Гормондар биохимиясы



бет7/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Бірінші механизм

Жоғарыда айтылғандай, осы механизм бойынша әсер ететін гормондар жасушаішілік ферменттер белсенділігіне әсер етеді және өз әсерлерін екіншілік мессенджерлер жүйесі:


1) аденилатциклазды;
2) гуанилатциклазды;
3) кальций кальмодулинді және фосфотидилинозинді жүйелер арқылы көрсетеді.
Аденилатциклазды жүйе үш бөліктен тұрады:
І-бөлім – танушы бөлімі, жасуша мембранасының сыртқы қабатында орналасқан рецепторлар, гликопротеид типті қышқылды ақуыздар;
ІІ-бөлім – бірігуші ақуыз (G-ақуыз). G-ақуыздың екі түрі бар, GS- белсендіруші және Gі- тежеуші. Бұл ақуыздың әрқайсысы 3 суббірліктен α, β, γ – дан тұратын тример болып табылады. Екі ақуызда да β және γ суббірліктері бірдей. Белсенсіз күйде G-ақуыз гуанозинфосфатпен өзінің α-суббірлігімен байланысқан;
ІІІ-бөлім – каталиттік, мембрананың ішкі жағында орналасқан аденилатциклаза ферменті болып табылады, оның активті ортасы жасуша ішіне қараған. Аденилатциклаза – аллостерлі фермент, бір полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 120 000 – 150 000 Д. Ферменттің екі SН тобы бар, біреуі GS-ақуызбен бірігуге, ал екіншісі каталиттік белсенділігін білдіруге арналған.
Гормондық сигналды беру кезінде жасуша ішінде гормон рецептордың танушы бөлімімен бірге GS-ақуызға әсер ететін комплекс түзеді және α-суббірліктердің ГТФ-пен байланысына жағдай жасайды. Бұл комплекс β және γ димерлерден бөлініп шығады және аденилатциклазаның аллостерлік орталығына, оның активациясын тудыра отырып, шоғырланады. Белсенді аденилатциклаза магний иондарының қатысуымен АТФ-тен цАМФ және пирофосфат бөліп шығады.
цАМФ протеинкиназа-А-мен бірге әсер етеді. Протеинкиназа – А белсенсіз түрде 2 реттеуші (әрқайсысында цАМФ-пен байланысатын екі орталығы) және 2 каталиттік суббірліктерден тұратын тетрамер болып табылады. цАМФ протеинкиназа-А-ның реттеуші суббірліктерімен байланысып, ферменттің диссоцациясын тудырады, 4 цАМФ-тен 2 реттеуші суббірліктер бөлініп шығады, ал 2 каталиттік суббірліктер протеинкиназа-А-ның белсенді түрін түзеді. Протеинкиназа-А АТФ-тен фосфат тобының серин мен треониннің ОН тобына, бірқатар ақуыздар және нысана жасушалары ферменттерінің тасымалдануын катализдейтін серин-треонинкиназа болып табылады. цАМФ мөлшерін төмендететін кейбір гормондар бар, олар аденилатциклаза белсенділігін тежейді, мысалы, соматостатин. Соматостатин өзінің рецепторларымен байланыса отырып, Gі-ақуызды белсендіреді, αі – суббірлік түзілуінің диссоциациясында ГТФ-пен байланыса отырып, аденилатциклаза белсенділігін тежейді. Осындай жолмен Е-простагландиндер, ацетилхолин, опиоидтар, ангиотензин ІІ әсер етеді.
Протеинкиназа – А қатысуымен фосфорилдену кезінде фосфор қышқылы қалдығы тасымалданатын ақуыздар кейбір ферменттер, мысалы, фосфорилаза, липаза, гликогенсинтетаза, метилтрансфераза және рибосома, ядро, мембрана ақуыздары болуы мүмкін. Фосфорилдену кезінде фосфорилаза және липазалардың белсенсіз түрлерінің молекулаларының конформациясының өзгерісі байқалады, бұл оның белсенділігінің жоғарылауын тудырады. Алайда, гликогенсинтетазаның фосфорилденуі, керісінше оның белсенділігінің тежелуіне алып келеді. Рибосома ақуыздарына фосфор қышқылының қосылуы олардың ақуыз-синтездеуші белсенділігін жоғарылатады. Егер фосфор қышқылы ядро ақуыздарымен қосылса, ақуыз (гистон) бен ДНҚ арасындағы байланыс әлсізденіп, транскрипция жоғарылайды, яғни ақуыздар синтезі жоғарылайды. Мембрана ақуыздарының фосфорилденуі бірқатар заттарды, негізінен иондардың өткізгіштігін арттырады.
Аденилатциклазды жүйе гормондық сигналды бірнеше рет күшейте отырып сатылы механизм бойынша әсер етеді. Осылай бір гормон-рецепторлы жинақ 500 цАМФ түзілуіне алып келеді, цАМФ 100 протеинкиназаны белсендіреді, ал бір протеинкиназа 1000 ферментті белсендіреді. Осыдан бір молекула гормон 50 млн фермент белсендірілуіне жағдай жасайтынын пайымдауға болады.
Осылайша, цАМФ арқылы әсер ететін гормондар әсерінен гликогенолиз, липолиз, ақуыздар синтезі, иондар тасымалдануы, эндокринді және экзокринді бездер секрециясы жылдамдайды.
цАМФ арқылы әсер ететін гормондар сигналын алып тастау келесі жолмен жүреді:
1) гормон тез бұзылады, салдарынан гормон-рецептор жинағы бұзылады. Бұл жинақтың диссоциациясы кезінде оның G-ақуызға әсері тоқтатылады. Осы ақуызбен байланысқан жағдайдағы гуанозинтрифосфат гуанозин үшфосфат пен фосфор қышқылына ыдырайды, ал мұндағы бөлінген энергия G-ақуыз суббірліктерімен (α, β, γ) қосылуға жұмсалады;
2) жасушалардағы гормондық сигналды алып тастау үшін цАМФ-ті аденил қышқылына айналдыратын ерекше фермент фосфодиэстераза бар. цАМФ-тен босап шыққан протеинкиназа А-ның реттеуші бөліктері қайтадан белсенсіз фермент түзе отырып, каталиттік бөліммен бірігеді;
3) протеинфосфёотазалар әсерінен фосфорилденген ферменттер инактивтеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет