Қалқанша безі гормондары
Кальцитонин – қалқанша безі гормоны. Қалқанша безі фолликулалардан тұрады. Фолликулалар 2 түрлі: фолликула және парафолликула. Коллоидтарда фолликулалардан трийодтиронин және тетрайодтиронин түзіледі. Қалқанша безінің парафолликулалы жасушаларында – тиреокальцитонин немесе кальцитонин түзіледі.
Химиялық табиғаты. Кальцитонин 32 аминқышқылы қалдығынан тұратын полипептид. Бұл гормонның биологиялық әсері көрінуі үшін оның молекуласы бүтін болуы қажет.
Әсер ету механизмі. Кальцитонин басқа ақуыз пептидтік гормондар сияқты аденилатциклазаны белсендіру арқылы әсер етеді.
Нысана жасушалары. Сүйек ұлпасы, бүйрек, ішек қабырғасы.
Физиологиялық эффектісі. Жануар ағзасында кальций мен фосфор алмасуын реттейді, өзінің көптеген физиологиялық әсерлері бойынша паратгормон мен Д3 дәруменінің белсенді түрінің (1,25-дигидрооксикальциферолдың) антагонисті болып табылады. Қанда кальций мен фосфордың деңгейін төмендетеді, яғни гипокальциемия және гипофосфотемияны тудырады.
Сүйек ұлпасына әсері. Кальцитониннің әсерінен остеокластар дифференцировкасы және белсенділігі тежеледі. Деминерализация тоқтап қана қоймай, кальций бөлінуі күшейеді. Осылайша гормонның кальций алмасуына әсері, остеокластар тежелуі, остеобластар белсендірілуіне байланысты. Сондықтан кальцийдің қандағы мөлшері төмендейді.
Бүйрекке әсері. Кальцитонин – біріншілік несеппен оның реабсорбциясын төмендету арқылы, кальцийдің ағзадан шығарылуына жағдай жасайды. Кальцитониннің әсерінен несеппен фосфаттар мен натрий шығарылады. Мұндайда диурездің ұлғаюы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |