Гормондар биохимиясы



бет69/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Химиялық табиғаты:
Бұл гормондардың ерекшелігі:
а) А сақинасында үш қос байланыс болуы;
б) молекуласында С3 жағдайында ОН тобы болуы.
Эстрогендер бір-бірінен гидроксил тобының санымен ажыратылады: эстрадиолдың С3 және С17 –де ОН тобы, эстронда С3-те ОН тобы, эстриолда С3, С16 және С17-де ОН тобымен ерекшеленеді.

Нысана жасушалары: ағзаның барлық жасушаларында гормонның рецепторлары бар. Әсіресе, жатыр жасушаларында, қынапта, аналық бездерде, сүт бездерінде көптеп кездеседі.
Физиологиялық әсері: жалпы әсерінен (физиологиялық және арнайы) басқа эсторгендер әйелдер ағзасына төмендегіше әсер етеді:
- ағзаның қалыптасуына, жыныс ағзаларының өсуі мен қалыптасуына;
- миометрия стромасы және эндометрия өсуі есебінен жатырдың үлкейуі;
- ұрық жолы, қынап, ұрықтар, сыртқы жыныс ағзаларының өсуін күшейтуге;
- сүт бездерінің дамуын тездете отырып, олардың көлемінің ұлғаюына, сүт бездері жүйесі ағысының жедел қалыптасуы мен қызметтерінің реттелуіне әсер етеді.
Эстрогендер май түзілуін және тері астындағы клетчаткаларда жинақталуын, әйелдер мүсінінің ерекшеліктерін анықтайды. Гонодотропты гормондармен бірге эстрогендер:
- әйелдердің етеккір айналымына реттеуші әсер көрсетеді;
- прогестерон рецепторларының синтезін реттейді;
- сперматозоидтардың сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз ете отырып, сулы және сілтілі сілемейлер секрециясына жағдай жасайды;
- ағазада су мен тұз алмасуын тежей отырып, бауырда ангиотензин синтезін қамтамасыз етеді;
- электролиттер мен судың тамырлардан шығуын қамтамасыз ете отырып, сүт бездерінің етеккір алды сезімталдығын, дене салмағының артуын және ашушаңдықты тудырады.
Осылайша, әйелдер жыныс гормондарының негізгі қызметі - әйелдердің жыныстық ағзасын көбеюге дайындау болып табылады. Бұл дайындық:
- примордиальды ұрық жасушаларының жетілуі;
- имплантация үшін қажет тіндердің дамуы;
- жүктілікті қолдауға қажет овуляция уақыты-ортасы гормондық бақылауды қамтамасыз ету;
- босану және лактация кезіндегі гормондық реттелуді қамтамасыз етумен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет