Гомеостаздық нейро эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері



бет1/2
Дата11.12.2021
өлшемі29,58 Kb.
#99097
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Гомеостаз


Гомеостаз

Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері.

 

1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.



Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді.

Қан - жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында  келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қанның негізгі қызметтері:

1.            Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).

2.            Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).

3.            Ішек - қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тіндерге жеткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).

4.            Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адамденесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскрециялық қызмет).

5.            Қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды (қорғаныс қызметі).



6.            Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге катысады (гуморалдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу)

7.            Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор. Тіндерге қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір жасушадан екіншісіне аралық арналар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа тіндерге қан да жеткізіп отырады.

8.            Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды. Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады.

9.            Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.

 Гомеостаздың негізгі құрамдық бөліктеріне мыналар жатады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет