Гормондар биохимиясы



бет8/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гуанилатциклазды жүйе. Гуанилатциклазаның мембранабайланысқан және еріген (цитозольді) түрі бар.
Гунилатциклазаның мембранабайланысқан түрі үш бөліктен тұрады:
1) танушы (плазмалық мембрананың ішкі жағында);
2) трансмембрандық;
3) каталиттік (мембранабайланысқан және еріген екі түрінде де бірдей).
Гуанилатциклаза жүрек, өкпе, бүйрек үсті, ішек эпителийлері, көздің торлы қабығы сияқты көптеген ағзалар мен тіндерде табылған. Бұл цГМФ арқылы реттелудің жасушаішілік метаболизм реттелуінде кең көлем алатынының дәлелі.
Ферменттің мембранабайланысқан түрі сәйкес рецепторлар қысқа жасушасыртылық пептидтер арқылы белсендіріледі, мысалы, жүрекшенің натрий-уретикалық факторы. Натрий-уретикалық фактор қан айналысы көлемінің жоғарылауына жауап ретінде жүрекшеде синтезделеді, соңынан бүйрекке түсіп, онда гуанилатциклазаны белсендіреді және натрий мен судың экскрециясының жоғарылауына алып келеді. Біріңғай бұлшық еттер жасушаларында да олардың босаңсуын тудыратын аналогтық гуанилатциклазды жүйе бар. Осы жүйе арқылы эндогенді және экзогенді вододилататорлар да әсер етеді. Ішектің эндотелиальді жасушаларында гуанилатциклаза белсендірушісі судың сіңірілуіне тосқауыл болатын және диарея дамуына алып келетін бактериалды эндотоксин болуы мүмкін.
Гуанилатциклазаның еріген түрі (цитозольді) құрамында гем бар фермент. Апоферментінің 2 суббірлігі бар. Бұл ферменттің белсенділігінің реттелуіне нитровазодилататорлар, оттегінің белсенді түрлері (мысалы, азот оксиді), липидтердің асқын тотығуының өнімдері, релаксация эндотелиальді факторлары қатысады.
цГМФ протеинкиназа G-ге немесе 2 суббірліктен тұратын цГМФ-қа тәуелді протеинкиназаға әсер етеді. Әрбір суббірлігінде 2-реттеуші және 2 каталиттік орталықтары бар. цГМФ протеинкиназа G-ның реттеуші бөлігімен байланыса отырып, оның белсендірілуін тудырады. Протеинкиназа G және протеинкиназа А серин-треонинкиназа бола отырып әртүрлі ақуыздар мен ферменттердің сериндері мен треониндерінің фосфорилденуін әртүрлі биологиялық әсер көрсете отырып тездетеді. Протеинкиназа G гликогенсинтетаза белсенділігін жоғарылатады, тромбоциттер агрегациясын тежейді, фосфолипаза С-ны белсендіреді, Са2+ -тің деподан шығарылуын қамтамасыз етеді. Осылайша, өзінің әсерлері арқылы цГМФ цАМФ антогонисі болып табылады. Бір ғана гормон цГМФ арқылы да, цАМФ арқылы да әсер етуі мүмкін. Нәтиже гормон қандай рецепторлармен байланысқанына байланысты. Мысалы, адреналин α-рецепторлармен де, β-рецепторлармен де байланыса алады, сондықтан байланысқан рецепторларына қарай әртүрлі әсер көрсетуі мүмкін. Адреналиннің β-рецепторлармен түзген жинағы цАМФ түзілуіне, α-рецепторлармен түзген жинағы цГМФ түзілуіне жағдай жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет