Гормондар биохимиясы


Пролактин немесе лактотропты гормон



бет21/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Пролактин немесе лактотропты гормон. Гонадотропты гормонға (ГТГ) жатады. Гормонның химиялық табиғаты туралы деректер әр қилы. Пролактин – жәй ақуыз, құрамы 198-200 аминқышқылы қалдығынан жатады.
Әсер ету механизмі: бірінші және үшінші
Физиологиялық әсері: Әйелдер ағзасында сүт бездерінің өсуі мен сүт өндірілуін жоғарылатады. Пролактин прогестерон (осыған орай пролактинді-лютеотропты гормон деп аталады) түзілуіне жағдай жасай отырып, сары дене жасушаларына әсер етеді, пролактин жыныс бездерінде ЛГ рецепторларының синтезін жоғарылатады.
Ерлерде осы гормон майлы бездер қызметін ынталандырады. Пролактиннің Лейдиг жасушаларына әсер ететін көрсетілген, салдарынан тестостерон өндірілуіне жағдай туады. Пролактин бүйректерде эритропоэтин түзілуін ынталандыра отырып, эритропоэтикалық көрсетеді. Гормон әйелдерде бүйрекүсті андрогендері түзілуінің жоғарылауын тудыратын АКТГ секрециясын ынталандырады.
Гиперлактинемияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар. Жүктілік және емшекпен емізу кездерінде физиологиялық гиперлактинемия байқалады. Мұндай жағдайда пролактин аналық бездерге гонадотропты гормондар әсерін төмендетеді немесе гипоталамусқа әсер ете отырып, олардың секрециясын тежейді. Ал патологиялық гиперлактинемияда мінездік есепті ауытқулар байқалады, мұндайда еркектерде қандағы тестостерон мөлшері қалыпты болғанымен белсіздік пайда болады. Осыдан пролактиннің жыныстық мінез-құлық қалыптасуында рөлін бағалауға болады. Гиперлактинемия әйелдерде 20% бедеулікті тудырады.
Пролактин секрециясы осы үдерісті тежейтін гипоталамустан дофаминнің босатылуы арқылы реттеледі. Сондай-ақ пролактиннің секрециясына пролактинтежеуші – рилизинг – фактор және пролактостатин де әсер етеді. Пролактин секрециясына мезгіл-мезгілдік тән, стресс кездерінде және ұйқыда жатқанда гормонның секрециясы күшейеді. Пролактин секрециясы жүктілік кезінде де артады, бірақ әйел босанғаннан кейін емшекпен емізбесе, онда 7 күн аралығында пролактиннің мөлшері қалыпты деңгейге түседі. Емшекпен емізу кезеңінде пролактиннің секрециясы шамамен 3 айдан кейін, емізу кезеңі жалғасып жатса да, төмендей бастайды.
Сондай-ақ, гипофиздің алдыңғы бөлігінде β-липотропты гормон өндіріледі. Гормон 90 аминқышқылынан тұрады. Протеолиз кезінде γ-липотропты гормонды, β-меланоцитынталандырушы гормонды, мет-энкефалин мен эндорфинді береді. Бұл гормондар майларды жұмылдыру әсеріне ие, оларға кортикотропты, меланоцитынталандырушы және гопокальциемиялық белсенділік, сондай-ақ тіндерде глюкоза тотығуын күшейтетініне байланысты инсулинтекті әсері де тән. Липотропты әсері цАМФ арқылы іске асады. Эндорфиндер мен энкефалиндер эндогенді анальгетиктер болып табылады, жайлы сезіну сезімін қалыптастырады, есте сақтау үдерістеріне қатысады. Энкефалиндер мен эндорфиндердің жетіспеушілігі алкоголизм мен нашақорлыққа итермелейді.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланоцитынталандырушы гормон түзіледі. Бұл гормон бояутектенуді (пигментация) қамтамасыз етеді, ұрықтың өсуі мен дамуына әсер етеді, стероидогенді әсер көрсетеді, есте сақтау үдерістеріне қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет