Гормондар биохимиясы


Қайталауға арналған тест сұрақтары



бет76/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
005 (2)

Қайталауға арналған тест сұрақтары

1. Стресс кезінде бұлшық етте гликоген ыдырауын күшейтеді:


А) глюкокортикоидтар
В) инсулин
С) адреналин
Д) АТФ
Е) глюкагон
2. Холестериннен түзіледі:
А) май қышқылы
В) простогландин
С) пептидті гормондар
Д) С дәрумені
Е) стероидты гормондар
3. Паратгормон тездетеді:
А) БМҚ мен моносахаридтердің сіңуін
В) трипсиногеннің активтенуін
С) панкреатиттік липазаның активтенуін
Д) натрий иондарының бөлінуін тежейді
Е) витамин Д-нің активті алмасу формасының түзілуін
4. Қалқанша бездерінің гормоны:
А) инсулин
В) адреналин
С) тироксин
Д) тестостерон
Е) паратгормон
5. Вазопрессин жетіспегенде пайда болатын ауру – ...

А) қантсыз диабет.


В) қант диабеті.
С) альбинизм.
Д) креатинизм.

Е) акромегалия.


6. Адреналиннің әсерімен активтеліп, майлардың жұмсалуын күшейтеді:
А) холестеролэстеразалар
В) А2-фосфолипазалар
С) ц-АМФ деңгейінің азаюы және фосфодиэстеразалар
Д) аденилатциклазалар
Е) триглицеридлипазалар синтезі
7. Катехоламиндер түзіледі:
А) гипофиздің артқы бөлігінде
В) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында
С) гипофиздың ортаңғы бөлігінде
Д) бүйрек үсті безінің милы қабатында
Е) гипоталамуста
8. Қалқанша безінде синтезделмейді:
А) инсулин
В) трийодтиронин
С) тироксин
Д) дийодтиронин
Е) монойодтиронин
9. Серотонин:
А) асқазанда тұз қышқылы секрециясын арттырады
В) қан тамырларын кеңейтеді
С) ішек перистальтикамын күшейтеді
Д) ішек перистальтикамын төмендетеді
Е) мида қан айналуын жақсартады
10. Натрий және калий алмасуларын реттейді:
А) паратгормон
В) троксин
С) глюкагон
Д) альдостерон
Е) инсулин
11. Гормонға жатады:
А) холестерин
В) галактоза
С) рибофлавин
Д) адреналин
Е) тиамин
12. Кальцитониннің әсері:
А) сүйектен Са2+ және Фн -тың шығуын күшейтеді
В) ішектегі Са2+ және Фн сіңірілуін күшейтеді
С) бүйректе Са2+ реабсорбциясын күшейтеді
Д) сүйекте фосфат-кальций тұзының жиналуын күшейтеді
Е) Са2+ және Фн -тың деңгейін көбейтеді
13. Эритропоэзды реттейтін гормон:
А) эритрогенин
В) эритроза
С) спектрин
Д) эритропоэтин
Е) гликофорин
14. Полиурия байқалады:
А) диареяда
В) асқазан-ішек жолдары ауруларында
С) қан жоғалтқанда
Д) жазда
Е) қант диабеті және қантсыз диабет кезінде
15. Гипокальциемияға жауап ретінде бөлінеді:
А) окситоцин
В) паратгормон
С) кальцитонин
Д) альдостерон
Е) вазопрессин
16. Паратгормонның секрециясы плазмадағы қандай заттың деңгейімен реттеледі:
А) кальций иондарының
В) мыс иондарының
С) магний иондарының
Д) натрий иондарының
Е) калий иондарының
17. Қалқанша маңы безінің гормоны:
А) глюкагон
В) паратгормон
С) трийодтиронин
Д) тироксин
Е) тиронин
18. Гормон- амин қышқылдарының туындысы:
А) соматотропин
В) инсулин
С) глюкагон
Д) кортикостерон
Е) трийодтиронин
19. Стероидты гормондардың рецепторлары орналасады:
А) лизосомада
В) клетка мембранасында
С) цитоплазмада
Д) митохондрияда
Е) ядрода
20. Глюкокортикоидтар мен минералкортикоидтар түзіледі:
А) қалқанша бездерінің С-клеткасымен
В) ұйқы безінің β-клеткаларынан
С) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатымен
Д) ұйқы безінің α-клеткаларынан
Е) бүйрек үсті безінің милы қабатымен
21. Натрий мен калийдің алмасуын реттейді:
А) инсулин
В) тироксин
С) альдостерон
Д) глюкагон
Е) паратгормон
22. Фермент активтілігінің гормональді реттелуі келесі қосылыс арқылы жүзеге асады:
А) эффекторлар
В) АМФ
С) аденилатциклаза және АМФ
Д) НСl
Е) метаболиттер
23. Қан плазмасында су балансын және қан тамырларының тегіс бұлшық еттерінің жиырылуын реттеуші гормон:
А) АКТГ
В) окситоцин
С) инсулин
Д) вазопрессин
Е) гастрин
24. Сүт бездерін қалыптастыратын және оларда сүт түзетін, ата-аналық инстинкті тудыратын гипофиз гормоны:
А) пролактин
В) соматропин
С) АКТГ
Д) тиретропин
Е) фолликул тұрақтандырушы гормон.
25. Фармпрепарат – қалқанша безінің гормоны:
А) инсулин
В) окситоцин
С) гастрин
Д) тироксин
Е) пролактин
26. Кортикотропты гормонның жетіспеушілігі ... әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет