Химиялық табиғаты: АКТГ немесе кортикотропин аденогипофиздің базофильді жасушаларында синтезделеді және оның бөлінуі гипоталамустың кортиколиберинімен ынталандырылады. Бұл гормон 39 аминқышқылынан тұратын полипептид. Гормондық белсенділігі соңғы 24 аминқышқылынан тұратын фрагментіне байланысты. N соңғы 1-24 фрагменті барлық омыртқалыларды бірдей болатыны анықталған. Ал С – соңғы, әсіресе 25-33 бөлігі әртүрлі жануарларда әртүрлі.
Қазіргі кезде клиникада АКТГ-нің 1-24 фрагменті болып табылатын синактен деп аталынатын синтетикалық препарат қолданылады.