Гормонның гипофункциясы. Гормонның түзілуі бұзылған кезде фосфорлы-кальцийлі алмасуда дисбаланс пайда болып, ол әртүрлі ауруға шалдықтырады. Мысалы, гипопаратиреоз кезінде тетания ауруы, Д дәруменінің гиповитаминозында, балаларда – рахит, ал ересектерде тетанияның кейбір белгілері. Гипопаратиреоз кезіндегі тетания гипокальциемиямен байланысты. Бұл ауруда қанда кальций мөлшерінің төмендеуі жүйке және бұлшық ет жасушаларының қозу шегінің төмендеуімен қатар жүреді. Кез-келген сыртқы әсер ағза үшін ауыр зардаптары бар тетаникалық қалтырауықты тудырады. Науқасқа Д дәруменін егу арқылы ауруды емдейді.