Бүйрек үсті гормондары
Бүйрек үсті гормондары – бүйрек үстінің май жасушаларында болатын қос бездер. Олар екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және ішкі милы қабаттан.
Бұл екі қабат әртүрлі ұрық жапырақшаларынан дамиды. Мысалы: қыртысты қабат целом эпителийінен дамиды және осыдан гонадтар түзіледі. Қыртысты қабат пен жыныс гормондарының құрылыстарының туыстығының өзі осыған байланысты. Қыртысты қабаттың гормондары құрамындағы липидтердің (холестерин мен оның эфирлері) едәуір мөлшерде болуына байланысты сары түсті болып келеді. Сыртқы көрінісінің бір-бірінен айырмашылығы, гистологиялық құрылысы, әртүрлі ұрық жапырықшаларынан түзілетін және бөлек қан айналымы бар бұл бүйрекүсті гормондары, әртүрлі гормондар түзетін ішкі секреция бездері болып табылады. Алайда, екі қабаттың да гормондары бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінің секрециясына біріге қызмет етеді.
Қыртысты қабат. Қазіргі кезде бүйрек үсті бездерінен кортикостероидтар деп аталатын 100-ге жуық әртүрлі холестерин туындылары алынған. Алайда, олардың 10-ы ғана биологиялық белсенділік көрсетеді, қалғандары кортикостероидтардың синтезі мен ыдырау өнімдерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |