Гормондар биохимиясы


Гормондардың әсер ету механизмдері



бет6/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гормондардың әсер ету механизмдері

Барлық белгілі гормондар жасушаішілік ферменттер белсенділігін өзгерту жолымен әсер етеді және әсер ету механизміне қарай 3 топқа бөлінеді:


І. жасушаішілік ферменттер белсенділігін олардың модификациясы жолымен өзгертуші гормондар. Бұл гормондар жасуша сыртында (плазмалық мембранада) орналасқан рецепторлармен байланысады және екіншілік мессенджерлер арқылы әсер етеді:
а) аденилатциклазаны белсендіре отырып (цАМФ мөлшерін арттырады) әсер ете алады, оларға катехоламиндер, көпшілік ақуыз-пептидтік гормондар жатады (бірақ, СТГ, пролактин және инсулин жатпайды);
б) цГМФ арқылы әсер ететін биологиялық белсенді заттар, оларға натрий – уретикалық фактор, брадикинин, ацетилхолин, гистамин, азот оксиді жатады. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде қолданылатын нитропрепараттар да осы цГМФ арқылы әсер етеді;
в) кальций иондары және фосфотидилинозин арқылы әсер етуші гормондар, оларға норадреналин, окситоцин, гонодотропин-рилизинг-фактор, тиреотропин-рилизинг-фактор, вазопрессин және т.б. жатады;
ІІ. жасушаішілік ферменттер белсенділігін ферменттер синтезі жылдамдығын өзгерту жолымен әсер етуші гормондар. Бұл гормондар цитозольдік, ядролық немесе органоидтар рецепторлары сияқты жасушаішілік рецепторлармен байланысады. Бұларға стероидты гормондар, Т3 жатады;
ІІІ. жасушаішілік ферменттер белсенділігін плазмалық мембрана өткізгіштігін өзгерту жолымен әсер етуші гормондар. Бұл гормондар плазмалық мембрана рецепторларымен байланысады және өзінің әсерін тирозинкиназды-фосфатты жүйені қолдана отырып екіншілік мессенджерлер арқылы көрсетеді. Мұнда субстраттар концентрациясының жоғарылауы, ақуыз тасымалдаушылар белсенділігі және иондық каналдар есебінен жасушаішілік ферменттер белсенділігінің өзгеруі жүреді. Мұндай гормондарға инсулин, соматомединдер, пролактин, вазопрессин жатады.
Гормондарды әсер ету механизміне қарай жіктеу ыңғайлы болғанымен, олардың әсері бұл механизмдердің кез-келген комбинациясымен араласып кете алатынын ескере кеткен жөн. Бұдан басқа кейбір гормондардың әсер ету механизмдері әлі толық анықталмаған, сондықтан олардың жасушаға басқа да әсерлері бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет