Көмірсу алмасуына әсері: Глюкокортикостероидтардың әсерінен глюкозо-6-фосфотазаның белсенділігі жоғарылайды және бауырдың глюкокиназасының белсенділігі тежеледі. Соның салдарынан бауырда глюкоза мүлдем болмай қалмайды, ал глюкозо-6-фосфаттың қалған молекулалары дефосфорланады, сондықтан, глюкоза глюкокортикостероидтар бауырда гликогенсинтетаза түзілуін қамтамасыз ететіндіктен глюконеогенезге жұмсалынады. Бірақ, глюконеогенездің жылдамдығы, гликогеногенездің жылдамдығынан асып түседі, сондықтан қанға глюкоза бөлініп, гипергликемия пайда болады және ол глюкозурияны да тудыруы мүмкін.
Глюкокортикостероидтардың әсерінен пируваттан ацетил-КоА түзілуі тежеледі, сондықтан қанда лактат көп болады.