Государственного педагогического



бет24/29
Дата25.12.2016
өлшемі8,2 Mb.
#5258
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж.Н. Нұрғалиев, С.Т. Төлеуханов «Эндокринология» Алматы «Қазақ университеті», 2002. 19-27 бет, 75-105бет, 116-131 бет, 150 бет.

  2. Ж.Б. Ахметов «Паталогиялық анатомия» Алматы «Экономика», 2012. 426-443 бет.

  3. О. А. Петришина, Е. П. Попова «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы», «Мектеп»1984. 173-бет.

  4. Х.Қ. Сәтбаева, А.А. Өтепбергенова, Ж.Б. Нілдібаева «Адам физиологиясы» 136-178 бет.

  5. Ж.К. Ермаханы «Тәнтану» Алматы «Білім», 2004. 293-299 бет.

  6. М. Дайырбекова «Адам анатомиясы» алматы, 2002. 95 бет.

  7. Қ.С. Рақымжанов, И.М. Төленбек «Адам және жануар физиологиясы» Алматы, 2000. 96-бет.

  8. Ж.Нұрғалиев «Эндокриндік жүйелер физиологиясы» Алматы, 2000. 56-бет.

  9. Т.Несіпбаев «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы, 2005. 131-бет.

  10. Р.К.Қуандықова «Жас өспірімдер анатомиясы физиологиясы және мектеп гигиенасы» Түркістан, 2002. 67-бет.

  11. А.Рақышов «Адам анатомиясы» Алматы 1995. 5-бет.


Аннотация.Эндокринные железы и выделяемые ими гормоны участвуют в стобильном прохождении процесов метаболизма человеческого организма. В том числе щитовидная железа имеет большую роль развития человека. Особенно в горных регионах нашей республики. От недостатка йода в человеческом организме развиваются разные патологии. Чтобы избежать и предотвратить их, нужно с ранних лет прививать здоровый образ жизни и правильное питание.

Annotation.Endocrine glands and hormones allocated by them participate in stable passing of processes of a metabolism of a human body. Including the thyroid gland has a big role of development of the person. Especially in mountain regions of our republic. From a lack of iodine of a human body different pathologies develop. To avoid and prevent them, it is necessary to impart a healthy lifestyle and healthy nutrition since early years.

59

К30

ҚАРАТАУ АРҚАРЫ
Кенжетай Г.К., Шолпанқұлова Г.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қаратау арқары (лат. Ovis ammon nigrimontana) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Тек Қаратауда ғана таралған. Осы таудың солтүстік-батысында қаратау арқары мекендейді де, оңтүстік-шығыс бөлігінде қаратау арқарымен бірге қыс айларында Талас Алатауынан қоныс аударып келген Тянь-Шань арқары да кездеседі. Қаратау Арқарының 3,5 жастағы құлжасының салм. 70 кг-дай, мүйізінің ұзындығы 70 – 71,5 см, жота жүні қоңырлау келеді. Үйірімен топтанып жайылады. Негізінен таулы аймақтың жазықтау алаңдарында тұрақты мекендейді. Жиі-жиі қоныс аудармайды. Қазан – қараша айларында күйекке түсіп, сәуір – мамыр айларында ешкісі жалқы (егізді сирек табады) қозықа табады. Қаратау арқарының саны өте аз. 1970 жылы Қаратаудың солтүстік-батысында арқар саны 150 – 250-дей болды. Қазір олардың саны 100 – 150-ден аспайды. Саны өте азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.

Қазақстан эндемигі, таралу аймағы шектеулі түрше, саны азайып барады. Жойылып кету қаупі бар.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Қазақстан фаунасындағы арқардың 5 түршесінің бірі.

Таралуы

Сырдариялық Қаратау. Бұрын бұл тауда кең тараған болатын; бүгінде оның орталық аласа тауларында кездеспейді. Арқарың солтүстік-батыс популяциясы мен оңтүстік-шығыс популяциясы арасындағы байланыс үзілді. ХХ-ғасырдың 80-шы жылдарына дейін Қаратаудың оңтүстік-шығыс жағына және оған көршілес жатқан Боролдай тауына Талас Алатауынан арқарлар қоныс аударатын. Бұл арқарлардың тяньшаньтүршесі. Осында арқардың екі түршесі араласып кетті. Сондықтанда нағыз қаратау арқары тек Қаратаудың солтүстік-батыс Жартысында тіршілік етеді.



Таудың жазық далалық учаскелері. Одан үй малдары ығыстырады. Сондықтанда тау бетпейлерінде бұталар өскен тау шатқалында мекендейді.

ХХ-ғасырдың 40-шы жылдарына дейін Қаратауда арқар едәуір болатын, одан киін тау жайылымдрын шаруашылық үшін игеру оның санын азайтып жіберді. 1976 жылы таудың солтүстік-батыс бөлігінде 17.7 мың гектар жырде 27 арқар есепке алынса, 1979 жылы. 5 мың га жерде – 10, ал 1981-1982 жж. 100 мың га жерде – 60-70 арқар саналды. 1990 жылдың қазан айында солтүстік-батыс Мыңжылқы тауында 100 шаршы шақырым жерде 11 арқар, ал 1993 жылы наурыз айында осындай көлемді жерден 7-ақ арқар саналған. 1998 жылдың ақпан-наурыз айларында 77.6 мың га жерден 35 арқар есепке алынған. 1976 жылы арқардың жалпы саны 150-дей болса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш – 100-дей ғана.

Негізгі шектеуші факторлар

Браконьерлік, үй малдарының ығыстыруы, қасқырлар.

Биологиялық ерекшеліктері

Үйірлі жануар. Бір жерде тұрақты тіршілік етеді; алысща онша қоныс аудармайды. Таңертеңгілік және кещкілік жайылады. Күйлек – қазан-қараша айларында, шөлдеуі-наурыздың аяғы мен мамыр айында. 1-2 қозы туады. Негізгі азықтары - әртүрлі шөптер; қыста дәнді шөтермен қияқтармен, жусандармен қоректенеді. Күздік астықтарды да азық етеді. Бәсекештер – үй малдары, әсіресе қойлар. Жаулары – адам, қасқыр. Қозыларына түлкі де қауіпті.

Қолда өсіру

Мәлімет жоқ. Қазақстан хайуанаттар паркінде де ұсталмайды.

Қабылданған қорғау шаралары

Халықаралық табиғат қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізелген. Сондай-ақ «Жойылып кету қаупі бар жануардар мен өсімдіктер түрлерімен Халықаралық сауда жасау Конвенциясының» 1-ші қосымшасына кіргізілген. Қаратау қорығында қорғалады.

Қажетті керек шаралары

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар ұйымдастыру керек. Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау басқармалары мен аңшылық шаруашылықтарында қаратау арқары сияқты жануарларды қорғау жұмыстарын жақсарту жөн. Қаратау арқарын көбейту үшін Орталық қыруда қажет.

Зерттеу үшін ұсыныстар

Қаратау арқарын мониторинтік бақылау



Табиғаты бай әрі кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген түрі тіршілік етуде. Қаратау жотасы – ежелгі әрі әсем табиғи көріністердің бірі. Бұл өңір археологиялық және этнографиялық ескерткіштерге бай. Қаратау жотасы мыңдаған жылдар бойы тарихи оқиғалардың куәсі болып келеді. Қасиетті Қаратау жерін ежелгі адамдар мекен етіп, аң аулап, тасқа қашап сурет салған. Ол – моңғол және жоңғар шап­­қыншылықтарынан қазақ халқына қорған болған қалқан, Кеңес өкі­метінің қолдан жасаған ашаршылығы мен репрессиясының тілсіз куәгері. Кеңес заманында Қаратаудың бөктерінде экологиялық жүйеге нұқсан келтірілді, мал жайылып, тау-қазба жұмыстары жүргізіліп, өзендер жағасындағы ағаш-бұталар шабылды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың орта тұсында Қаратау аумағында мекендеген Тянь-Шань аюы, түркістан сілеусіні сияқты жануарлар антропогендік фак­торлардың ықпалынан бұл төңіректен мүлдем жойылып кетті. Адам баласы да өз қолымен биологиялық алуан түрлілікке зиян келтіріп, табиғи орныққан тұрақтылықты бұзып, соның салдарынан туындаған қасіреттен жапа шегіп, зардабын тартып жатты. Еліміз көптен аңсаған тәуел­сіздігін алып, Елбасының білікті де салиқалы саясатының арқасында өркендеп, әлемнің дамушы елдерінің қатарына қосылды. Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесе отырып табиғатты қорғау бағдар­ламаларын жүзеге асыруда. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, Үкімет табиғат қорғау мәселесіне көп көңіл бөлуде. Мемлекет қазынасынан экожүйелерді қалпына келтіру мақсатында көптеген қаржы жұмсалуда. Осының бірден-бір дәлелі – 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249 қаулысымен Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының құрылуы дер едік. Бұл қорық қарт Қаратау жотасының орталық бөлігінде 34300 гектар жерді алып жатыр. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының аумағында орналасқан. Ол 2 учаске және 7 айналымға бөлінген. Қаратау қорығының аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Қаратау арқарының және басқа да құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер кеңінен таралған. Негізінде Қазақстанның био­логиялық алуандылығының басым бөлігі таулы аймақтарда кездеседі. Ежелгі Қаратау жоталары Қазақ­станның табиғи-географиялық аймақтарының ішінде сирек кездесетін теңдесіз түрлердің мекені болып табылады. Мұнда Қаратау арқарының басым бөлігі тіршілік етеді. Қаратау арқары – Қазақстанда мекендейтін арқарлардың түрас­тысының бірі.  Ол ІUSN (2000) Қызыл кітабына ең жоғары жойылу қаупі төніп тұрған түрлер санатына жатқызылған болатын. Денесі ірі, ұзын сирақты жануар. Ересек құлжалардың дене ұзындығы 150-200 сантиметр, биіктігі 125 сантиметрдей. Күзге қарай салмағы – 60-105 килоға жетеді. Арқардың аналықтары құлжаға қарағанда, кішілеу болып келеді. Дене ұзындығы 100-120 сантиметр, ол жотасының биіктігі 112 сантиметрге жуық. Салмағы – 50-60 кило. Мой­ны әрі қысқа, әрі жуан. Құл­жаларының басы үлкен және орала біткен қошқар мүйіздері болса, аналықтарының денесі жинақы, мүйіздері жіңішке, қысқа, сәл ғана артқа қайырылған. Тері жамылғысы қылшық пен түбіттен тұрады. Түсі ақшыл-қоңыр немесе сұршыл-қоңыр аралығында алмасып отырады. Арқарлардың мекен ететін сүйікті жерлері – аласа өскен далалық немесе таулы-далалық шөпті өсімдіктермен тұтасқан таудың тегіс баурайлары. Олар суаттары бар, азығы мол, мазаламайтын, үрей туғызбайтын мекендерде тұрақты қоныстайды. Бірақ өрт, мал жаю, тоғышар жәндіктер, қар қалыңдығы, су көздерінің тартылып қалуы, індеттің кең етек алуы – арқардың ондаған шақырымдарға қоныс аударып кетуіне басты себеп болады. Қорегі – бұталар мен шөптесін өсімдіктер. Рационына шамамен өсімдіктердің 70 түрі кіреді. Қазан-қараша айларында күйлейді, 160-165 күн буаз болып, наурыздың аяғында төлдей бастайды. Төлдейтін жерлері тау шатқалдары мен жыралар. Ал таза Қаратау арқары түрасты ретінде тек қана Қаратау жота­ларында мекендейді. Кейбір пікір­лерге қарағанда, Қаратаудың оң­түстік-шығыс сілемдерінде арқардың будан тұрпаты кездеседі екен. Бұл Қаратау арқары мен тяньшандық арқардың будандары болуы мүмкін. Бұл ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. 2004 жылдың күзіндегі санақ бойынша қорық аумағында арқардың 38 дарасы бар екенін анық­талды. Табиғатты қорғау іс-шара­ла­рының нәтижесінде олардың саны бес жылдың ішінде бес есе көбейді. Қо­рық құрылғалы бері оның аума­ғында ғылыми-зерттеу жұмыс­тары жүр­гіз­і­лу­де. Жыл сайын қорық инс­пек­торлары және ғылыми қыз­меткерлер маусымдық санақтар мен мони­торингтік бақылауларды үзбей жүргізіп келеді. Ал терио­фау­наны зерттеу барысында сүтқор­ек­тілердің 20 түрі анықталған. Оның ішінде 3 түрі Қазақстан Респуб­лика­сының Қызыл кітабына енген – Қаратау арқары, тас сусары, үнді жайрасы. Бүгінде қорықшылардың ал­дында тұрған күрделі мәселелердің бірі – көбейген арқарлардың санын сақтап қалу. Өйткені, қоныс ауда­ратын жерлері қорықтың шека­рас­ы­нан алыстап кетеді. Қаратау жота­сының көлемі 420 шақырымға созылады. Арқарлардың бір бөлігі Боролдай тауларына, екінші бір бө­лігі Дәуқара, Темірастау сілемдері арқылы Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарай қоныс аударады. Түркістан орман және жа­ну­арлар шаруашылығының ай­мағынан шыққан бойда олар сұға­нақ­тардың құрбандары  болып кете ба­рады. Мұндай жағдайларға жол бер­меу үшін арқарлардың қоныс ау­да­ратын жолдарын зерттеп, ОҚО-ның ерекше қорғалатын табиғи ай­мақ­тары – қорықтар, ұлттық парк­тер, қаумалдар, орман шаруа­шы­лық­тары бірлесіп, экологиялық дәліз­дер­ді құру мәселесін қолға алулары керек. Осы мәселелер бойынша қо­рық­тың ғылыми қызметкерлері Дү­ние­жүзілік жабайы табиғатты қорғау қорымен бірлесіп, Қаратау ар­қа­ры­ның қоныс аударатын жолдарын экс­пе­диция барысында анықтап, эко­логиялық дәліз жолдарын қарастырып жатыр. Қаратау арқарының болашағы тек қорықшылардың құзырындағы мәселе емес деп ойлаймын. Намысшыл қазақ халқы өлкеміздің байлығына оң көзімен қараса, арқарды қорғау жолында көмек қолын созса, нұр үстіне нұр болар еді.
 Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Ковшарь А.Ф., 1977. О численности и мерах по сохранению архара в заповеднике Аксу-Джабаглы. В кн. Редкие и исчезающие звери и птицы Казахстана. Алма-Ата, с. 96-97.

2.      Мельников А.В., 1980. Динамика численности тяньшанского горного барана в заповеднике Аксу-Джабаглы. В сб. Копытные фауны СССР. М., с.181-182.

3.      Шапошников Ф.Д., 1956. Горные бараны Западного Тянь-Шаня. Ж. Природа, № 1,

с. 109-110.

4.      Цалкин В.И., 1951. Горные бараны Европы и Азии. М., Изд. МОИП.

5.      Shakula V., 2001. Population status and taxonomic problems for Caprinae in

Western Tien Shan and Kizil-kum Desert. Newsletter of the IUCN/SSC Caprinae



Specialist Group, November, Canada, pp. 5-6
Аннотация. В статье приводятся краткие характеристики различных типов пространственных перемещений архаров Каратауского заповедника – расселений, локальных перемещений, кочевок и миграций в свете их влияния на численность и структуру популяции.

Annotation. There are the brief characteristics of various types of spatial moving of argali from Karatau Nature Reserve - moving, local moving, traveling and migrations from the point of view of their influence on number and structure of the population in the article.


ӘОЖ 539.3

К.81
ИНТЕГРАЛДЫ МИКРОСҰЛБА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТРАНЗИСТОРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАСАЛУЫ
Көшербаева М.Р., Көбеева М.Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Интегралды микросұлба - бұл микроэлектронды бұйым, белгілі бір бұйымның функционалдық қызметін орындайды. Сигналды өңдейтін немесе үлкен тығыздықты электрондық элементтер жиынтығы.

Жасалу технологиясына қарай интегралдық микросұлбалар шала өткізгішті және гибридті болып бөлінеді. Шала өткізгішті интегралдық микросұлбаларда оның барлық элменттері және оларды жалғау шала өткізгіш материалдың ішінде немесе үстінде орындалады. Шала өткізгіштің үсті диэлектрик болып есептелетін силицийдің қос тотығымен жабылған ,ал элементтердің арасындағы изоляция міндетін р-түрлі силиций атқарады.

Элементтер металл қабықшаларымен жалғанған. Шала өткізгіштің көлемі ішінде диодтарды, транзисторларды, резисторларды және конденсаторларды жасауға болады. Конденсаторлардың сыйымдылығы ретінде р-n өтпесінің сыйымдылығы пайдаланылады. Шала өткізгішті интегралдық микро-сұлбаларды жасау технологиясы өте күрделі және көп қаржы жұмсауды талап етеді. Сондықтан оларды пайдалану өте көп мөлшерде шығарғанда ғана тиімді болады. Гибридті интегралдық микросұлбаларда резисторлар, конденсаторлар мен индуктивті шарғылар төсеніштің үстіне әр түрлі әдіспен жұқтырылатын қабықшалардың көмегімен орындалады да, ал шала өткізгішті аспаптар төсенішке жеке-жеке бекітіледі. Осылайша дайындалған интегралдық микросұлбалар қорапшаның ішіне орналастырылады да, ал сыртына керекті ұштары ғана шығарылады. Гибридті интегралдық микросұлбалардың жасау технологиясы шала өткізгішті интегралдық микросұлбалардың технологиясына қарағанда оңай, элементтерге параметрлер беру дәлдігі жоғары, бағасы арзан. Бірақ массасы және көлемі үлкен де, интеграциялық дәрежесі төмен [1. 10б.].

Қазіргі интегралдық микросұлбалардың интеграциялық дәрежесі өте жоғары және функциялық қолданымы жан-жақты болып келеді. Интегралдық микросұлбалардың басты кемшілігі: 1) берер қуатының аздығы, шамамен, 50....100 мВт; 2) сұлбаларда әр түрлі элементтер болуы мүмкін. Бірақ әртүрлі элементтердің болғанына қарамастан олардың бір ғана транзисторлық технологисы өндіріске өте тиімді. Енді осы транзисторлық технологиямен жасалған бір сұлбаны мысалға алып көрсетейік.

Мұны 1-сурет бойынша түсіндіруімізге болады. Суретте көріп отырғанымыздай, сол жақта жасалған р-n ауысуы сыйымдылық рөлін атқарса, оң жақтағы р-n ауысуының р аймағы кедергі рөлін атқарады. Суреттің орталық бөлігінде диод пен транзистор орналасып, олардың өзара жалғасуы металл қабыршағымен, ал бір-бірімен алшақтануы тотық қабыршағымен қамтамасыз етілген. Мұндайда арнайы диэлектриктер іздеп, оның жасалу жолдарын талдап жатпай-ақ, кремнийдың өз тотығын пайдалану өндірісте өте пайдалы.

Қарастырылған монолиттік ИС-ның биполярлық транзистрының жасалу жолдары 2-суретте толығырақ көрсетілген. Осы технологиялық цикл бойынша бірінші кезекте Si бөліктері SiO –ден босатылып (фотолитография әдісімен), ол жерге диффузия арқылы басқа түрлі жартылай өткізгіш ендіріледі. 3-суретте алынған құрылымының бетіне эпитаксиялық, жоғары кедергілі қабат n-эпи өндіріліп, алынатын транзистор құрылымы қалған ортадан бөлу диффузиясының көмегімен оқшауланып бөлінеді.

Жоғарыда қарастырылған ИС-ны монолиттік дедік. Ал әр түрлі технологиялық әдістерінің күшімен тағы қандай ИС түрлерін алуға болады? Әрине, бірден ойға келетіні элементтерді жұқа қабыршық ретінде жасап тозаңдатсақ, сол металдың қасиетіне сәйкес белгілі бір кедергі алмаймыз ба?Осы металл қабыршағының әрбір квадратының, үлкенді-кішілігіне қарамастан, белгілі бір кедергісі болады екен. Олай болса осы квадраттарды қатарлап қоя отырып, қажетті кедергінің шамасын алуға болмас па екен? Мысалы, хром квадратының кедергісі 0,5 кОм.Егер бізге 10 кОм резистор керек болса, біз осы хром квадраттарының жиырмасын қатар қоюымыз керек. Ал осы жиырма шаршыны өзара қалай орналастырамыз? Қалай орналастырсақ тиімді болар еді? Бұл бізге қойылған келесі сұрақтың белгісі: орынды аз алу үшін оларды бірнеше қатар етіп немесе иректей орналастыруымызға болады.

Екі металл арасына диэлектрлік тозаңдатып, олардың ток тізбегін шығарсақ, конденсатор құрылымына келеміз, ИС-ларда конденсаторлар осылай да жасалынады. Байқап отырғанымыздай, шамасы үлкен кедергілер мен сыйымдылықтар жасау үшін кристалл бетінен көп орын алуымыз керек. Бұған индуктивтік жасаудың бір мақсаты, аз аумақты электрондық аспаптар жасау екенін есімізге алсақ,онда мынадай жалпылама тұжырымға келеміз: интегралдық сұлбалар дайындауда үлкен шамалы кедергілер, сыйымдылықтар және индуктивтіктер жасау интегралдық электроникаға өте тиімсіз. Қабыршақтық ИС-лар қабыршақ қалыңдығына байланысты екіге бөлінеді: жұқа қабыршақтық және қалың қабыршақтық.

Жұқа қабыршақтық ИС-лар жоғарыда айтылған тозаңдату тәсілімен жасалады. Ал қалың қабышақтық ИС жібектендіру тәсілімен жасалады. Соңғы әдістің мағынасы жібек мата үстінен сұйытылған металл массасы құйылып, матадан өткен массаның қабыршақ күйінде кристалл бетіне қонуында. Жұқа қабыршақ беретін тозаңдату әдісіне қарағанда қарапайым бұл әдіс өзіне сәйкес қалың қабыршақ қалдырып, сапасы шамалы элементтер береді [2. 137б.].

Қабыршақтық ИС дайындауға ең бір қиында, жауапты да іс-диод пен резисторлар жасау. Қаншама транзистор түрлері қарастырылғанмен, осы уақытқа дейін, дәйекті бір қабыршақтық транзистор жасалды деп айтуға болмайды. Осы жағдайда ИС-лардың гибридтік деген тағы бір түрінің пайда болуына әкеп соқты. Оның ерекшелігі-кедергі мен сыйымдылықтардың қабыршақ түрінде жасалынып,ал транзисторлар мен диодтардың жеке дара ілініп,кристалл бетінде орналасуында.

Интегралдық сұлбалардың транзисторлық технологиядан ауытқуына қарамастан, гибридтік деп аталған осы ИС өзінің элементтерінің жоғары сапалылығына байланысты өндірісте, әсіресе аз сериялы арнайы сұлбаларда жиі-жиі қолданылып жүр. Оның себебі,өзінің жасалуында күрделі құралдар қажет етпеуі [3. 256б.].

ИС-лардың келесі түрін біріктірілген деп атайды. Оның себебі, жартылай өткізгіштік электрондық аспаптар кристаллдың ішінде жасалынып, ал кедергі, сыйымдылық сияқты элементтер кремний кристалының бетінде, қабыршақ күйінде орналасады. Осының арқасында біріктірілген ИС-лар монополиттік ИС-лардың да,қабыршақтық ИС-лардың да артықшылығына ие болады. ИС-лардың пайдаланылған элементтеріне қарай биополярлық және униполярлық болып бөлінетінін де ескерген жөн. Өрістік транзисторлардың ерекшеліктерін еске түсіре отырып, униполяр ИС-лардың аумағының аз,ал жасалу технологиясының оңай екенін білуімізге болады. Сондықтан да кейінгі шығып жатқан ИС-лар негізінен униполярлық болып табылады. Болашағы бар ИС-лар қатарына интегралды инжекциялы логикалық схемалары жатады. Олардың артықшылығы – өте төмен деңгейлі ток көздерімен жұмыс істей алатындығы.

Күрделілігіне қарай ИС-ларды кіші, орта, үлкен, өте үлкен деп те жіктеуге болады. Бұлай болып бөлінуі интеграды микросұлбалардың ішіндегі қарапайым элементтер санына байланысты. Мысалы, интегралды микросұлбалардың ішіндегі элементер саны 10-ға дейін болса, ол кіші ИС-лар қатарына жатады, ал егер 100-ге дейін болса, орта, 1000-ға дейін болса, үлкен, ал егер 1000-нан асатын болса, өте үлкен интегралды микросұлбалар қатарына жатады. Әрине, бұл бөлініс шартты түрде көзге көрінетіндей етіп жасалынған [5, 101б.].

Жартылай өткізгішті микросұлбалардаы жасау үшін монокристалды кремний қажет керек деп айтқан болатынбыз. Енді соларды жасау үшін оның құрамында бор, сурьма, фосфор, алюминий, мышьяк, алтын болу керек. Олардың қолданылуы кезінде құрамы өте таза болуы қажет. Құрамы бойынша оларға мынадай міндеттер қойылған: біріншіден, олар өте төзімді болу керек, екіншіден, химиялық реганаттарға қарсы тұруы қажет. Сол себепті әр құрылымның құрамын, төзімділігін дұрыс есептеп, біліп отыруымыз қажет. Бұл үшін мына кестені қолданамыз:

Интегралды микросұлбаның қазіргі таңдағы жабдықтарға сәйкес келуі мына параметрлердің негізіндн жасалу қажет:

Гибидті микросұлбаның өлшемі 16х8х3 мм.

Ішкі әсеріне сипаттама: қоршаған ортаның тұрақты температурасы +40±10 С;

Салыстырмалы ылғалдылығы 30...85% мынадай температурада +25 С;

Тербелмелі жүктемесі 10-2000 Гц жоғарғы жүктемемен 10-20 g;

Ауаның қысымы 85,0...106,7 кПа (650...80мм. сын. бағ.) [4. 142б.].


(1-сурет. 1-бетке 5-абзацтан кейін)


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет