меланин синтезін ынталандырушы ретінде, тері пигментациясын күшейтеді.
АКТГ-ның барлық әсерлері глюкокортикоидтардың биологиялық әсерлерімен байланысты, олар ерекше молекулярлы механизмдер арқылы жүйелік деңгейде қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, шокқа қарсы, ыстықты түсіретін және ауруды тыныштандыратын әсер көрсетеді. Осыған байланысты АКТГ және оның аналогтары (синактен), глюкокортикоидтармен бірге, әртүрлі ауруларды емдеу үшін пайдаланылуда, сонысен қатар әртүрлі әсерлерге қалыптасу деңгейін арттыру үшін стрессорлы шоктың дамуының (қатты жарақат, ұзақ хирургиялық операциялар және т.б.) алдын алу үшін пайдаланылады.