процесі. Әдетте ядролық реакцияға 4 бөлшек қатынасады: оның екеуі бастапқы бөлшек болып есептеледі де, ал қалған екеуі ядролық реакцияның нәтижесінде түзіледі. Реакция кезінде түзілген бөлшектің саны кейде 2-ден артық болуы да мүмкін.



  1. Термоядролық реакция – жүздеген миллион кельвин температурада жеңіл ядролардың бірігу реакциясы.



  1. Түзу ядролық реакция - ұшушы бөлшек энергияны барлык ядро нысанаға емес, осы ядродағы жеке нуклонға немесе нуклондар тобына беретін ядролык реакциялар.



  1. Ядролық реактор – тізбекті ядролық реакция жүзеге асырылатын ауыр ядролардың бөлінуін басқаратын қондырғы



  1. Отын мен баяулатқыштың салыстырмалы орналасуына қарай гомогендік және гетерогендік реакторлар болады.

  • Гетерогендік реакторлар- активті зонасында ядролық отыны, нейтрондар баяулатқышы және жылу тасығыш элементтері дискретті қабаттар түрінде орналасқан ядролық реактор. Гетерогенді реакторда жылу тасығыш зат ретінде қысымы жоғары су, гелий, сұйық металлдар пайдаланылады.

  • Гомогенді реакторлар - ядролық отын модератормен біртекті қоспасы болып табылатын ядролық реактор.

  • Гомогенді реактор мен гетерогенді арасындағы негізгі айырмашылық отын элементтерінің болмауы; ядролық отын реактордың ядросында біртекті қоспалар түрінде болады, оған уран тұздарының ерітінділері, жеңіл және ауыр суда уран оксидтерінің суспензиялары, уранмен сіңдірілген қатты модератор, балқытылған тұздар жатады. Газ тәрізді отынмен (газ тәрізді уран қосылыстары) немесе газдағы уран шаңының суспензиясы бар біртекті реакторлардың белгілі нұсқалары.



  1. Нейтрондарды көбейту коэффициенті деп реакцияның белгілі бір бөлігіндегі пайда болған нейтрондар санының, сол бөлікте одан бұрын болған нейтрондар санына қатынасын айтады.

  2. 1936-жылы Нильс Бор ядролық реакцияның құрама ядролық механизмін ұсынды. Ол бойынша ядролық реакция екі кезеңмен өтеді.

  • Бірінші кезенде тиетін бөлшек пен нысана ядро құрама ядро құрады.

  • Екінші кезеңде құрама ядро ыдырайды.

  • Құрама ядро арқылы өтетін реакциялардың екі түрі болады: резонанстық және резонанстық емес.

  • Құрама ядро механизмінің тағы бір ерекшілігі – аралық ядро арқылы өтетін реакцияның өнімдерінің бұрыштық таралуының и.ц.ж-де q =90° бұрышқа қатысты симметриялы болатындығы.



Бұл өрнек Брейт-Вигнер формуласы деп аталады.



Брейт-Вигнер формуласындағы көбейтісінің мәні бірге жуық.

  1. Ядролық заряд (Ядерный заряд)-ядролық энергияның босап шығуының жарылыс процесі жүзеге асатын қондырғы.Ядролық заряд оқ-дәрілер құрамына кіреді де, атомдық және термоядорлық болып бөлінеді. Атомдық зарядта жарылыс энергиясы тізбекті ядролық бөліну реакцияларынан пайда болады, ал термоядорлық (ескірген атауы — сутектік) зарядта энергия термоядорлық синтез реакциялары мен бөліну реакцияларынан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет