Жалпы физиологиялық әсері: көптегент аралық алмасу процесстерінде, тұз-су алмасынада, бейімделу процесстерінде байқалады. Мысалы: гормондар ферменттер синтезіне жағдай жасайды, оның ішінде липолизді бастайтын, фосфоролиз, липидтер мен көмірсулар тотығуын күшейтетін ферменттер синтезіне оң әсер етеді. Бұл реакциялардан көп энергия бөлінеді, ол энергия анаболиткалық реакциялар үшін де қажет болып табылады. Негізінен энергия аденилатциклаза әсерінен күшейетін ақуыздар синтезіне жұмсалынады. Ақуыздар синтезінің жоғарылауы бұлшық ет массасының жоғарылауына, тиісінше дене салмағының артуына алып келеді. Сондықтан жыныс гормондарының өкілдері медицинада бұлшық ет массасын арттыратын анаболиктер ретінде қолданылады. Оң азотты баланс орнап, жас ағза қарқынды өседі.
Жыныс гормондары тимус бездері қызметін тежей отырып, склеттің тепе-теңдікпен дамуын реттейді. түтік сүйектердің ұзына бойы өсуін тежейді. Акселераттар – бұл негізінен жыныс гормондары секрециясының жеткіліксіздігі әсерінен бойшаң болып келеді, бірақ жыныстық ағзалары жақсы жетілмеген. Жыныс гормондары қозу процесстерін жоғарылата отырып ОЖЖ-не әсер етеді.