б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары
Іntermedinum-интермедин: 0,05 және 0,1 флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы - 3 тамшыдан; 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемеролопияда, жоғарғы дәрежелі миопияда және т.б. қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.
в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары
Окситоцин, питуитрин (<<Миометрияға әсер ететін дәрілер>> тақырыбына қараңыз) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігіне қолданылады.
Adiurecrinum-адиурекрин (құрғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де – 20 ӘБ бар)-2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар..
Достарыңызбен бөлісу: |