Гормондар биохимиясы



бет63/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Нысана-жасушалары: бауыр, жүрек бұлшық еттері, бұлшық еттер, май ұлпалары, орталық жүйке жүйесі, қан тамырлары мускулатурасы, бронхтар, ішек, зәр шығару жолдары. Негізінен α1-рецепторлар қан тамырларын нервтеуші тегіс бұлшық еттерде, көзді кеңейтетін (дилататор), пиломаторлық (шашты, түкті тікірейтетін) бұлшық еттерде, жүректе, асқазан-ішек трактісінде, сілекей және тер бездерінде кездеседі, α2 – рецепторлары асқазан-ішек трактісінің тегіс бұлшық еттерінде, орталық жүйке жүйесінің постсинаптикалық мембранасында, тромбоциттерде, лимфоциттерде, адренергиялық (адреналинге) және холинергиялық (немесе холинорецептор, холинге жауап беретін) жүйке ұштарында, кейбір тамырлар бұлшық еттерінде, липоциттерде, эндокриноциттерде кездеседі. β1-рецепторлар жүректе, эндокриноциттер мен липоциттерде, ал β2-рецепторлар тыныс алу жолдарының тегіс бұлшық еттерінде, жатырда, несеп қапшығында, тамырларда, бұлшық еттерде, бауырда, эндокриноциттерде және асқазан-ішек трактісінің тегіс бұлшық еттерінде кездеседі. β3- рецепторлар лимфоциттерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет