ПГ физиологиялық әсері: 1) жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері: капиллярлар кеңістігін өзгерту арқылы қан ағысын жақсартады және эритроциттер мембранасының беріктігіне әсерін бақсартады. ПГ жүрек жұмысының ритмін, қан шығаруын реттейді, жүректің адреналинді қабылдауын жақсартады. Әсіресе, простациклин белсенді әсер етеді, ол жүректе қан айналуын жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, антиагрегант әсеріне ие. Осындай әсерді ПГЕ атқарады. ПГҒ керісінше әсер етеді, ол артериялық қысымды жоғарылатады, қан ағысын төмендетеді.
2) асқазан – ішек трактісіне әсері: ПГ тұз қышқылының секрециясына, ішек перисталтикасына әсер етеді.
3) бронхтарға әсері: ПГЕ босаңсуға, ал ПГҒ жиырылуға (бронхиалды астма патогенезіне қатысады) әсер етеді.
4) қан ұюына әсері: ПГЕ1 және простациклиндердің антиагрегантты әсері бар (тромб түзілуін ескертеді). ПГЕ2 және ТХА2 тромб түзілуін стимулдайды, сондықтан простациклиндер/ТХА2 қатынасы жүрек қан тамырлары жүйесінің шоғырлануында маңызы зор болып табылады.
5) бүйрекке әсері: ПГ депрессорлы жүйені түзеді (артериалды қысымды төмендетеді). Бұл жүйеге ПГЕ, простациклиндер, ПГА2, ПГЕ2 кіреді, сондай-ақ диуретикалық әсері бар.
6) репродуктивті жүйеге әсері: ПГ овуляция үшін өте қажет, ұрық жасушаның қозғалуына және сперматозоидтар қимылына әсер етеді, жатырдың жиырылу мүмкіндіктерін реттейді. ПГ жетіспеушілігі туу белсенділігінің әлсіздігіне және жүктілікті артық көтеруге алып келеді, ал ПГ көп түзілуі түсік тастау және мезгілінен ерте босануға себеп болады.
7) жаңа туған шақалақтарда ПГ кіндік тамырлары және артериалды ағыс бітуін реттейді.
8) эндокринді бездерге әсері: ПГ тропты гормондар әсерін өрбітеді, ТТГ коллоидтар түзілуін, глюкоза тотығуын, иодтануды стимурлейді. Бүйрек үсті мен ұрық бездерінде АКТГ, ФСГ және ЛГ сияқты стероидогенезді ынталандырады.
Лейкотреиндер (ЛТ) аллергиялық және қабыну реакцияларының медиаторы болып табылады. Ол ісінуді тудыра отырып, тамырлар қабырғасының өткізгіштігін арттырады, қан тамырларын кеңейтеді, қызаруды тудыра отырып дене қызуын арттырады, ауырсыну реакцияларын тудырады.
ТХ негізінен мықты агреганттар ретінде әсер етеді. Олардың мөлшері көп болғанда, қан ұюының артуы, кейде тромб түзілуін де тудыруы мүмкін.
ПГ –дің өте көп әсерлері әлі де толық зерттелмеген, көптеген қайшылықтар ба, бірақ оларды зерттеу жалғасуда. ПГ белгілі бір бағыттағы әсерін алу, заттарды іздестіру, ПГ ыдырауын тоқтату немесе керісінше олардың түзілуін ынталандыру әдістері қарастырылуда. ПГ ашылуынан бері (1930) біршама көп жыл өтсе де, олар туралы көп мағлұматтар белгілі болса да, ізденістер жалғасуда...