СТГ секрециясының бұзылуы: 1. гормонның артық мөлшерде бөлінуі аденогипофиздің қатерсіз ісігі, кейбір жүкті әйелдерде босанар алдында байқалады. Ағзадағы әртүрлі стрессорлық әсер кезінде олардың қан плазмасындағы мөлшері артады. Жас ағзада гормонның шектен тыс бөлінуі гигантизмге алып келеді, ал ересектерде акромегалия түрінде көрінеді. Акромегалия дененің кейбір бөліктерінің (саусақтар, мұрын т.б. тым артық өсіп кетуі) пропорционалды емес өсуі арқылы көрініс береді;
2. гормонның гипо өнімі балаларда қауіпті және қортықтық немесе ергежейліліктің дамуына алып келеді, ақыл-естің кемдігі, креатинизм түріндегі ергежейліліктің дамуына тән балалар гипотиреодизміне қарағанда СТГ жетіспегенде балаларда тек бой өсуі бұзылады немесе «ақылды қортық» пайда болады, яғни науқастарда дене бітімінің дұрыс пропорциялары, сәйкесінше ақыл-естің дұрыс дамуы сақталады.