Гормондар биохимиясы



бет58/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Әсер ету механизмі: ІІ
Нысана ұлпалары: бүйректер, ішектің кілегей қабығы, сілекей және тері бездерінің эпителиялары, тері, миокард, бауыр, несеп қапшығы.
Физиологиялық әсері: Альдостеронның әсерінен нысана-жасушаларда тотыға фосфорлануға қатысатын ферменттер синтезі күшейеді. Бұл АТФ-тың жоғарылауына алып келеді. АТФ-азалар синтезі де күшейіп, АТФ ыдырауында түзілген энергия К+, Nа+ - жұмысына жұмсалады. Мұнда натрий бүйрек түтікшелерінің эпителийлерімен, сілекей бездері және асқазан-ішек трактісімен реабсорбцияланады.
Осылайша, натрий алмасуына таңдамалы әсер ете отырып, альдостерон қанның осмостық қысымын реттейді. Калий мен сутегі алмасуына әсер ете отырып, оның несеппен шығарылуына жағдай жасайды.
Минералкортикоидтар қанның қышқылды-негіздік жағдайын реттейді, бұдан басқа әртүрлі ағзалар жасушаларынан натрий бөлінуі және олармен калий иондарының қор болып жиналуын реттейді. Бұл қанда натрий иондары концентрациясының жоғарылауы мен калий мөлшерінің төмендеуіне алып келеді. Қанда натрийдің жоғарылауы қанның осмостық қысымының жоғарылауын тудырады, салдарынан қан тамырдарына судың бөлінуі артады. Осының нәтижесінде қан айналымы көлемі және артериальды қан қысымы жоғарылайды.
Бүйрек үстінің торлы қабатында андрогендер (дегидроэпиандростерон, андростендион және тестостерон) түзіледі. Андрогендер секрециясы ерлер ағзасы үшін онша физиологиялық маңызды емес. Ал, керісінше әйелдер ағзасы үшін андрогендер өте маңызды болып табылады. Андрогендер әйелдер ағзасында екіншілік жыныс белгілері - жыныстық мүшелері айналасы мен қолтық астында түктер басуда маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет