Глоссарий



Дата12.10.2019
өлшемі19,71 Kb.
#49684
Байланысты:
Глоссарий

Глоссарий


 

Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады.

Білім беру ұғымы процесс ретінде бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырлған оқу-тәрбие процесі,  яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.

Білім беру ұғымы нәтиже ретінде ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі.

Білім беру ұғымы жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.

Білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.

Педагог – бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлер.

Педагогтар -  құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Дидаскалар - оқыту ісімен айналысқан ежелгі грек мұғалімдері.

Педотриб – палестра (спорт) мектебінің мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы (Спарта - ежелгі грек полисі).

Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Конструктивті іс-әрекет педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асатын іс-әрекет.

Коммуникативті іс-әрекет педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекет.

Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі.

Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, олардың танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.  

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық  іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындық және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімін білдіреді.           (В.А.Сластенин)

Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).

Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).

Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне және өз іс-әрекеттеріне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыратын іскерлік түрі. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.

Перцептивті іскерлік – қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.

Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Мотивация ұғымын ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды (Н.И.Конюхов).

Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау  және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.

Тәрбие – бір мақсатқа бағытталған педагогтың кәсіптік іс-әрекеті, баланың тұлға ретінде дамуына, өз өмірінің субъектісіне айнала отырып, құндылықтарды игеруге әсер ету.

Аксиология – тұлғаның, қоғамның материалдық мәдени, рухани, ізгілік және психологиялық құндылықтарының тарихи – даму процесс кезінде өмір шындығымен байланыстылығы жайындағы философиялық ілім.

Гумандық – адамға сүйіспеншілік. Адам тәрбиесі ме оқытуда қалыптастырылатын негізгі ізгілік құндылық.

Мұғалім беделі – ерекше кәсіптік позиция, оқушыларға ықпал ете отырып, шешім қабылдау, бағалау, кеңес беру.

Педагогикалық ықпал – педагогтық тәрбиеленушінің санасына, жігеріне, эмоциясына әсер етуі және оның өмірі мен іс-әрекетін қойылған мақсатқа сай бағыттау, тұрақты тұлғалық қасиет қалыптастыру.

Мұғалім имиджі – тәрбиеленушінің, әлеуметтік ортаның санасында мұғалімді, адамды эмоциналды қабылдау образ стереотипі.

Карьера – кәсіптік рольдердің, әртүрлі адам өмірінде рет-ретімен ауысып отыруы, еңбек жолында мақсатқа жету.

Өзін-өзі бағалау – адамның жетістіктерін, олқылықтарын, мүмкіндіктерін бағалауы.

Қалыптасу – адамның өз дамуында жаңа формалар мен белгілерге жетуі, яғни мінездің, тұлғаның, ойлаудың қалыптасуы.

Мұғалімнің кәсіби әлеуметтенуі – кәсіптік ортаға ену процесі, педагогикалық тәжірибені игеру, педагогикалық ортаның стандарттары мен құндылықтарын игеру.

Мұғалімнің кәсіби «Мен-концепциясы» - 4-ке бөлінеді:



«Нақты Мен» - мұғалімнің өзін қазіргі еңбек ету жағдайын бағалауы, «Ретроспективті Мен» - жүріп өткен еңбек жолына баға беру;

«Идеал Мен» - идеал бейнеге ұмтылу;

«Рефлексивті Мен» - басқа адамдардың көзімен еңбегін бағалау.

Тар мағынада тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған процесс.



Кең мағынада тәрбие дегеніміз – қоғамдық-тарихи тәжірибені, жоғары моралдық нормаларды, ғылыми дүниетанымды, еңбек ету және тәртіп мәдениетін жаңа ұрпаққа беру процесі.

Тәрбие арқылы тұлғаның дүниеге көзқарасы, мінез-құлқы, жалпы адамдық қасиеттері қалыптасады.

Білім беру - табиғат және қоғам жайында жинақталған білім жүйесін, ойлау амалдарын жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білу процесі.

Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген ғалым И.Г.Песталоцци.



Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, басқарылатын оқушы мен оқытушының оқушылар өзара әрекет ету процесі. Бұл процесс оқушыларға білім, білік, дағдыларды меңгертуге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға, оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктері мен ақыл-ой күштерін дамытуға, алдыға қойған мақсаттарына сай өз білімдерін жетілдіру дағдыларын бекітуге бағытталған. Оқыту екі жақты процесс.

Даму –адам ағзасының сандық және сапалық жағынан өзгеру процесі мен нәтижесі. Тұлғаның дамуы ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлардың ықпалымен жүзеге асады.

Ғылымның әдіснамасы дегеніміз –ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық теориялардың негізі мен құрылымы туралы, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу туралы, білімдерді алу амалдары туралы білімдердің жүйесі.

Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз – құбылыстарды жан-жақты білуге және ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің жиынтығы.

Педагогикалық процесс дегеніміз-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің алдыға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған өзара әрекеттесуі немесе әлеуметтік тәжірибенің тұлға бойында қалыптасу процесі.

Тренинг - интерактивті оқыту формасы. Оның мақсаты тұлғааралық және кәсіптік қатынас тәртібін жетілдіру. Мұғалімдерді кәсіби жағынан даярлаудың бір әдісі болып табылады.

Тьютор (опекун) –қамқоршы.

Құндылық бағдар -1) адамның материалдық және рухани құндылықтарға өзіндік қатынасы, оның сенімі мен ұстаным жүйесі. 2) адамның объектілерді оның мәніне қарай саралау амалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет