Гормондар биохимиясы


Қан тамырларының өткізгіштігіне әсері



бет54/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Қан тамырларының өткізгіштігіне әсері: Глюкокортикостероидтар жасушалық және жасуша ішілік мембрана өткізгіштігін төмендетеді. Бұл гиалуронидаза белсенділігінің төмендеуінен глюкозаның әртүрлі ағзалар жасушасына өте алмауын тудыруы мүмкін. Бірақ бұл бас миы ұлпаларының глюкозаны энергия көзі ретінде пайдалануына және ацетилхолин түзілуінің көзі болуына кедергі келтірмейді.
Липид алмасуына әсері: Глюкокортикостероидтар дененің төменгі бөлігінің май ұлпаларына, аяқ ұштарында липонеогенезді тежейді, липолизді жоғарылатады. Нәтижесінде қандағы жоғары май қышқылдарының (ЖМҚ) құрамы артады, олардың бауырға түсуі жоғарылап, онда β-тотығу жүреді. Түзілген ацетил-КоА –дан кетонды денелер синтезделеді. Ал бауырдағы глицерин глюконеогенезге барады.
Глюкокортикостероидтар дененің жоғары бөлігі мен бет-әлпеттерінде липогенезді жоғарылатады, аталған дене бөліктерінде майлар жинақталады.
Осылайша глюкокортикоидтардың әсерінен барлық нысана-жасушаларда глюкозаның тотығуы төмендейді. Бауырда жүріп жатқан гликогеногенез жылдам жүріп жатқан глюконеогенезді қамтамасыз ете алмай, салдарынан глюкоза қанға түсіп гипергликемияны, ал соңынан глюкозурияны тудырады. Бұл ағзаның стресске бейімделуіне бағытталған. Егер физиологиялық ортады глюкокортикостероидтардың әсерінен энергия қабынуы 65-75% липидтердің, 25-30% ақуыздардың, 5% көмірсулардың тежелуі арқылы жүрсе, стресс кезінде глюкокортикостероидтардың әсерінен энергия қабынуы 10-30% липидтердің, 50-60% ақуыздардың, 20% көмірсулардың тежелуі арқылы жүреді. Бірмезгілде ағзалар мен ұлпалардың биохимиялық арнайылығына сәйкес энергетикалық субстраттармен қамтамасыз етілуі қайта құрылады. Ми негізінен глюкозаны және жартылай кетон денелерін тотықтырып жатқанда, бұлшық еттер глюкоза мен ЖМҚ белсенді тежейді. Эритроциттер тек глюкозаны пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет