193
Бөлшектің бірнеше бірдей оңашаланатын қималарының қиюшы
жазықтықтары бір əріппен белгіленеді. Мұндайда тек бір қима фигурасы ғана
сызбада көрсетіледі. Егер мұндағы қиюшы жазықтық түрлі бұрыш жасап
бағытталса, онда «бұрылған» деген сөз сызбада жазылмайды.
Əдетте қима фигурасы өзіне сəйкес көрініс қандай масштабта орналасса, ол
да сондай масштабта сызылады. Ал, өлшемдер қимада қажет болса түсіріледі.
Тетікбөлшектің қималары бірдей болуы мүмкін. Осы секілді бірдей
қималар үшін қима сызықтарын да бірдей əріптермен белгілейді жəне бір қима
сызылып, бірнеше қиюшы жазықтықтармен орындалуы мүмкін (
181
-сурет).
1. Қима дегеніміз не? Қималар қалай бөлінеді?
2. Қандай жағдайда қимаға жазу қоса жазылады?
3. Қабаттасқан жəне оңашаланған қиманың айырмашылығы неде?
4. Қима мен тіліктің айырмашылығы неде?
5. Қиманың орындау тəсілдерін айтыңыз.
6. Қандай жағдайда қимаға бұру белгісі қойылады?
7. Қима сызбада қалай көрсетіледі?
Достарыңызбен бөлісу: