Гормондар биохимиясы



бет26/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Т3 және Т4 – қалқанша безінің фолликулалы жасушаларының гормоны.
Түзілуі және химиялық табиғаты. Тиреоидты гормондар тирозиннен түзіледі. Иондар түрінде түскен йод, қалқанша безінде сутегінің асқын тотығының әсерінен (Н2О2) молекулалық түрге енеді. Содан кейін молекулалық йод коллоидтарда бос күйінде және 10 полипептидтік тізбектен тұратын тироглобулин-ақуыз құрамындағы тирозинді кодтауға қолданылады. Тирозинді йодтау 3-5 жағдайларда жүреді. Нәтижесінде монойодтиронин (МЙТ) және дийодтиронин (ДЙТ) түзіледі.



Бұл түзілген кодталған өкілдері тироидты гормондардың алғы заты болып табылады. 2 ДЙТ конденсацияланып Т4, ал МЙТ пен ДЙТ конденсацияланып Т3-ті түзеді.





Бұл реакциялардан аланин бөлінеді. Гормон құрамындағы 35% йод Т4-пен, 5% шамасында йод Т3-пен және 50% шамасында йод МЙТ және ДЙТ-пен байланысты екендігі анықталған.


Кейбір қосылыстар йодид тотығуын тежеп, Т3 пен Т4-тің түзілуіне кедергі келтіреді. Ондай қосылыстарға тиомочевина, тиоурацил, пропилтиоурацил, метилмазол жатады. Бұл қосылыстар гипертиреодизмді емдеуге антитиреоидты препараттар ретінде қолданылады.
Түзілген гормондар тироглобулиндер құрамында болады. Гормондар жүйке импульстары және ТТГ әсерінен босатылады. ТТГ әсерінен тироглобулин гидролизін тудыратын протеазалар белсенділігін күшейтеді, Т3 және Т4 қанға бөлінеді.Олармен бірге дейодиназалар әсерінен дейодталған қолданылмаған МЙТ мен ДЙТ –дер бөлінеді. Бөлінген йодид қайтадан пайдаланылады. Тироглобулиннің гидролизі йод иондарымен тежеледі, сондықтан калий йодиді гипертироидизмді емдеу үшін қолданылады.
Т3-тің екі түрі болады – 3,5,3 – Т3 –белсенді гормон, ал 3,5,5- түрі белсенсіз. Гормонның бұл түрі О-Т3 деп белгіленеді.
Т4-тің 80%-ы бауырда дейодталу арқылы Т3-ке айналады.
Т3-пен Т4 қанға түсіп тиронинбайланыстырушы ақуызбен және альбуминдермен тасымалданады. Т3-ке қарағанда Т4-тің ақуызбен байланысы әлдеқайда мықты. Сондықтан Т3 белсендірек. Бұл бір. Екіншіден, Т3-дің бос түрі Т4 бос түріне қарағанда көбірек тироидты гормондар тиронинбайланыстырушы глобулиндерден басқа плазма липопротеидтерімен байланыса алады. Т3-ұлпалық ақуыздармен Т4-ке қарағанда жақсы байланысады. Ұйқыдағы кезде Т3 мөлшері жоғарылайды, ал Т4 өзгермейді. Тироидты гормондардың мөлшері қыста артып, жазда кемитіні анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет