Гормондар биохимиясы


Бүйрек үсті милы қабатының гормондары



бет61/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Бүйрек үсті милы қабатының гормондары
(катехоламиндер)

Милы қабаттық заттар бүйректің барлық салмағының 20% құрайды. Милы қабат жасушаларында аминқышқылдары фенилаланин мен тирозиннен синтезделетін адреналин мен норадреналиннен (катехоламиндер) түзіледі. Адреналин тек бүйрек үстінің милы қабатында түзіледі, себебі тек сонда ғана норадреналин мен адреналиннің метилденуін тездететін фенилэтаноламин – N – метилтрансфераза бар. Милы қабаттағы метилтрансферазалар синтезі өз кезегінде, глюкокортикостероидтармен бақыланады және глюкокортикоидтар үлкен қан айналымына түспес бұрын көп мөлшерде милы қабат арқылы өтеді. Бұл гранулдардан экзоцитоз жолымен жүйке импульсі әсерінен адреналин бөлініп, ол қоршаған жасушадан тыс ортаға, одан әрі қанға түседі. Норадреналин көптеген ағзаларда, жүйке жүйесінің синаптикалық ұштарында синтезделе алады. Ұрықта бүйрек үсті милы қабатының бездері көп мөлшерде норадреналин өндіреді, бұл оның стресс гормоны болып табылады.





Екінші реакция бұл реакцияны жеделдететін фермент белсенділігін қолдай отырып, норадреналинмен тежеледі.


Бұл гормондардың құрамына бүйір тізбегінде аминотобы бар пирокатехин кіргендіктен оларды пирокатехиндер немесе катехоламиндер деп атайды. Катехоламиндер физиологиялық әсер етуде кейбір өзгешелікпен сипатталады, жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қызметіне әсер етеді және гормональді әсері бар. Бұл заттардың 80% адреналинге тиесілі. Катехоламиндердің кейбір қасиеттері ми ұлпаларында болатын ДОФА-де кездеседі. ДОФА синтезінің бұзылуы паркинсонизмге (ми қыртысы астындағы құрылымдар зақымдануына байланысты қалтылдау пайда болу) алып келеді. Жасушаларда катехоламиндердің көп бөлігі ерекше хроммафинді түйіршіктерде жинақталады, бұл оның резервтік немесе қорлық түрі. Гранула 20% адреналиннен, 4% АФТ ақуызбен байланысқан және аздаған моноаминооксидазалар әсерінен бұзылатын бос физиологиялық белсенді түрінде болады.
Катехоламиндер метаболизмі процесінде, катехоламиндер белсенділігін иеленбейтін спирттер (этаноламин), альдегидтер және карбон қышқылдары түзіледі. Катехоламиндер метаболизміне қатысатын катехоламиндердің шамадан тыс түзілуінде, МАО белсенділігінің және басқа ферменттердің бұзылысында әртүрлі патологиялық жағдайлар дамиды.
Катехоламиндер метаболизмі өнімдерінің улы әсері шизофрения кезінде ми тініне, маниакальды депрессия синдромы кезінде байқалған. Катехоламиндердің өте көп мөлшері несепте арақты көп ішкенде (белой горячке), ал аз кездесуі олигофренияда (ақыл – естің кемдігі, жарыместік) көрінген. Қояншық ұстамасы несеппен катехоламиндердің бірден көбейіп кетуі және ұстама аралығында төмендеуімен сипатталады. Атеросклероздың дамуы несеппен катехоламиндердің бөлінуінің төмендеуімен байқалады.
Бүйрек үстінде адреналин мен норадреналинмен басқа өте аз мөлшерде тағы бір гормон изопропиладреналин синтезделеді. Бүйрек үстінің милы заттары, нейропептидтер – нейротензин, мет-энкефалин және β-эндорфиндерді де өндіреді. Хроммафинді жасушаларда, сондай-ақ нонапептидтердің, Р заттардың, Ї нейропептидін, динорфинді, вазоинтексиальді пептидті және бомбезинді анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет