Гормондар биохимиясы



бет50/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Глюкокортикостероидтар. Бүйрек үсті бездерінің 79% -ын қамтитын екінші қабатта түзіледі. Біршама жоғары белсенділік көрсететін кортизол (гидрокортизон) -70%, кортикостерон 10% және төмендеу белсенділік көрсететін кортизон 20% болып табылады. Глюкокортикостероидтар холестериннен түзіледі. Холестерин НАДФН2 және О2 қатысуымен прегненалонға дейін тотығады. Прегненалон прогестеронға дейін тотығып, митохондриальды цитохром Р450 қатысуымен гидроксилденіп кортизол мен кортикостеронды береді. Адамда, маймылда және итте көп мөлшерде кортизол синтезделеді, ал тышқандар мен қояндарда кортикостерон синтезделеді.
Қан сарысуында кортизолдың көп бөлігі глобулин типтес арнайы ақуыздар транскортин және қансарысуының альбуминімен байланысады. Глюкокортикоидтардың қан сарысуымен байланысы, олардың ерігіштігін арттырады, ағзалар мен ұлпаларға тасымалдануын жеңілдетеді, уақытша инактивтейді, бұзылудан қорғайды. Глюкокортикостероидтардың қан сарысуымен байланысу қабілеті жыныс гормондары әсерінен жоғарылап, тироксиннің әсерінен төмендейді. Глюкокортикоидтар қан сарысуында ғана емес, эритроциттерде де анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет