Гормондар биохимиясы


Бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігінен



бет60/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігінен Адиссон ауруы (қола ауруы) дамиды. Мұның себебі көбінесе туберкулез, қан құйылу, ісік, іріңді қабыну кездеріндегі бүйрек үсті қыртысты қабатының екіжақты зақымдануынан болып табылады. Аурудың белгілеріне тері бөліктерінде ДОФА-оксидазаның әсерінен меланиннің күшейе түзілуінен дақтар (пигменттер) пайда болуы жатады. Яғни, Адиссон ауруы кезінде заттар алмасуы мен ағза қызметінің аралас бұзылулары байқалады. Глюкокортикоидтардың жетіспеушілігі психоэмоционалдық стресс және әртүрлі зақымдаушы факторлардың әсеріне (инфекциялар және т.б.) ағзаның қарсылық көрсету қабілетін төмендетеді. Альдостеронның жетіспеушілігі су-тұзды алмасудың зақымдалуына алып келеді. Ағза натрий мен суды жоғалтып, калий иондарын жинақтайды. Салдарынан гипотония, бұлшық еттік әлсіздік, тез шаршау байқалады. Андрогендер мен эстрогендердің жетіспеушілігі аурудың жалпы белгілеріне сәйкес белгілерді тудырады. Адиссон ауруы кезінде кортикостероидтардың төмен деңгейі гипофиздің АКТГ және МСГ-ды бөлуін ынталандырады да, салдарынан терінің пигментациясының күшеюі (қола түсті) байқалады.
Глюкокортикоидтар синтезінің бұзылуынан қанда глюкоза мөлшері төмендеп, гипогликемия пайда болады, глюкоза мөлшері 2,7-1,7 ммоль/л-ға дейін түсуі мүмкін. Гипотония, асқазан-ішек трактісі жағынан бұзылу (тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, асқазан тұсының ауыруы), асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі, асқазан асты безі жұмысының сыртқы бөлінуінің төмендеуі байқалады. Гиперинсулинизмге қатысты белгілер пайда болады. Электролиттік алмасу бұзылып, қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калий мөлшері артады. Калий несеппен натрий мен хлорға қарағанда аз бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет