Гормондар биохимиясы



бет71/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гипофиз гормондары

1-7 күндер
↑↑ФСГ

8-12 күндер
ФСГ↑ЛГ

13-20 күндер
ЛГ↑ЛТГ

21-28 күндер
ЛТГ↓↑ФСГ

ұрық жасушадағы өзгерістер

фолликула жетілуінің басталуы

фолликула жетілуінің соңы

овуляция, сары дене түзілуінің басталуы

сары дене сатысы, жаңа фолликула жетілуінің басталуы

жыныс гормондары

эстрадиол

эстрадиол ↑↑↑

овуляция кезеңінің шегі, сосын

эстрадиол өнімдерінің басталуы, сары дененің өлуі, прогестерон бастапқыда ↑, соңынан сары дененің өлуінен соң гормон жоқ

эндотелийдегі өзгерістер- десквамиция

1-4 күн етеккір айналымының ортасына дейін пролиферация сатысы, 5-6 күн сары дене өліміне және жаңа фолликула жетілуі басталуына сәйкес келеді

сары дене жетілуінің басталуымен сәйкес келеді, эпителий бездерінің секрециясы сатысы секреттелуді өндіреді, эндометрий ұрық жасушаның ендірілуіне дайындайды

Имплантация орын алса, ЛГ қызметін ЛГ-ға өте жақын плацентаның хорионды гонадотропині атқарады. Бұл гормон сары дене прогестеронының синтезін плацента өз прогестеронын көп мөлшерде өндіре бастағанша жалғастыра береді. Егер 23-24 күнге дейін жүктілік жүрмесе, сары дененің дегенерациясы жүреді. Эндометрий белсенділігіне гормондық қолдау жоғалады. Жатыр тінінің некрозы жүріп, айналым соңында эндометриальды қабаттың босап шығады да, етеккір айналымы жүреді. Эндометрия босап шыққан соң жаңа айналым басталады.


Осылайша, әйелдердің жыныстық айналымында секреттелген гормондардың ұрық жасушасында және жатырда сандық және сапалық циклдік өзгерістерінің болуы байқалады. Бұл өзгерістер жоғарыда келтірілген кестеде келтірілген.
Әйелдер жыныс гормондары холестерин метаболизміне қатысты. Әйелдердің белсенді репродуктивті өмірінде холестерин мөлшері ерлерге қарағанда төмен болатыны дәлелденген. Бұл эстрогендердің әсерінен ТЖЛП синтезінің күшейіп, ТТЛП синтезінің төмендеуімен байланысты. Етеккір айналымы біткен соң холестерин мөлшері жоғарылап, ерлердікімен теңеседі.
Прогестеронның химиялық табиғаты: гормон құрылысына қарай глюкокортикостероидтарға ұқсайды, яғни С4 және С5-те қос байланыс және С3-те кетотобы болады. Сондықтан бұл гормондар әлсіз әсер етеді.



Әсер ету механизмі: ІІ


Физиологиялық әсері: Прогестеронды жүктілік гормоны деп атайды. Ол мына себептерге негізделген:

    • жатырды эмбрион имплантациясына дайындайды;

    • плацента қалыптасуына жағдай жасайды;

    • сүт бездерінің өсуіне жағдай жасауы;

    • жатыр бұлшық еттері қозуын төмендететуі;

    • калий экскрециясын күшейтуі;

    • натрий мен хлорды ағзада ұстап тұруы;

    • овуляцияны тежеуі.

Прогестеронның артық мөлшері натрий уретикалық әсерге ие, себебі минералкортикоидтардың өз рецепторларымен өзара әсеріне кедергі келтіреді. Прогестерон гипоталамуста термореттеуші орталыққа тікелей әсер ететіндіктен, дене қызуының жоғарылауын тудырады. Сондықтан дене қызуының жоғарылауы пайда болған овуляция индикаторы болып саналады. Прогестеронның рецепторлары бас миында болғандықтан, мінез-құлық ерекшеліктері осынысымен түсіндіріледі.
Эстрогендер секрециясының реттелуі: Эстрогендер мен прогестеронның секрециясы ЛГ мен ФСГ арқылы реттеледі. ФСГ мен ЛГ қандағы мөлшері циклді болатыны және осы мөлшер әйелдердің аталған гормондарының секрециясы тікелей тәуелді екендігі байқалады. Өз кезегінде ГТГ секрециясына гипоталамустың рилизинг-факторлары әсер етеді. Өз орны мен кері байланысы, сондай-ақ ГТГ-нің секрециясы қандағы эстрогендер мен прогестеронның санына тәуелділігі белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет