90
Инженерлік графика (сызба геометрия) пəні негізгі екі есептерді шешумен
айналысады. Бұл есептерді позициялық (тұрғылықты) жəне метрикалық
(өлшем) есептер деп атайды.
Позициялық есептер дегеніміз - геометриялық фигуралардың сызбалары
арқылы олардың кеңістіктегі өзара орналасуын анықтайтын есептер.
Позициялық есептер түрлеріне нүкте мен түзудің, түзу мен түзудің, нүкте
мен жазықтықтың, түзу мен жазықтықтың, жазықтық пен жазықтықтың,
жазықтық пен дене бетінің, екі дене бетінің өзара орналасу есептері жатады.
Ал, метрикалық есептер дегеніміз - геометриялық фигуралардың сызбалары
арқылы олардың кеңістіктегі өзара қашықтықтарын, арасындағы бұрышы мен
ауданын, нақты шамасын т.с.с жағдайын анықтайтын есептер.
Достарыңызбен бөлісу: