Гормондар биохимиясы



бет10/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Екінші механизм

Әсер ету механизмінің бұл түрі мембрана арқылы жеңіл өте алатын, яғни липофильдік әсерге ие (стероидты жне тироидты) гормондарға тән. Бұл гормондардың рецепторлары жасуша ішінде (цитоплазмада немесе ядрода) орналасқан. Гормон цитоплазмаға түсіп, рецептормен байланысады. Гормон-рецепторлық жинағы ядроға түседі. Гормонның бірден ядроға (стероидты гормондар) түсуі және гормон – рецептор жинағын түзуі де мүмкін. Ядрода стероид – рецепторлы жинақ реттеуші транскрипцияны реттей отырып, хроматин ақуыздарымен байланысады. Бұл жинақ бірден ген-реттеушімен байланыса алады, нәтижесінде ақуыз-репрессор синтезделмейді, сондықтан ген-оператор ДНҚ молекуласындағы құрылыстық гендерді жұмысқа шығарады, транскрипция үдерісін күшейтіп, түзілген мРНҚ цитозольге түседі де ақуыз-ферменттер синтезі жүретін матрицаны шоғырландырады. Тироид-рецепторлы жинақ цитозольден ядроға өтеді, онда диссоциацияланады және гормон-ядролық рецептормен байланысады, тироид-ядролық-рецепторлық жинақ, стероид-рецепторлық-жинақ сияқты ДНҚ-ға әсер етеді.


Осы механизм бойынша әсер ететін гормондар ақуыздар мен ферменттердің синтезін белсендіріп қана қоймай, ақуыздар синтезін төмендете отырып, бірқатар гендерді репрессорлейді. Гормондардың әсері тікелей, яғни белгілі бір мөлшерде ақуыздар және ферменттер синтезі жолымен таратылады. Екінші механизм бойынша әсер ететін гормондар бейімделу (адаптация) гормондары деп аталады. Олардың әсері белгілі бір уақытта немесе кезеңде білінеді. Осы механизм бойынша липофильдігі жөнінен стероидты және суда еритін гормондар арасында аралық орын алатын стероидты гормондар мен трийодтирониндер әсер етеді.


Үшінші механизм

Бұл механизм ерекше болып табылады, яғни осы механизм бойынша әсер ететін гормондар жасушаішілік ферменттер (бірінші механизм бойынша әсер ететін) белсенділігіне әсер етеді; ақуыздар мен ферменттер синтезін (екінші механизм бойынша әсер ететін гормондар сияқты) күшейтеді. Осыдан басқа үшінші механизмнің жасуша мембраналары өткізгіштігін жоғарылатуына байланысты, арнайылығы бар. Бұл гормондардың рецепторлары плазмалық мембранада орналасқан және екіншілік жасушаішілік аралық байланыстырушы заттардың тирозинкиназды-фосфатты жүйесімен байланысқан. Осы механизм бойынша инсулин, СТГ, пролактин, вазопрессин әсер етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет