Гормондар биохимиясы


Соматостатин және панкреатиттік пептид



бет36/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Соматостатин және панкреатиттік пептид. Соматостатин Лангерганс аралшаларының Д жасушаларында түзіледі. Бірінші рет гипоталамустан алынды, кейінірек ол асқазан, тоқ ішекте, сілекей бездері мен қалқанша бездерінде болатындығы анықталды. Бұл пептидтің химиялық табиғаты 14 аминқышқылынан тұрады. Нысана-жасушаларында соматостатин цАМФ түзілуіне кедергі жасайды. Лангерганс аралшаларының α және β жасушаларымен тез байланысып, инсулин мен глюкагонның секрециясын тежейді. Соматостатиннің өсу гормонының синтезін, АКТГ секрециясын, ТТГ, секретин, панкреатиттік ферменттер синтезін тежеуші әсері анықталған. Соматостатин тромбоциттер агрегациясын, глюкоза мен аминқышқылдары сіңірілуін кемітеді. Соматостатин асқазанның эвакуаторлық функциясын, ішек моторикасын, тұз қышқылы секрециясын, пепсин мен гастрин секрециясын ингибирлейді (тежейді). Бұл глюкоза мен аминқышқылдарының қақпа венасы қанына түсуін кемітіп, инсулин глюкагон жүйесінің глюкоза мен аминқышқылдары деңгейінің реттелуіне қатысуына жағдай жасайды. Осыған байланысты соматостатинді қант диабетін емдеуге қолданады.
Соматостатин түзілуін гипергликемия, гипераминоацидемия, секретин мен холецистокинин қамтамасыз етеді. Панкреатидтік пептид 36 аминқышқылынан тұрады. Панкреатидтік пептид өт қапшығының жиырылуы мен асқазан асты бездерінің секрециясын тежейді. Бұл пептидтің өзінің секрециясы гипогликемия мен диетадағы ақуыз мөлшеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет