График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет92/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

§ 14.3 Құрастыру сызбасы
Бұйымдардың кескіндері жəне оларды құрастырып тексеруге арналған 
мəліметтер көрсетілген сызбалар құрастыру сызбалары деп аталады. 
Құрастыру сызбасында бұйым өзінің құрамына енетін барлық тетіктермен 
қоса құрастырылған күйінде кескінделеді. Ең алдымен, əрбір жеке тетік өзінің 
сызбалары бойынша жасап шығарылады. Жасап шығарылған тетіктерден 
құрастыру сызбасы бойынша тұтас бұйым жиналады. Төмендегі суреттерде 
құрастыру бұйымы шұраға (вентиль) енетін тетіктердің суреттері мен 
сызбалары көрсетілген. 
Шұра дегеніміз – сұйық немесе газдың ағысын қажеттілігіне қарай 
тоқтатып, яғни реттеп (азайтып, көбейтіп) отыратын торап. 
Құбырларға жалғанған құрамының ішінде тұтқа арқылы қозғалысқа келіп, 
ашылып, жабылатын желбезек болады (274-сурет).
Сөрелер жіңішке сызықтармен қосылады. Мысалы: бұрамасұқпа, сомын 
жəне тығырық.
Реттік нөмірін белгілейтін сандар мемлекеттік стандарт бойынша алынып, 
сызба шрифтісінен ірілеу жазылады.
274 -
сурет


248
Төмендегі cуреттерде шұраның бұйымға кіретін жекеленген тетіктері мен 
сызбалары көрсетілген. Тетіктердің сызбаларында қандай кескіндер болса, 
құрастыру сызбасына да кіретін тетіктер, көрі-ністер, тіліктер жəне қималар 
болады. 
Көріністерді тетіктер сызбасындағы сияқты проекциялық байланыста 
орналастырады. Осы сызбалар бойынша тетіктер жасалады, ал тетіктерден 
(шұра) бұйым құрастырылады. 275-суретте тұрықтың (корпус) көрнекі кескіні 
мен сызбасы көрсетілген. 
Бүрлеуленген сомын көрнекі кескіні мен сызбасы 276-суретте көрсетілген.


249
Төмендегі 277-суретте шұраның бір бөлшегі – 
қақпақтың
суреті мен 
сызбасы берілген.
278-сурет


250
278-суреттегі сояуыштың суреті мен сызбасы. Сояуыштың атқаратын 
қызметі – жүрістік бұранда арқылы тұтқаның көмегімен ілгері-кері қозғалысқа 
келтіріп тұру.
279-суретте сояуыштың басына кигізілетін тұтқаның суреті мен сызбасы 
көрсетілген. 
Құрастыру сызбасында, негізгі көріністерден басқа, тетіктердің пішіні 
(формасы) мен олардың бұйымдағы орнын жақсы бейнелеу үшін қосымша
көріністер қолданылады. Құрастыру сызбасындағы А ұштығы көрсетіліп 
тұрған көрініс жеке орындалған. Бұл тұтқаның үстінен қарағанда толық 
пішінін көрсетеді. 280-суретте құрастыру сызбасының А2 пішіміне 
орындалғаны көрсетілген.
Құрастыру сызбасындағы тетіктер біріктіріліп тұрған тетіктерді анық 
көрсету үшін тіліктер мен қималар орындалады. Құрастыру сызбасында əр 
бағытта штрихтауды қолдану тіліктерді орындаған кезде сызбаларды оқуды 
оңайлатады, көршілес тетіктерді бір-бірінен штрихтау бағытына қарап, 
айырмашылығын білдіруге мүмкіндік туғызады. Егер тілікке үш жəне 
одан да көп тетік енетін болса, онда штрихтау сызықтарының арасындағы 
қашықтықты өзгертуге болады, штрих сызықтардың арасын жиі немесе сирек 
сызықтармен сызуға болады. 
Құрастыру сызбасына сəйкес сипаттізімді жасау қажет.
Сипаттізімде құрастыру сызбасына кіретін құрама тетіктер тізімі 
толтырылады. Құрастыру сызбасына реттік сандарды дұрыс түсіру үшін 
барлық тетіктер ретімен орналасуы керек. Реттік сандарды толтырылған 
сипаттізімге сəйкес қойылады. Сипаттізім 4-сызбасының белгілену графасын 
толтыру жолы мынадай: ҚС 000 Шартты белгі ҚС (құрастыру сызбасы), 
001, 002... - бұйымға кіретін тетіктердің белгілеу сандары жазылады.


251


252
Құрастыру сызбасы сипаттізімінің толтырылуы 281-суретте көрсетілген.


253


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет