Қалқанша маңы бездерінің гормоны
Паратгоромон – қалқанша маңы бездерінен бөлінетін гормон. Бұл гормон препропаратгормон түрінде синтезделеді. Эндоплазматикалық ретикулумда ферменттердің әсерінен препропаратгормоннан пептид бөлініп шығуы арқылы пропаратгормон түзіледі, ал келесі бөлінуінде Гольджи аппаратында пропаратгормоннан паратгормон түзіледі. Бұл сүйек ұлпаларына, бүйрекке, ішектің шырышты қабығына әсер етеді. Гормонның бөлінуі қайтымды теріс байланыс арқылы аденилатциклаза жүйесінің қатысуымен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |