241
Нобайды тетіктің нақты өзіне қарап отырып сызғанда, оны əр түрлі өлшеу
құралдарын пайдаланып, өлшеу үшін қолданады. Тетіктерді өлшеу үшін
əр түрлі құралдарды:
металл сызғыштар, кронциркуль жəне нутромерді
қолданады (269-сурет). Тетіктің ұзындығын металл сызғышпен өлшеуге
болады. Тесіктің ішкі диаметрін өлшеу үшін – нутромер, цилиндрлік өзектің
диаметрлерін өлшеу үшін кронциркуль пайдаланылады. Нутромер жəне
кронциркульмен алынған өлшемді сызғыш бойынша есептейді.
Тетікті дəлдікпен өлшеу үшін, штангенциркуль құралын қолдану өте
қолайлы (270-сурет). Штангенциркульмен өте дəл,
миллиметрдің оннан бір
жəне жүзден бір үлесіне дейін өлшенеді. Ол бірден сызғыштың да, нутромердің
242
де жəне кронциркульдің де орнына қолданылады. Штангенциркульмен тетік
бойындағы шұңқырдың тереңдігін де өлшеуге болады.
1. Нобай сызбасын орындағанда, ең алдымен салынатын сызбаның
берілген көріністер
мен шартты белгілері бойынша, тетіктің сыртқы жəне
ішкі пішінін мұқият қарап алып, сызбадағы өлшемдер мен жазуларды анықтап
біліп алу шарт. Берілген тетіктің пішімін толық анықтап, масштабты сайлап
алғаннан кейін пішімді тағайындайды. Нобай сызуын бастағанда тетікпен
мұқият танысып алу қажет.
Жан-жағынан қарап алып, геометриялық пішінін
анықтап, шұңқырлар мен тесіктерін тауып, ұғып алу керек. Тетіктің пішіні
туралы толық түсінік беру үшін көрініс, тілік жəне қималар таңдап алынады.
Алдыңғы көріністі таңдауға ерекше көңіл аудару керек. Алдыңғы көрініс
тетіктің ішкі жəне сыртқы пішіні мен өлшемдері туралы толық мəлімет беруге
тиіс. Нобайда Ø жəне
Сызбаның рамкасы
мен негізгі жазудың орны
сызылады. Кескіндер сызба қағазына біркелкі орналастырылып, бөлшектің
айналу осьтері мен симметрия осьтері салынады. Көріністің тұрпатын
шектейтін габариттік тік бұрышты сызықтар жүргізіледі. Мүмкіндігінше
толық мəлімет беретін алдыңғы (басты) көріністі, тілікті жəне қиманы таңдап
алу керек.
2. Тетіктің көрінетін сыртқы контурын жуан
сызықпен көріністе бастыра
жүргізеді.
3. Тетіктің көрінбейтін бөліктері үзік сызықтармен сызылады. Тілік пен
қима орындалған жерді штрихтайды.