Lactinum-лактин; 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/т енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы) қолданылады.
Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил) болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонының және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |