Химиялық табиғаты: паратгормон 84 аминқышқылы қалдығынан тұратын жәй ақуыз. Бұл гормонның биологиялық белсенділігі 1-23 фрагментіне байланысты. Қалған бөлігі молекулаға беріктік беретін тұрақтандырғыштар болып табылады.
Әсер ету механизмі: бірінші, цАМФ арқылы.
Нысана – жасушалары: сүйек ұлпасы, бүйректер, аш ішектің шырышты қабаты.
Физиологиялық әсері: Сүйек тініне, бүйрекке және ішектің шырышты қабығына әсері: Паратгормон гиперкальциемиялық және гипофосфатемиялық әсер көрсетеді. Бұл гормонның гипокальциемиялық әсері эффекторлы жасушаларға: сүйектің остеокластары, бүйректің тармақты түтіктерінің және ішектің шырышты қабығының жасушаларына әсерімен байланысты. Нысана-жасушаларда паратгормон аденилатциклазаның белсендірілуін және 3',5' АМФ-тың – түзілуінің артуын тудырады., протеинкиназаларды және сәйкес ферменттерді белсендіреді. Мысалы, сүйек тінінде паратгормон аделилатциклазды механизм арқылы остеокластардың жұмысын белсендіріп, остеобластардың жұмысын тежейді, салдарынан сүйек тінінің реабсорбциясы, қанға Са++ мен фосфаттардың шығарылуы жүреді.
Ішекте цАМФ қатысуымен қанға кальцийдің сіңірілуін күшейтеді. Бүйректе осы механизм арқылы паратгормон тармақты түтіктердің дистальды сегменттерінде Са++-дың реабсорбциясын күшейтеді және түтікті аппараттың проксимальды бөліктерінде фосфатты иондардың реабсорбциясын тежейді.
Паратгормон бүйректе, цАМФ арқылы өзгешелік гидроксилазаларды белсендіреді де, сол арқылы Д3 дәруменінен кальцитриолдың биосинтезін ынталандырады.
Кальцитриол жіңішке ішектің шырышты қабатының жасушаларына кальций мен фосфаттардың сіңірілуін, қанға өтуін және олардың остеоциттер мен остеобластарда жүнақталуын күшейтеді. Бүйректе кальцитриол бастапқы зәрден қанға Са++ - дың реабсорбциясын күшейтеді. Нәтижесінде, тиреокальцитонин, кальцитриол және паратгормонның қосынды әсерінен қанда кальцийдің қалыпты деңгейі сақталады. Ал ол ағзадағы келесі маңызды үдерістердің іске асырылуына қажет:
жасушалар интеграциясы, “танып” байланысу және жасушааралық өзара әсер етуді қамтамасыз ету;
жасушалық мембраналар мен субжасушалық микрофиламенттерді тұрақтандыруды қамтамасыз ету;