Гомеостаздық нейро эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері


А) Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар



бет2/2
Дата11.12.2021
өлшемі29,58 Kb.
#99097
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Гомеостаз

А) Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар:

Жасушаның өсуіне қажет заттар, энергия көздері — көмір-сулар, белоктар, майлар; Су; Натрий хлориді, кальций басқа да бейорганикалық заттар; Оттек; Ішкі секреция гормондары.



В) Жасуша активтігіне әсер ететін сыртқы факторлар:

Осмос қысымы;

Жылылық;

Сутек ионының концентрациясы (РН-көрсеткіш).



Г) Ағзаның қызметтік және құрылымдық біртұтастығын қалыптастыратын механизмдер:

Тұқым қуалаушылық;

Регенерация және репарация;

Иммунобиологиялық қасиеті.

Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның нервтік және эндокриндік реттелу механизмдерінің өзара әрекеттесуі салдарынан туындайтын ағзаның жалпы жауап реакциясына мысал ретінде стресс-реакцияларды жатқызуға болады. Ол қолай-сыз тіршілік жағдайларының қалыптасқан ағза гомеостазын бұзу қаупі туған кездерінде дамиды.

Стресс (күйзеліс-реакция) — дегеніміз ең алдымен күнделікті өмірде ерекше, төтенше немесе экстремальды әсерлер нәтиже-сінде пайда болатын ағзаның адаптивтік реакциясы болып саналады. Сонымен қатар, күйзеліс кейде жүрек-тамыр ауруларының, жүйке бұзылуының, психикалық бұзылыстардың дамуының себебі де болуы мүмкін.

Күйзеліс құбылысының мұндай бір-біріне қарама-қарсы қасиеттерін табиғаттың белгісіз күштерінің барлық уақытта мақсатқа сай әсер ете бермейтіндігімен түсіндіруге болады. Мысалы, И.И. Мечниковтен бері қарай қабыну құбылысы ағзаның қорғаныстық реакциясы екендігі белгілі. Әйтсе де көптеген адамдар қабыну саддарынан дүние салады. Сол сияқты күйзелісте. Бұл реакция бір жағынан ағзаның қорғаныстық реакциясы бол-са, екінші жағынан ол патологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Стресс (stress) — құбылысын оқымыстылар түрліше мағынада түсінеді: кейбіреулері ағзаның кез келген түршігу күйін стресс деп қарастырады. Екінші біреулері стресс, Г. Сельенің аурулар туралы іліміне сәйкес келеді деп есептейді. Олардың пікірлерін-ше, стресс — ағзада кез келген қолайсыз тіршілік жағдайларының (стрессорлар) әсерлерінен пайда болатын кез келген аурулардың өзіңдік ерекшелік (спецификалық) емес көріністері деп есептейді. Ал аурудың өзіндік ерекшелік емес керіністерінің түрлері ете көп, мысалы, бас ауруы, қалтырау, қабыну, невроз, шок, (есеңгіреу) парабиоз т.б.

Сондықтан да, қазіргі кезде стресс (күйзеліс) деп ағза гомеостазының бұзылу қаупі төнген кезде пайда болатын ағзаның спецификалық емес жалпы нейрогуморальдық реакциясын айтады.

Стресс реакциялардың ең негізгі сипаттамаларына мына-лар жатады: АКТГ (адено-кортикотропты гормон) және кортикостероидтардың секрециясының күшеюі; бүйрекүсті без қыртысының гипотрофиясы; тимуслимфалық жүйенің бұзылуы жөне кішіреюі; асқазан-ішек жолдарының қабынуы, жараның дамуы.

Стресс-реакциялардың дамуында 3 кезен байқалады:

1)  ағзаның қорғаныстық күштерін іске жұмылдырылуы (дабыл кезеңі); 2) ағза резистенттілігінің (төзімділігінің) жоғарылауы; 3) Қажу, стресс-реакцияның ақырғы кезеңі, ағза өліміне әкеледі.

Стресс-реакциялардың ақырғы нәтижесі түрліше болуы мүмкін: 1) стресс-адаптивтік механизм ретіңде ағзаны бұрынғы күйіне не жаңа күйге көшіріп, гомеостазды қалпына келтіреді;

2)  стресс-реакция аурудың даму механизміне айналып, ауруды қоздырады.

Адам гомеостазының қалыптасуы мен реттелуінің бірнеше механизмдері белгілі: нервтік, эндокриндік, биохимиялық, физико-химиялық, генетикалық, құрылымдық, иммунологиялық т.б


Қан жүйесіне қан жасушалары түзілетін, олар бұзылатын ағзалар және қанның өзі жатады (Ланг).

Қан жасушалары сүйек кемігінде (жілік майында) жасалады. Лимфоциттердің әрі қарай дамуы, жетілуі лимфоидтық тіндерде лимфа түйіндерінде, тимуста ішекте, бадамша бездерде өтеді. Эритроциттердің пісіп жетілуі, жарылуы – эритропоэз, лейкоциттердікі – лейкопоэз, сондай – ақ тромбоцитопоэз үздіксіз өтіп жататын үрдістер. Тәулік сайын қан жасушаларының біразы бұзылады, ыдырайды, олардың орындарын жаңа, жас жасушалар басады. Эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер саны биологиялық константаларға жатады. Қан ағынына шыққан ең жас эритроциттер ретикулоциттер деп аталады, олардың саны сау адамда эритроциттердің жалпы санының 1% - нен көп емес. Ретикулоцит протоплазмадсына арнайы бояумен боялатын торлы зат болады. Бұл зат, эритроциттер сүйек кемігінен шыққан соң 20 – 40 сағат өтісімен, яғни эритроцит жетілген соң жойылады. Ретикулоциттер санының көбеюі қанға толық жетілмеген эритроциттердің шыққанын көрсетеді. Эритроцит қанда 120 тәулік, ал лейкоцит бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жасайды. Кейбір лимфоциттер адам қанша жасаса, сонша жасайды. Ал тромбоциттердің тіршілігі 8 – 11 тәуліктен аспайды. Эритроциттердің көбі көкбауырда, біразы бауырда ыдырайды. Жарылып ыдыраған эритроцит құрамындағы темірдің 95% - і қайтадан пайдаланылып, жаңа эритроциттің құрамына кіреді. Эритроциттер 3 түрлі жолмен ыдырайды. Ең жас эритроциттер қан ағысына ілесіп жүріп жарақаттанады да ұсақ бөлшектерге бөлінеді (фрагментация), қанда ең тұрақты эритроциттер ғана қалады. "Кәрі" эритроциттерді мононуклеарлы (бір ядролы) фагоциттік жүйе (МФЖ) қармап жұтып жібереді (фагоцитоз), МФЖ бауыр мен көкбауырда көп болады. Кейбір көне эритроциттер қанның өзінде гемолизге ұшырайды.

Лейкоциттер де жаңарып отырады. Олардың көбі қан тамырынан тысқары шығатын болғандықтан, ішек – қарын, ауыз, көздің, шырышты қабығынан өтіп, сыртқа шығады.

Қандағы ыдыраған эритроциттер саны әрқашан жаңадан қанға келіп түскен эритроциттер санына сәйкес келуге тиіс. Бұл сәйкестік жүйке жүйесі және қан (гуморалдық заттар) арқылы реттеліп отырады.

Көптеген тәжірибелерге қарағанда симпатикалық жүйке қан жасушаларының түзілуін тездетсе, парасимпатикалық жүйке (кезеген жүйке) оны керісінше тежейді.

В.Н.Черниговский, А.Я.Ярошевский қабылдағыштардың қан түзілетін ағзаларда қалай орналасқанын, сол ағзалардың жүйке жүйесімен қалайша екі жақты байланыс жасайтынын анықтады. Қан түзілетін ағзалардың жағдайы өзгерсе, тиісті рецепторлар арқылы хабар бірден орталық жүйке жүйесіне жетеді. Ал одан шыққан серпіністер тиісті бұйрықтар арқылы қан түзілетін ағзаларға бағытталады. Рефлекстік әсерленіске гипоталамус, гипофиз және вегетативтік жүйке жүйесі қатысады. Қан түзілу үрдісіне эндокриндік бездер де әсер етеді. Қан түзілуін гипофиз (СГГ, АКГГ) бүйрекүсті безі, қалқанша без гормондары шапшаңдатады. Аналық без гормондары эритроцитопоэзді тежейтін болса, ер адам гормондары керісінше, оны үдетеді.

Жүйке жүйесі, эндокринді бездер қан түзілуіне (гомопоэзге) көбінесе гормондар арқылы әсер етеді. Эритропоэтин, лейкопоэтин, тромбоцитопоэтин (глюкопротеидтер) негізінен бүйректе, сондай – ақ бауырда, көкбауырда түзіледі. Қанда оттегі жетіспесе (гипоксия) эритропоэтин рефлекстік жолмен көбейеді.

Лейкопоэзді лейкопоэтин үдетеді. Лейкоциттердің саны азая бастаса, рефлекстік жолмен лейкопоэтин саны көбейе түседі.

Тромбоциттер түзілуіне тромбоцитопоэтиндер әсер етеді. Қан жасушаларының түзілуіне B12, B15, C витаминдері қатысады.

Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруларына ықпал етеді. Егер организмнің ішкі ортасының химиялық  құрамы мен физикалық, химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, клеткадан тыс ортада судың мөлшері азайса, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин – бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.

Организмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан клеткалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары организм дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар организміндегі тканьдік реттелу процестері, көбіне, осы жолмен жүзеге асады. Функцияларды реттеудің мұндай жолы тарихи жағынан (филогенетикалық) көне жол болып есептеледі. Бұл жол қазіргі дәуірдегі қарапайым организмдер тіршілігінде кең тараған. Олардың организміндегі функцияларды реттеу рөлін зат алмасу барысында түзілетін клетка ішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған химиялық активаторлар өзара жақын орналасқан бір клеткадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында нерв жүйесі қалыптасты және көп клеткалы организмдердің жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік рөлге ие болды. Дамудың одан кейінгі барысында нерв элементтердің кейбіреулері биологиялық активті заттар түзіп, оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болады.Нерв клеткаларының мұндай жүйелерін нейросекторлық клеткалар деп атады. Кейіннен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелер мен жүйелерге әсер ете бастады.

Сонымен функцияларды реттеу жүйесінің эволюциясы мына бағытта дамыған: клетка ішілік химиялық заттар    >    нерв клеткалары         >   нейросекреторлық клеткалар      эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар организмінде жоғарыда келтірілген реттеу механизмдерінің барлық түрі сақталған. Бірақ организмінің біртұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестіндіруде нерв жүйесі ерекше роль атқарады.

 

Қолданған әдебиеттер:



1.            Ж.Н.Нұрғалиев, С.Т.Төлеуханов "Эндокриндік жүйелер физиологиясы".

2.            Сәтбаева, Нілдібаева "Адам физиологиясы".



      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет